Келісілді Бекітемін «Жалпы білім беру пәндері»



бет2/3
Дата04.05.2024
өлшемі79,48 Kb.
#201743
1   2   3
Байланысты:
«Жаңа ақпарат-Жаңа әлем»

«Физиктер» тобы 
Уа, халайық, халайық! 
Бәріңе жар салайық! 
Бүгінгі кеш төрінде, 
Физика елінде, 
Физика тілінде, 
Есеп шешіп жарысып, 
Жұмбақ шешіп аңдысып… 
Шабыттасып шалқысып, 
Есеппен ән салысып. 
Көңілді кеш жасайық, 
Жұмбақ шерді шашайық. 
Ат салысып аянбай, 
Бар өнерге басайық. 

«Математиктер» тобы 
Ғылымдардың патшасы атанған, 
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған, 
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа! 
Жасықтан емессің сен қаталдансың 
Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін 
Нағыз пән математика атанғансың 
Жас достар, 
Мұны жақсы ұғайық 
Математика ғылымы 
Құрметтеуге лайық 
Дүниедегі құбылыстың мәніне 
Табиғаттың, қозғалстың бәрінде 
Мүмкін емес есептерсіз түсіну 
Есебіңіз дүние кілті әлі де. 

Химия пәні:
Химияны оқу парыз әркімге,
Оқиды оны барлық елде,әр тілде
Химияныоқыңдар әр бөлімін.
Кездесер ол алдарыңнан әр күнде.
Химияны оқиық біз көңілмен,
Кездесер ол күнделікті өмірден.
Ақылымыз-химияны біліңдер!
Тап болар ол әр жерден,әр өңірден.
Жүрмейсің мұны білсең қате басып,
Атомдар жұмбақтарын тұрады ашып.
Бар элемент таңбасы осында тұр,
Сап құрап массаға сай қатарласып.
Кестеден түрлі- түстер көрінеді,
Бәрі де деңгейге сай өріледі,
Заң ортақ, период ортақ, топта ұқсас,
Заңдылық зарядтармен бөлінеді.
Сызу пәні




Периодтық жүйеге арнау

Элементтерді жүйелеуге әркімдер - ақ еңбек еткен


Ойлағаны орындалмай, еңбектері босқа кеткен
Заманында бар элементті топқа бөліп,
Заңдылықты ашуға Менделеевтің қолы жеткен
Ол заңмен жеті период орналасқан,
Тігінен сегіз топқа арна ашқан.
Толтырып сол арнаның бос орынын,
Бұл күнде бар элемент жүзден асқан.
Жүрмейсің мұны біліп, қате басып,
Атомдар жұмбақтарын тұрады ашып.
Бар элемент таңбасы осында тұр,
Сап құрап массаға сай қатарласып




1-жүргізуші:
Күміс көмей, жез таңдай,
Ән салса бейне бұлбұлдай.
Бұлбұлдай ән шырқаса,
Қалмайды ешкім таңданбай.
Қазір сіздердің назарларыңызға колледжіміздің «Сызу»пәнінің оқытушысы Құдабай Айаруды « » әнімен және әнге әсемдік қосатын «Математика»пән мұғалімдері Досан Бектай мен Абдукаримова Зиеданы студенттерімен бірге қарсы алыңыздар!


1-жүргізуші:
Данышпан жолмен жүрсең осындағы
Белгілі бір ғылымның ашылғаны
Ілімнің білу үшін сырын жетік
Ерінбей оқу керек химияны – дей отырып,кезекті химиялық реакциялардың жүру барысына назарымызды бұрсақ.


Келесі кезекті студенттерге арналып құрастырылған пән сұрақтарына назарымызды бұрсақ.Экранда барлығымызға белгілі тұлға « »
апталыққа қатысты 5пәннің сауалдарын оқиды.Тәртіпке бағына отырып,алғаш қол көтеріп жауап берген студент бағаланады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет