Сыныбы: 7 «б».
Күні: 13.03.17 жыл
Пән мұғалімі:Мурзабаева А.Б.
Наурыз-2017 жыл
Сыныбы: 7 «б». Орыс сыныптарына арналған сабақ жоспар.
Өткізілетін күні: 13.03.17 жыл
Пән мұғалімі:Мурзабаева А.Б.
Ашық сабақтың тақырыбы : «Наурыз көже».
Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Омоним, синоним, антонимдерді қайталау.
Мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға наурыз мейрамының ерекшелігі туралы мағлұмат бере отырып, наурыз көженің маңызын түсіндіру. Наурыз көженің жасалу жолын үйрету. Оқушыларға тапсырмалар беру арқылы омоним, синоним, антоним сөздер туралы түсініктерін байқау, біліктілік деңгейлерін байқау.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, қиялын дамыту. Сөздік қорын молайту. Дүниетанымдарын кеңейту. Топпен жұмыс жасау арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:
Оқушыларды еңбексүйгіштікке, Отансүйгіштікке тәрбие беру.
Әдіс - тәсілдер: «Ыстық орындық», «Мина алаңы» әдісі, топтастыру, түсіндіру, әңгімелеу әдістері.
Көрнекілігі: наурыз мерекесі туралы сюжетті суреттер, үлестірмелі мәтіндер, топшамалар, кестелер.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Оқыту нәтижесі: Мәтінді мәнерлеп оқиды, идеясын түсінеді;
Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы мағлұмат алады.
Ауызша сөйлеу, есте сақтау қабілеттері артады;
Топпен жұмыс жасауға белсенді қатысады.
Сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды түгелдеу.
Ә) Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығы.
Б) Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау. Шаттық шеңбері.
Армысың ба, алтын күн!
Армысың ба, көк аспан!
Армысың ба, достарым!
Ендеше, бір-бірімізге сәттілік тілеп, сабағымызды бастайық.
ІІ .Үй тапсырмасын сұрау.
«Ыстық орындық», «Мина» әдістерін қолданып, үй тапсырмасын сұрау.
22 - наурыз қандай мереке?
Қазақтың қандай ұлттық тағамдарын білесің?
22 – наурызды қалай атайды?
Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесің?
Наурыз сөзі қандай ұғымды білдіреді?
Қандай қазақтың салт дәстүрлерін білесің?
Омоним дегеніміз не?
Синоним дегеніміз не?
Антоним дегеніміз не?
Антоним сөздерге мысал айт.
Синоним сөздерге мысал айт.
Омоним сөздерге мысал айт.
*Оқушыларды түрлі - түсті жіптер арқылы екі топқа бөлу.
ІІІ . Жаңа сабаққа дайындық.
Мұғалім: Балалар, үстелдегі суретке назар аударыңдар. Сіз қалай ойлайсыз бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?
Суретке қарап орырып «Наурыз көже» деп жауап береді.
Жарайсыңдар, балалар! Дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күннің жадын жазыңыз.
Он үшінші наурыз
Сынып жұмысы
Наурыз көже.
*Кестемен жұмыс. Үстелдегі кестені толтыру керек. Жалпы осы тақырып аясында қандай ақпараттары бар және бүгінгі тақырып бойынша не білгілері келеді, сол туралы жазып, дауыстап оқиды. /Әр топтан бір оқушыдан/.
Балалар бірінші және екінші бағанды толтырады, жазғандарын оқиды.
Білемін
|
Білгім келеді
|
Білдім
|
|
|
|
*Балалар, назар аударыңыз! Үстелдерінің үстінде бүгінгі сабақтың сөздік жұмысы берілген.
Мұғалім оқиды, оқушылар қайталап, сөздік дәптерлеріне көшіреді. Жаңа сөздермен сөйлемдер құрайды. Ауызша жұмыс.
*Жаңа сөздер
Наурыз көже - молочно - просевной кислый суп
Ұлттық тағам-национальное блюдо
Тәрбиелік мәні-воспитательное значение
Жомарттыққа-щедрости
Ізгілікке- доброте
Татулыққа- единству
Үлестірмелі мәтінмен жұмыс. Оқушылар тізбек бойынша оқиды.
Наурыз көже
Наурыз көже - ұлттық тағам. Наурыз күні жеті түрлі тағам қосылған наурыз көже дайындалады. Келер жылғы молшылықтың белгісі ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, сүр ет, айран, май, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықты пайдалану арқылы пісіріледі. Әр үйдің дастарханы бұл күні наурыз көжемен бірге ұлттық тағамдарға толады. Наурыз көжеге ауылдағы әр үй бірін-бірі кезекпен шақырған. Әрбір келген кісі сол үйден бір кеседен көже ішуі тиіс деп есептелген. Көже ішіп болған соң, үлкендер
ақ тілектерін айтып, бата берген. Наурыз көженің тәрбиелік мәні зор.
Ол адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады.
IV.Граматикалық минимум
Синквейн.
