Келісемін: Оқу бөлімінің әдістеме жөніндегі орынбасары Э. Рашидова 2017 жыл, «14» желтоқсан



Дата06.07.2018
өлшемі1,85 Mb.
#47992
КЕЛІСЕМІН:

Оқу бөлімінің әдістеме жөніндегі

орынбасары ______ Э.Рашидова

2017 жыл, «14» желтоқсан


Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігі

БІЛІМ САЙЫСЫ ТАҚЫРЫБЫ:



Сыныптар: 10 А; 10 Б; 10 В; 10 Е

Өтілетін күн: 14.12.2017ж.

Өтілетін орны: №8 кабинет

Пән мұғалімі: Б. Козбагарова

ӘБ жетекшісі:_______ Ұ.Түменбай


2017-2018 оқу жылы
Мақсаты: Өткен тақырыптарды қайталау; жүйелеу; ұландардың білімін тереңдете түсу; сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; ұландар бойына көшбасшылықты және білім бәсекелестігін дарыту.

Тәрбиелік мәні: Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі – «Аламан» бәйгесінің өзіндік ерекшеліктерін біліп, спорт ойындарына қызығушылықтарын арттыру.

Дамытушылық: Топпен жұмыс істеу барысында ұйымшыл, жеңімпаз, озық және білімді, дарынды болуға бағыттау; ізденімпаз қасиеттерін дамыту; өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру; алған білімін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету.

Көрнекілігі: «Аламан» бәйгесі слайды, тірек-сызбалар, сұрақтар жинағы, кеспе қағаздар

Түрі: Сайыс сабақ

Пәндермен байланысы: Қазақ әдебиеті, тарих, қоғамтану, әлеметтану, саясаттану, география, денешынықтыру, математика, ағылшын тілі

Қолданылатын әдіс-тәсілдер түрі: Сұрақ-жауап, баяндау
Сыныптан тыс сабақтың өтілу барысы мен мазмұны:
Алпамыстың Байшұбары, Қобыландының Тайбұрылы, Қамбар батырдың Қара қасқа аты, Ертарғынның Тарланы аламан бәйгесіне түседі.

Топтардың кезегі жеребе арқылы анықталады.


I кезең: «Бәйге»

II кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»

III кезең: «Қасиетті жеті саны»

IY кезең: «Ой қозғау»

Y кезең: «Жорға»
I кезең: «Бәйге»
Бұл кезеңде берілген сұрақтарға дұрыс, толық жауап берулеріңізід талап етеміз. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай алуға болады. Сонымен бәріңізге табыс тілеймін.

1-топқа арналған сұрақтар:

  • Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі қашан жарияланды?

(1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жарияланды.)

  • Тұңғыш рет ғарышқа қазақ және қашан ұшты?

(1991 жылы 2-қазанда қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарыш сапарына аттанды.)

  • Қашан Президент Ақмола қаласын «Астана» деп атауға жарлық шығарды?

(Президент Н.Ә.Назарбаев 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласын «Астана» деп атауға жарлық шығарды.)

  • Қазақ тілі түркі тілдері тіл туыстығының қай тобына жатады?

(Қазақ тілі түркі тілдері тіл туыстығының қыпшақ бұтағы тобына жатады.)

  • Қай жылы ЮНЕСКО деңгейінде Түркістан қаласының 1500 жылдығы атап өтілді?

(2000 жылы ЮНЕСКО деңгейінде Түркістан қаласының 1500 жылдығы атап өтілді.)
2-топқа арналған сұрақтар:

  • 1992 жылы 30-қыркүйекте дүниежүзі қазақтары үшін қандай атаулы күн болды?

(1992 жылы 30-қыркүйекте дүниежүзі қазақтары құрылтайы болды.)

  • Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы кім?

(Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев – Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы.)

  • 1999 жылдың шілде айында елордамыз ЮНЕСКО-ның қандай сыйлығының иегері болды?

(1999 жылдың шілде айында елордамыз ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығына ие болды.)

  • Түркі тілдері тіл туыстығына қарай неше топқа бөлінеді?

(Түркі тілдері тіл туыстығына қарай 6 топқа бөлінеді.)

  • Қазақ халқының тіл атасы кім?

(Тіл атасы – Ахмет Байтұрсынов.)

3-топқа арналған сұрақтар:

  • Қазақстан Республикасының төлқұжатын азаматтарға беру қашан басталды?

(Қазақстан Республикасының төлқұжатын азаматтарға беру 1995 жылы 27-ақпанда басталды.)

  • Үстіміздегі жыл, яғни 2012 жылдың 12-сәуірінде адамның алғаш ғарышқа ұшуына қанша жыл толады және ең бірінші ғарышқа ұшқан адамның аты?

(2012 жылдың 12-сәуірінде адамның алғаш ғарышқа ұшуына 50 жыл толады. Ең бірінші ғарышкер адам – Юрий Гагарин.)

  • 1929-1997 жылдары Қазақстанның астанасы қай қала болған?

(1929-1997 жылдары Қазақстанның астанасы Алматы қаласы болған.)

  • Қазақ тілі түркі тілдері орналасу аймағының қай тобында болды?

(Қазақ тілі түркі тілдері орналасу аймағының орталық тобында болды.)

  • Қазақ халқының тұңғыш авторы кім және кітабы қалай аталды?

(Қазақ халқының тұңғыш авторы – Ыбырай Алтынсариннің кітабы

«Қазақ хрестоматиясы».)



4-топқа арналған сұрақтар:

  • Қазақтың ХIХ ғасырдағы ғалымы кім?

( Қазақтың ХIХ ғасырдағы ғалымы – Шоқан Уәлиханов.)

  • Қай жылы Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығы аталып өтілді?

(2004 жылы Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығы аталып өтілді.)

  • Қазақтың тұңғыш генералы кім және өмір сүрген жылдары?

(Қазақтың тұңғыш генералы – Сабыр Омарқұлұлы Рахымов 1902-1945 жылдары өмір сүрген.)

. Ғашықтық, сүйіспеншілікке арналған «Балқадиша» өлеңінің авторы кім? (Ақан сері)

. Ы.Алтынсариннің үш адамның диалогіне құрылған әңгімені атаңыз? («Таза бұлақ»)

II-кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»

Мұнда сіздерге қазақша, орысша, ағылшынша дұрыс айтумен қатарқатесіз жазуларыңыз тексеріледі. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін.


1-топқа арналған тапсырма:

  • Әр түрлі аспаптарда ойнайтын музыканттардың үлкен тобы – ....... .

(оркестр; оркестр; оrchestra).


  • Төртінші мүшел жас ......... (қырық тоғыз жас; сорок девят лет; forty nine years old).




  • Қазақ әліпбиінде ............ дауыссыз дыбыс бар. (жиырма алты; двадцать шесть; twenty six ).


2-топқа арналған тапсырма:

  • Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі (көктем; весна; spring).




  • Бірінші мүшел жас ........... (он үш жас ; тринадцать лет; thirteen years old).




  • Қазақ әліпбиінде ...... әріп бар.(қырық екі; сорок два; forty two)


3-топқа арналған тапсырма:

Футбол алаңындағы ойын заты .... (доп; мяч; ball).





  • Қазақ тіліне тән әріп ...... . (тоғыз; девят; nine).




  • Ұшқан ... , жүгірген аң. (құс; птица; bird)


4-топқа арналған тапсырма:

  • ....... – білім бұлағы. (Кітап; Книга; Book).

  • .... – жеті қазынаның бірі, үйді қорып жүреді. (Ит; Собака; Dog)

  • Әр адамның шағын Отаны – ....... (отбасы; семья; family).



III-кезең: «Қасиетті жеті саны»

Бұл кезеңде сіздер өздеріңіз таңдап алған билет сұрақтарына жауап бересіздер. Билет екі сұрақтан тұрады. Билеттің дұрыс жауап берген әр сұрағына 15 ұпайдан тиеді. Егер билеттегі берілген екі сұраққа да жауап дұрыс айтылса, онда 30 ұпайды иеленесіздер. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін.


1-билет сұрақтары:


  • Жеті қазынаны ата.

  • Жеті күн (бүгін, ертең...)


2-билет сұрақтары:


  • Жеті жұтты ата.

  • Жеті ата. (жасы кішіден үлкенге қарай атау)


3-билет сұрақтары:

  • Жеті судың атауы.

  • Жеті ата (жасы үлкеннен кішіге қарай)



4-билет сұрақтары:

  • Жеті ырыс:

  • Аптаның жеті күні



1-билет жауаптары:

  • Жеті қазына: 2. Жеті күн:

  • Қақпан. 1. Бүгін.

  • Майланған ау. 2. Ертең.

  • Өткір кездік. 3. Бүрсігүні.

  • Жүйрік ат. 4. Арғы күн.

  • Қыран бүркіт. 5. Ауыр күн.

  • Берен мылтық. 6. Соңғы күн.

  • Жүйрік тазы (ит). 7. Азына.

2-билет жауаптары:

  • Жеті жұт: 2. Жеті ата:

  • Құрғақшылық. 1. Бала.

  • Жұт (мал қырылу). . 2. Әке.

  • Өрт. 3. Ата.

  • Оба (ауру). 4. Арғы ата.

  • Соғыс. 5. Баба.

  • Топан су. 6. Түп ата.

  • Зілзала (жер сілкіну). 7. Тек ата (ататек).


3-билет жауаптары:

Жеті су : 1. Жеті ата (жасы үлкеннен кішіге қарай):

  • Ақсу 1. Әке

  • Көксу 2. Бала

  • Қаратал 3. Немере

  • Сарқан 4. Шөбере

  • Іле 5. Шөпшек

  • Лепсі 6. Немене

  • Шу 7. Туажат


4-билет жауаптары:

Жеті ырыс: Аптаның жеті күні:

  1. Ақыл, ой 1. Дүйсенбі

  2. Денсаулық 2.Сейсенбі

  3. Ақ жаулық 3. Сәрсенбі

  4. Бала 4. Бейсенбі

  5. Көңіл 5. Жұма

  6. Жер 6. Сенбі

  7. Ит 7. Жексенбі


IY-кезең: «Ой қозғау».

Бұл кезеңде топтың тапқырлығы мен жылдамдығы қажет. Қазақ тілінің лингвистикасы бойынша екі тапсырма беріледі. Алғашқы дұрыс, жылдам орындаған топқа 40 ұпай, екінші орындаған топқа 30 ұпай, соңынан орындаған топқа 20ұпай беріледі.



1-топ тапсырмалары:

  • Зат есіммен келген антоним сыңарларын тап.

Өтірік-....(шын).

Обал-...(сауап).

Алғыс-....(қарғыс).

Рахат-...(бейнет).

Сор-...(бақ).

Өмір-... (өлім).



  • Берілген сөздерді тұрақты сөз тіркестермен алмастыр.

  • Өкінді (Бармағын тістеді).

  • Бассыздық, тәртіпсіздік (Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ).

2-топ тапсырмалары:

  • Сын есіммен келген антоним сыңарларын тап.

Ауыр-...(жеңіл).

Кең-... (тар).

Ыстық-... (суық).

Жас-...(кәрі).

Артық-...(кем).

Аш-...(тоқ).





  • Берілген сөздерді тұрақты сөз тіркестермен алмастыр.

  • Момын (Қой аузынан шөп алмас).

  • Бәле іздеу (Тырнақ астынан кір іздеу).


3-топ тапсырмалары:

  • Етістікпен келген антоним сыңарларын тап.

Озу-...(қалу).

Кету-...(келу).

Қону-... (ұшу).

Шашу-... (жию).

Ашу-....(жабу).

Кіру-... (шығу).



Берілген сөздерді тұрақты сөз тіркестермен алмастыр.

  • Алдану (Сақалын сипап қалу).

  • Қатыгез (Тас жүрек).


4-топ тапсырмалары:

Пайда-... (зиян).

Күн-...(түн).

Арық-...(семіз).

Оңай-...(қиын).

Күлу-...(жылау).

Сату-...(алу).


  • Берілген сөздерді тұрақты сөз тіркестермен алмастыр.




  • Алдап кету (Мұзға отырғызып кету).

  • Жек көрінішті көріну (Көзге сүйел болу).


Көрермендер көрімдігі ойнатылады.

Көрермендерге жұмбақ жасырылады.



  • Бір кітаптың парағы,

Күнде азайып барады. (Күнтізбе.)

  • Бір тайға үш ағасы мінгесіп жүр,

Екі ағасы ілесіп жүр. (Қалам мен бес саусақ.)

Y-кезең: «Жорға».

Берілген әріптермен сөз құра.


1-топ

Адам сүреді? (Өмір)

Мектептің ... (мөрі).

Алба-жұлбасы шыққан, үсті ...-... (өрім)


2-топ

Астана ең әсем - ... (қала)

Ол ...-жұлақ қарады(алақ)

Балықтың аты? (лақа)


3-топ

Ақыл, ой... (сана)

Цитрус жемісін тап? Ан.. (анас)

Үсеннің сыңары? (Асан)


4-топ

Бүгіннен бұрын өткен күн? (кеше)

«Есек» сөзінің диалекті? (ешек)

Маңдай-...-сі торсықтай (шеке)


ҚОСЫМША
Бұл кезеңде 15 сұрақтың қаншасына жауап берулеріңізге қарай ұпай жинауға болады. 1 сұрақ 1ұпай болып есептеледі. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін.


1-топ сұрақтары:

  • Басты байлық – (денсаулық).

  • Қара алтын – (мұнай).

  • Ел басқару саласындағы ең жоғары лауазымды тұлға – (Президент).

  • Ұя салмайтын құс (көкек).

  • Он екі ай (жыл).

  • «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы (Ыбырай Алтынсарин).

  • Абайдың әжесі (Зере).

  • Көру мүшесі (көз).

  • Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі (карта).


2-топ сұрақтары:

  • Үлкенге – құрмет, (Кішіге – ізет).

  • Ақ алтын (мақта).

  • Бір заттың көлемін кішірейткенін көрсететін сан (масштаб).

  • Адам денесінің тірегі – (қаңқа).

  • Үкіметті кім басқарады? (Премьер-министр.)

  • Орман дәрігері – (тоқылдақ).

  • «Менің атым Қожа» авторы (Бердібек Соқпақбаев).

  • Қырғызстан астанасы (Бішкек).

  • Заттың қимылын білдіретін сөз табы (етістік).



3-топ сұрақтары:

  • «Отанды сүю» неден басталады? (Отбасынан.)

  • Жүз жасаған қазақтың ақыны (Жамбыл).

  • «Үміт еткен көзімнің нұры, балам» өлеңінің авторы кім? (Балғожа Жаңбырұлы.)

  • Абайдың шын аты (Ибраһим).

  • Қазақ үшін екінші Абай кім? (Мұхтар Әуезов.)

  • Астана қаласының рәмізі (Бәйтерек).

  • Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі? (Бес).

  • Қазақта тұңғыш академик атағын алған ғылым адамы (Қаныш Имантайұлы Сәтбаев).

  • Қазақтың темір генералы (Сабыр Рахымов)



4-топ сұрақтары

  • Біржанмен айтысқан қыз (Сара).

  • Қобыланды тұлпарының аты (Тайбурыл).

  • «Отырар сазы» ұлттық аспаптар оркестрінің дирижері кім болған? (Нұрғиса Тілендиев.)

  • Орхон-Енисей ескерткіш жазбаларының таңбасы (руна).

  • 16-желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік күні)

  • Ұлы Отан соғысында Рейхстагқа жеңіс туын тіккен тұңғыш қазақ (Рахымжан Қошқарбаев).

  • «Көшпенділер», «Алмас қылыш» романдарының авторы (Ілияс Есенберлин).

  • «Вальс падишасы» (Шәмші Қалдаяқов).

  • Қазақстан Швецариясы (Көкшетау)



Жеңімпаз топты анықтау, қорытындылау, құттықтау.


«Жеті жұрттың тілін біл»

  • Әр түрлі аспаптарда ойнайтын музыканттардың үлкен тобы – .....................

( )

  • Төртінші мүшел жас ................................................

( )

  • Қазақ әліпбиінде .........................................................дауыссыз дыбыс бар.

( )

«Жеті жұрттың тілін біл»

  • Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі – ..........................

( )

  • Бірінші мүшел жас – ....................................................

( )

  • Қазақ әліпбиінде .......................................................... әріп бар.

( )

«Жеті жұрттың тілін біл»

  • Футбол алаңындағы ойын заты – ........................................

( )

  • Қазақ тіліне тән әріп – .........................................................

( )

  • Ұшқан ......................... , жүгірген аң.

( )


«Жеті жұрттың тілін біл»

  • ...................... – білім бұлағы.( )

  • .................... – жеті қазынаның бірі, үйді қорып жүреді.

( )

  • Әр адамның шағын Отаны – ................................................

( )


«Қасиетті жеті саны».

Билет сұрақтары:

  • Жеті қазынаны ата.

  • Жеті күн.


«Қасиетті жеті саны».

Билет сұрақтары:

  • Жеті жұтты ата.

  • Жеті ата (кішіден үлкенге қарай) .


«Қасиетті жеті саны».

Билет сұрақтары:

  • Жеті судың аттары.

  • Жеті ата (үлкеннен кішіге қарай).



«Қасиетті жеті саны».

Билет сұрақтары:

  • Жеті ырыс.

  • Аптаның жеті күні


«Ой қозғау»

  • Зат есіммен келген антоним сыңарларын тап.

Өтірік-

Обал-


Алғыс-

Рахат-


Сор-

Өмір-


  • Берілген сөздерді тұрақты сөз тіркестермен алмастыр.




  • Өкінді;

  • Бассыздық, тәртіпсіздік .


«Ой қозғау»

  • Сын есіммен келген антоним сыңарларын тап.

Ауыр-

Кең-


Ыстық-

Жас-


Артық -

Аш-




  • Берілген сөздерді тұрақты сөз тіркестермен алмастыр.




  • Момын;

  • Бәле іздеу.


«Ой қозғау»


  • Етістікпен келген антоним сыңарларын тап.

Озу-

Кету-


Қону-

Шашу-


Ашу-

Кіру-




  • Берілген сөздерді тұрақты сөз тіркестермен алмастыр.




  • Алдану;

  • Қатыгез.



«Ой қозғау»
Пайда-... (зиян).

Күн-...(түн).

Арық-...(семіз).

Оңай-...(қиын).

Күлу-...(жылау).

Сату-...(алу).



  • Берілген сөздерді тұрақты сөз тіркестермен алмастыр.




  • Алдап кету (Мұзға отырғызып кету).

  • Жек көрінішті көріну (Көзге сүйел болу).

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет