Құрылымдарды пайдаланатын файлдармен жұмыс істеу кезінде fread()/fwrite()функцияларын пайдаланған ыңғайлы. Олардың жазылуы:
fread(ptr,size,n,fp);
мұнда fp файлынан әрқайсысы sizeбайттан тұратын мәліметтің n блогы ptv нұсқауышы көрсетіп тұрған жады аймағына оқылады (оқылатын блок үшін алдын ала орын дайындап қою қажет).
fwrite (ptr,size,n,fp);
мұнда ptr нұсқауышы көрсетіп тұрған жады аймағында орналасқан әрқайсысы size байттан тұратын мәліметтің nблогы ашық тұрған fp файлына жазылады.
Бақылау сұрақтары
Файл дегеніміз не? Ол не үшін пайдаланылады?
Файл қайда орналасады және қалай белгіленеді?
Файл ашу функциясы қалай жазылады?
Файл атын программада қалай анықтаймыз?
Файлдың қолданылу режимдері қалай көрсетіледі?
Файлға мәлімет жазу/оқу функциялары.
Файлға жаңа элемент қалай қосылады?
Мәлімет оқылған файлға мәлімет жазуға бола ма?
Файлдан ақпарат оқу үшін не істеу керек?
Файлға ақпарат жазу үшін не істеу керек?
Символдар мен сөз тіркестерін файлға жазу үшін не істеу керек?
Құрылымдарды пайдаланатын файлдар қандай функцияларды пайдаланады?
С тілінде растрлық графика жұмыс істейді, оның тақырыптық файлы graph.h. График нүктелерден – пиксельдерден тұрады. Пиксель – экранның адрестелетін ең кіші элементі. Алдымен графика шығара алатын бейнережимді іске қосу керек. Мұнда экранның пиксельмен берілген мөлшері және түстер саны беріледі.
Графикада үш координаталық жүйе: абсолюттік, салыстырмалы және масштабталған жүйе қолданылады. Тіке және көлденең өстер бойынша пиксельдер саны экран типіне байланысты болады.
Абсолюттік координатада координаталар басы – (0;0) нүктесі сол жақ жоғарғы бұрышта болып саналады, хкоординатасы солдан оңға қарай, у координатасы жоғарыдан төмен қарай өседі.
Салыстырмалы режимде координаталар басы экранның кез келген нүктесіне ауыстырыла алады.
Масштабталатын режимде экран бетінде масштабталған координаталар беруге болады, онда х пен у өстері бойынша минимум және максимум мәндер енгізіп, жұмыс істеуге мүмкіндік бар.