Бүгінгі тақырыппен байланысты орындау керек.
1. 1 Зат есім
2. 2 сын есім
3. 3 етістік
4. Сөйлем
5. Синоним
Мысалы:
1. Мейрам
2. көңілді, қызықты,
3.тойладық, қуандық, ойнадық
4.Наурыз мейрамы қызықты өтті.
5.Той, думан, мереке.
Топшамамен жұмыс: қажетті сөздерді қойып, сөйлемді толықтырыңдар.
1. Наурызда күн мен ... теңеледі.
2. ... бұтақтарында бүршіктер пайда болады.
3. Өзеңдерде ... жүре бастайды.
4. Наурыз айында күн көбінесе ... болады.
5. Көктемде жер ... күндіз, кешке қатады.
6.Әр үйде наурыз көже ... .
7.Наурызда адамдар бір – біріне бақыт ... .
Қажетті сөздер: жібиді, сең, бұлтты, түн, Ағаш, қатады, пісіріледі, тілейді.
Топшамамен жұмыс:
Сөйлемдерді етістіктермен толықтырып оқып көшіріп жаз.
1. Қыстан кейін көптен күткен көктем ________.
2. Наурыздан бастап күн жылына__________.
3. Қар ______.
4. Ағаштар бүршік _________.
5. Жер беті гүл - бәйшешекке ___________.
Топшамамен жұмыс: Сөздерді сәйкестендір.
Наурыз
Қар
Күн мен түн
Наурыз көже
Жеті түрлі
Бұл күн
|
теңеледі
тағам
демалыс күні
мереке
ериді
әзірлейді
|
«Бата, көже» создерің жекеше , көпше түрде тәуелдеу. Тақтамен жұмыс.
Жекеше түрі
Менің
Сенің
Сіздің
Оның
Көпше түрі
Біздің
Сендердің
Сіздердің
Олардың
Кестені толтырыңыз. Берілген сөздердің қайсысына жататынын анықтаңыз.
|
синоним
|
омоним
|
антоним
|
Күш, қуат
|
+
|
|
|
Қара, ақ
|
|
|
|
Биік, аласа
|
|
|
|
Арық, семіз
|
|
|
|
Қайғы-мұң
|
|
|
|
Ай мен күн
|
|
|
|
Тез, жылдам
|
|
|
|
Мақал-мәтелдегі антонимдерді тауып, астын сызыңыз.
Ауызша жұмыс.
Көз-қорқақ, қол- батыр.
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Бас болу оңай, бастамақ қиын.
Бір дұшпаның болса да көп, мың досың болса да аз.
Жақсылықтың ерте-кеші жоқ.
Ашу – дұшпан, ақыл-дос, ақылыңа ақыл қос.
Үлкенді құрметте, кішіні ізетте.
Азға қанағат етпеген көптен құр қалады.
V. Қорытынды.
1. Наурыз мерекесінің басты тағамы? (Наурыз көже).
2. Наурыз көженің құрамына не қосылады? Топтастыру. Дұрыс жауабы /бидай, сүр ет, айран, май, сүт, су, тұз /. Бағдар сызықтармен белгілейді.(Көженің құрамына міндетті түрде 7 түрлі тағам қосылады, ет, бидай, айран , май, сүт, су, түз ).
сүт
3. Наурыз мерекесі қалай тойланады? (Наурыз меркесінде түрлі ойындар өткізіледі, ақындар айтысы, жастар алтыбақан жанына жиналады, адамдар бір-біріне қонаққа барады, сыйлықтар сыйлайды).
4. 14 наурыз қандай күн?
ҮІ. Үйге тапсырма беру.
1 . «Наурыз көже» мәтінін мазмұндап келу.
2. Мәтін бойынша диалог құру.
Сұрақтар:
Наурыз тойының қандай дәстүрі бар?
Наурыз күні не дайындайды?
Әр үйдің дастарханы немен толады?
Наурыз көже қандай азық-түлік арқылы пісіріледі?
Бұл асқа соғымнан қандай мүшелер қосылады?
Наурыз көжеге кімді шақырады?
Келген кісі нені ішкен?
Көже ішіп болған соң , батаны кім берген??
Наурыз көженің тәрбиелік маңызы бар ма?
Ол адамдарды қайда шақырады?
ҮІІІ. Рефлексия: сабағымыз аяқталды, бүгін сендер жақсы жұмыс істедіңдер.Сабақ басындағы кестеге қайта ораламыз. Кестенің үшінші бағанын толтырамыз. Оқимыз.
Білемін
|
Білгім келеді
|
Білдім
|
|
|
|
Енді смайлік арқылы топтар бір- бірін бағалайды.
Міне құрметті ұстаздар, оқушылар «Наурыз көже» деген атпен ашық сабағымыз аяқталды. Барлықтарын Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт сыйласын!
ҮІІ. Бағалау
Оқушыл бір-бірін смайлік арқылы бағалайды.
Сабақ аяқталды, сау болыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |