Невроз тәрізді бұзылыстар ұйқы бұзылысымен, денедегі әртүрлі жағымсыз сезімдермен, эмоцональды тұрақсыз көңіл күймен, тітіркенгіштікпен, ешқандай негізсіз жанұясы мен өз денсаулығы үшін урейлену және тб көрінеді. Физикалық әлсіздік, соматикалық жайсыздық қандай да бір қатерлі, дауасы жоқ «өлімге алып келетін»аурудың бар екендігі жөнінде ой тудырады.
Психикалық бұзылыстардың айқын формалары психоз түрінде көрінеді: кәрілік алды немесе инволюционды, кәрілік жас психоздары деп бөлінеді.
Кәрілік алды психоздарына инволюциялық мелонхолия және инволюциялық параноид жатады
Инволюциялық мелонхолия
Басты көрінісі-уреймен жүретін депрессия жағдайы болып табылады.
Науқастар жабырқаулы күйде, үрейшіл болады.Өзін коярға жер таппай күрсінген дыбыстар естіледі, суицидальды әрекет жасауға бейім келеді. Мелонхолиялық ступор болады: бет әлпеті қайғымұңды бейнелейді,беттерінде мұң маскасы болады. Науқаста сандырақтық идеялар байқалады. Өзін өзі кіналау, кемсіту аса тән. Өздерін өмірінен қылмысты факт іздейді. Жақындарының өліміне өзін кіналайды.
Бұл науқастар ерекше күтімді қажет етеді
Инволюциялық параноид
Бұл сандырақтық идеялар дамуымен сипатталады.
Идеялар көңіл күйдің үрейлі-жабырқаулығымен жүреді. Науқастар жақындарының денсаулығы үшін үрейленеді. Науқастардың айтқан сандырақ идеялары шындыққа ұқсап, айналадағыларды шатастырады. Галлюцинаторлы көріністер жиі бақыланады. Жиі есту сипатында болады. Науқастар қабырғаның ар жағынан шу, аяқ дыбысын, жазғырушыдыбыстар еститінін айтады.
Иппохондриялық сезімдердің қосылуы байқалады: науқас денесінде әр түрлі жағымсыз сезімдерге шағымданады.