Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу тәртібі



Дата07.02.2022
өлшемі249,77 Kb.
#97338
түріКодекс
Байланысты:
Презентация 17

Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу тәртібі

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 150-бап.

Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеудiң:

  • қатаң
  • дағдылы
  • жеңiлдетiлген
  • жеңiлдiктi жағдайлары белгiленедi.

Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде дағдылы жағдайларда жаңадан келген сотталғандар, сондай-ақ жазаны өтеудiң қатаң, жеңiлдетiлген немесе жеңiлдiктi жағдайларынан ауыстырылған сотталғандар жазасын өтейдi.

Дағдылы жағдайларда кемінде алты айын өтегеннен кейін жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін жазалауы болмаған және еңбек пен оқуға адал қараған кезде, дәрежесі бірінші оң мінез-құлықты сотталғандар жеңілдетілген жағдайларға ауыстырылады.

Жазасын жеңілдетілген жағдайларда өтеп жүрген, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушылар болып табылатын сотталғандар дағдылы жағдайларға ауыстырылады.

Дәрежесі үшінші оң мінез-құлықты, кемінде үш ай жеңілдетілген жағдайларда болған сотталғандар еңбек пен оқуға адал қараған кезде мерзімін өтеу бойынша босатылғанға дейін бір жыл қалғанда жеңілдікті жағдайларға ауыстырылады.

Жазасын жеңілдікті жағдайларда өтеп жүрген, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушылар болып табылатын сотталғандар жеңілдетілген жағдайларға ауыстырылады. Жеңілдікті жағдайларға қайта ауыстыру жеңілдетілген жағдайларға қайтарылғаннан кейін кемінде алты ай өткен соң жүргізіледі.

Жазасын жеңілдікті жағдайларда өтеп жүрген, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушылар болып табылатын сотталғандар жеңілдетілген жағдайларға ауыстырылады. Жеңілдікті жағдайларға қайта ауыстыру жеңілдетілген жағдайларға қайтарылғаннан кейін кемінде алты ай өткен соң жүргізіледі.

Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушылар деп танылған сотталғандар үштен алты айға дейінгі мерзімге дағдылы, жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайлардан қатаң жағдайларға ауыстырылады.

Сотталғандарды бір жағдайдан басқасына ауыстыру оқу-тәрбие кеңесінің ұсынуы негізінде мекеме комиссиясының шешімі бойынша жүргізіледі. 

  • Сотталғандарды бір жағдайдан басқасына ауыстыру оқу-тәрбие кеңесінің ұсынуы негізінде мекеме комиссиясының шешімі бойынша жүргізіледі. 
  • Мекеме комиссиясының жұмысына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ жұртшылық өкілдері қатыса алады.

Мекеме бастығы жазаны өтеудің тәртібін бұзуды жасау мүмкіндігін жою үшін сотталған адамды уақытша оқшаулау үй-жайына ауыстыру, бірақ қырық сегіз сағаттан аспайтын мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдайды.

Орындаған:Жаксылыкова Ж.А.

Орындаған:Жаксылыкова Ж.А.

Тексерген:Мұрат Аманат

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет