«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде
«Қарағанды гуманитарлық колледжі» КМҚК 2017 жылдың 8 желтоқсанында «Алаш қозғалысына 100 жыл: АЛАШ ИДЕЯСЫ – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ БЕРІК ТҰҒЫРЫ» тақырыбында қалалық ғылыми-танымдық конференцияға қатысу туралы
СҰРАНЫС
|
Баяндамашының тегі, аты-жөні (толығымен)
|
|
|
Мекемесі
|
|
|
лауазымы
|
|
|
Мекен-жайы (индексі көрсетілуі міндетті)
|
|
|
Телефон, электронды пошта, факс
|
|
|
Баяндаманың тақырыбы
|
|
|
Секцияның атауы
|
|
|
Керекті техникалық құралдар
|
|
|
Қатысу формасы (күндізгі )
|
|
|
Секция мәжілісінде баяндамамен сөз сөйлеуді
қалаймын
|
|
|
Конференцияда тыңдаушы ретінде қатысуды
қалаймын
|
|
Басшы:
М.о.
Қосымша_2____Мақаланы_ресімдеу_үлгісі'>Қосымша 2
Мақаланы ресімдеу үлгісі
ӘОЖ (10 пт.)
АЛАШОРДА АРМАНЫНЫҢ БҮГІНГІ КӨРІНІСІ-ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН (12 пт.)
Шалабаев Ж. (12 пт.)
«Қарағанды гуманитарлық колледжі» КМҚК, Қарағанды қаласы (12 пт.)
Резюме: (11 пт.) 150-250 сөз
Кілттік сөздер: 7 сөзден кем емес
Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні [1]. ... Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні [2]. ... Мақала мәтіні [3] ... Мақала мәтіні. (12 пт.)
Қолданылған әдебиет (12 pt.)
|
Конференция аясында 8-9-сынып оқушылары үшін төменде
көрсетілген екінші бағытта іс-шара өтеді:
«Рухани жаңғыру – өскелең ұрпақтың дара жолы» тақырыбында эссе жазу (8-9-сынып оқушылары үшін). (ЕРЕЖЕ Қосымша 3-де ұсынылады);
Қосымша 3
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде
«Қарағанды гуманитарлық колледжі» КМҚК 2017 жылдың 8 желтоқсанында «Алаш қозғалысына 100 жыл: АЛАШ ИДЕЯСЫ – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ БЕРІК ТҰҒЫРЫ» атты қалалық ғылыми-танымдық конференция аясында өтетін «Рухани жаңғыру – өскелең ұрпақтың дара жолы» тақырыбында эссе жазу
Ережесі
Эссе мақсаты:
Өскелең ұрпақтың шығармашылық-танымдық қабілеті мен зияткерлік әлеуетінің дамуына ықпал ету.
Эссе міндеті:
Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру;
Қатысушылардың шығармашылық және қоғамдық белсенділіктерін арттыру;
Қатысушыларды мемлекеттік қоғамдық маңызды іске жұмылдыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Эссе жазуға қатысушылар:
8-9 сынып оқушылары қатысады.
Өткізілу мерзімі мен уақыты: 08.12. 2017 ж, тіркеу сағ. 09:00. Басталуы сағ:10:00
Конференция тілдері: қазақ тілі, орыс тілі,ағылышын.
Эссені бағалауға қойылатын талаптар:
Қатысушылар берілген тақырыптардың ішінен біреуін таңдап, 200 -250 сөзден тұратын эссе жазады. Жазылған эссе жұмысы жалпы 100 балмен бағаланады. Эссеге 2 астрономиялық сағат беріледі. Қатысушылар шимай парақты қолдана алады.
Эссе жазуда мына құрылым сақталуы тиіс: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Кіріспеде эссе тақырыбы (басты мәселесі) анық көрініп тұруы керек (көлемі – 1 абзац). Негізгі бөлімде эссе тақырыбы дәлелдемелер көмегімен ашылуы тиіс: 1 пікір – 1 дәлел (мысал) – 1 абзац (барлығы - 3 абзац). Тақырыпқа сәйкес теория, фактілер, идея, ақпараттар, параллелдеу, аналогия, ассоцация, теңеу, сұрақтар қою, т.б. қолданып, дәлелдеу (аргументация) қолдануға болады.
Қорытынды бөлімде тұжырымдар жасалуы тиіс, эссенің басты идеясын беруге де болады (көлемі – 1 абзац).
Эсседе сіздің өзіндік азаматтық ұстанымыңыз байқалуы қажет.
Тілдік тұрғыдан рәсімдеу кезінде эсседе қыстырма сөздер мен сөз тіркестері (меніңше, менің көзқарасым бойынша, деп санаймын…), жекелеген стильдік тәсілдер (мысалы, инверсия, риторикалық сұрақ, синтаксистік алмастырулар, эпитеттер және т.б.) қолданылуы қажет. Эссе мәтінінде қазіргі қазақ тілінің орфографиялық және емле нормалары сақталуы тиіс.
Эссе балл қою жүйесімен төмендегі көрсеткіштер бойынша бағаланады:
Эссе тақырыбының сәйкестігі – 10 балл;
Мәселені берілген тақырып аясында нақты дәлелдемелермен шешу – 10 балл;
Жұмыстың академиялық стильде жазылуы – 10 балл;
Өзіндік тұжырымдардың берілуі – 20 балл;
Мағыналық тұтастық, ой байланыстылығы, мазмұндаудың жүйелілігі – 10 балл;
Ұсынылған тезистердің сауатты дәлелдемелермен дәйектелуі, түрлі көзқарастардың берілуі, мәселеге қатысты жеке бағалау – 20 балл;
Ұғымдар мен құбылыстарды талдау кезінде салыстыру мен жинақтау тәсілдерін қолдана алу қабілеті – 10 балл;
Жұмыс цитаталарды қолдану мен рәсімдеудің талаптарына жауап береді, мәтінде қазақ тілінің лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық және стилистикалық нормалары, орфография мен пунктуация ережелері сақталған – 10 балл.
Марапаттау
Конференция қорытындысы бойынша барлық мұғалімдерге қатысқаны үшін Алғыс хат беріледі.
Эссе жазу байқауына қатысқан оқушылардың үздік деп табылған жұмыстары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.
Байқаудың қорытындысы http://kargoo.gov.kz, http://kgk.kz. сайттарында жарияланады.
.
Барлық сұрақтар бойынша конференцияның ұйымдастыру
алқасына хабарласуыңызды сұраймыз:
100000, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Бейбітшілік гүлзары , 22-үй
Анықтама телефондары: 8(7212)41-16-92, факс 8(87212)561270
87014627603, 87789248275 (Ұйымдастыру комитеті)
E-mail: kargummetod@mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: |