Кернеулік векторының ағыны.
Кернеулік векторының ағыны.Электр өрісі графиктік түрде әрбір нүктесінде Е кернеулік векторымен сәйкес келетін жанама сызықтары-кернеулік сызықтарымен
а) 25-сурет б)
көрсетіледі. Кернеулік электр өрісінің күштік сипаттамасы болып санала-
ды. Кернеулік сызықтары-тұйықталмаған қисықтар. Ол оң зарядтардан басталып, теріс зарядтарға аяқталады. Өрістің күш сызықтары қиылыспайды (25, а-сурет). Барлық нүктелеріндегі кернеулігінің шамасы мен бағыты бірдей болатын өріс біртекті өріс деп аталады. Біртекті өрістің күш сызықтары бір-бірінен бірдей қашықтықта жататын параллель түзулер (25, б-сурет).
Кернеулік сызықтарының жиілігі Е-нің сан мәніне тең болсын. Сонда белгілі бір бетті тесіп өтетін кернеулік сызықтарының жалпы санын сол беттен өтетін кернеулік ағыны немесе өрістің кернеулік ағыны деп атайды. Мысалы, біртекті электр өрісінде S жазық бетті тесіп өтетін кернеулік векторлар ағынын анықтайық (26-сурет). Электр өрісінің күш сызықтары S бетін перпендикуляр бағытта тесіп өтсін, сонда кернеулік сызықтардың S бетке көбейтіндісі-кернеулік векторының ағыны деп аталады, оны Ф әрпімен белгілейді: Егер де S¢ жазық бет өрістің кернеулік сызықтарына белгілі бір бұрышпен орналасса (26-сурет): Ф=EScosa.
n Кернеулік сызықтары
E біртекті емес кез келген Тұйық бетті тесіп өтсе, онда векторлық ағыны
(27-сурет):
Ф=òs E dS(9.15)
26-сурет
Әртүрлі ортаның шекарасында және диэлектриктерде өтетін кернеулік векторының өзгерістері электр өрістерін есептеуде қиындықтар
туғызбас үшін электрлік ығысу век торы немесе электрлік индукция
векторы деген шама енгізіледі, ол
D әрпімен белгіленеді.
D=ee0E (9.16)
Электрлік ығысу векторының ағыны:
Ф=òsDndS (9.17)
Достарыңызбен бөлісу: |