3
Сабақтың
ортасы
10 минут
5 минут
Проблемалық сұрақтар қойылады.
Толғауда автордың айтқысы келген ойы?
«Қайран менің Еділім» деген жолдар неліктен жиі қолданылып
тұр?
Толғауда қандай мәселе қозғалған?
Оқылым. Қазтуған жырау туралы қысқаша ақпаратпен
танысады.
Қазтуған Сүйінішұлы (1420, қазіргі Астрахан облысы Красный
Яр қала маңы - ө.ж.б.) - жырау. Қазтуған Сүйінішұлының туған,
қайтыс болған жылдары белгісіз. Халық арасында Қарға бойлы
Қазтуған атанып кеткен. Қазақтың ХV ғасырдағы айтулы жорық
жырауы. Әскербасы, батыр болған.Еділдің Ақтума,
Бозан
бойларында туып-өскен. ХV ғасырдың орта шенінде іргесі
жаңадан қаланған Қазақ хандығына қоныс аударған.Қазтуған
жырау жорық жыршысы және халық эпосын жасаушылардың бірі
саналады. Артына қазақтардың әскери рухын, туған жерін,
халық
өмірі мен тұрмысын суреттейтін көптеген өлеңдерден тұратын
шығармашылық мол мұра қалдырды. Олардың көпшілігі
сақталмаған. Дегенмен, бізге жеткен жекелеген туындылары оның
әдебиет тарихы төрінен орын алуға лайықты екенін айғақтайды.
Оның поэзиясы
жауынгерлердің көшпелі өмірін, көзқарасын
суреттейді. Және олардың тұрмысын,
айналадағы құлан таза
табиғат туралы ойларын бейнелейді. Ақын-жыраудың қиялының
жүйріктігі, өткірлігі, бай және әдемі
көркемдік әдістері сол
дәуірдегі қазақтардың поэтикалық өнерінің жоғары деңгейде
болғанын, сонымен бірге, өзіндік
ерекшеліктері бар екенін
білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: