Л
евин, Курт Цадек (нем. Kurt Zadek Lewin) -
неміс
психологі, кейіннен Америкаға көшкен. Оның идеялары
америкалық әлеуметтік психологияға және көптеген басқа да
мектептер мен бағыттарға, атап айтқанда Л.С. Выготскийдің
мәдени-тарихи даму теориясына айрықша әсер етті. Курт
Левин адамды зерттеудегі жаңа өлшемдер: адамның мінез-
құлқындағы қажеттіліктер мен уәждерді енгізу арқылы психология тарихында
өзінің лайықты орнын алды.
Курт Левин субъект өмір сүріп, дамитын қоршаған заттардың «психологиялық
өрісі» теориясының негізін қалаушы ретінде белгілі болды. Өріс теориясында Курт
Левин адамның психологиялық мінез-құлқының геометриясын құру үшін тополо-
гияны қолдануға тырысып, оны годология деп атады. Курт Левин зерттеген көптеген
ұғымдар мен санаттар психологтар үшін негізгі ұғымдарға айналды, атап айтқанда:
дәмелер деңгейі, топтық серпін, әлеуметтік естілім, ойын жағдаяттары, табысқа же-
туге және сәтсіздіктерді жеңуге ұмтылу, уақытша перспектива. Субъектінің мінез-
құлқындағы қандай да бір ерекшеліктерді өзгертуге арналған топтық тренингтерді
өткізу идеясы да Курт Левинге тиесілі.
Қабылдау (Коффка, Рубин), ойлау (Кёлер, Вертгеймер, Дункер), психикалық
даму (Коффка) проблемаларын әзірлейтін гештальтпсихологияның басқа
өкілдеріне қарағанда, жеке тұлғаны эксперименталдық зерттеуге арналған
гештальтпсихологияның мұқтаждықтар, аффектілер, күш-жігер сияқты
қағидаттарын таратты («Ниет, күш-жігер, мұқтаждықтар», 1926; «Тұлғаның
динамикалық теориясы», 1935; «Топологиялық психологияның қағидаттары»,
1936).
Достарыңызбен бөлісу: |