• Қысқа мерзімді жады (жұмыс жадысы) / Память кратковременная
(рабочая память)
/
Short-term memory
- негізгі фунциясы ұзақ мерзімді
жадыдан алынған ақпаратты нақтылы қолдану (мысалы, тапсырмаларды
орындауда, мәселелерді шешуде, қарым-қатынас жасау үдерісінде немесе
ішкі ойлану кезінде) мақсатында жандандыру болып табылатын жадының
қосалқы жүйесі.
Қысқа мерзімді жады
серпінді болып келеді, сондықтан
да ол қысқа уақытқа: бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін ғана со-
зылады.
Ж
• Рәсімдік жады / Память процедурная / Procedural memory
- нақтылы бір
әрекеттерді қалай орындау керектігі жайлы білімнің сақталуына жауапты
қосалқы ми жүйесі. Мысалы: қасықпен қалай тамақ жеу керек, түймені қалай
тағу керек, қалай секіру керек, велосипедті қалай тебу керек, қарындашпен
қалай жазу керек, допты қалай лақтыру керек. Осындай әрекеттерді қалай
жүзеге асыру керектігі жайлы жады немесе білімдер енжар күйде сақталады
және саналы вербалдауға көнбейді.
Достарыңызбен бөлісу: |