110
түсінулері керек; олар жарнамалық хабарландыруларға ақпарат көзі ретінде баға
берулері тиіс. Сонымен қатар, оқытушылар азаматтарға, жарнама берушілерге және
билік өкілдеріне кері байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін механизмдер тура-
лы білулері керек.
Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, жарнама медиаға жағымсыз да әсер қалдыруы
тиіс. Жарнама берушілер тарапынан көрсетілген қысым журналистердің маңызды
(острые темы) тақырыптардан қашуына мәжбүрлеуі мүмкін. Нәтижесінде барлық
адамдарға қызықты контент тек нақты аудиторияға ғана қызықты ойын-сауық ту-
ралы ақпаратпен толады. Егер редакция және медиакомпанияның коммерциялық
қызығушылықтарымен биік және сенімді аралық болмаса, ал ол көп жағдайларда бол-
майды да, онда медиакомпанияның коммерциялық қызығушылықтары ашық түрде
контент пен жаңалықтардың шығуына әсер етеді.
Медиа мен технологиялар қарқынды дамуы жарнама мүмкіндіктеріне алып келген кез-
де, бұл сала бұрынғыдай тұрғындардың сенімін сақтауға шақыратын белгілі бір ереже-
лерге бағынады. Негізінде бұл ережелер ұлттық деңгейде жүзеге асады, жарнама инду-
стриясымен жасалады және жарнаманың нақты болуына шақырады. Көптеген елдерде
жарнама индустриясының қызметі жайлы сұрақтар туындайтын адамдарға арналған
жарнама бойынша кеңестер және тұтынушылармен жұмыс топтары ашылған.
Бүгінде жарнама өзінің дәстүрлі ролінің шегінен шықты. Ол енді телевизиялық
жарнамалық роликтер, мерзімді басылымдар немесе жарнамалық тақталардағы хабар-
ландыруларымен шектелмейді. Жаңа тауар, ақпарат, ұсыныстар мен идеялардың жар-
намасы веб-сайттардағы бейнелер, ұялы телефон және өзге де құралдарда, демеушілік
көмек көрсету келісіміне сәйкес фильмдер мен телевизиялық бағдарламаларда берілуі
мүмкін. Басшылық, саяси қайраткерлер мен жекеменшік ұйымдар да жарнамалық стра-
тегиялармен көптеп айналысады, себебі оларға бағдарлама немесе саясатты мақұлдау,
өздерінің имиджін жақсарту керек.
Көптеген елдерде жергілікті жекеменшік жарнаманың барлық медиаұйымдарды
қолдайтын жеткілікті базасы жоқ. Сондықтан кей кезде медиаұйымдар шетелдік ком-
паниялаар мен басқарушы органдардың жарнамасына тәуелді болып қалады. Сонымен
қатар өзге елдің халықтарына билігін таратқысы келетінде халықаралық компаниялар
мен ұйымдар жергілікті медиадан жарнамалық орындарды сатып алады. Сонғы жыл-
дары біз жарнама жасау арқылы халықаралық деңгейге шыққан «супербрендтердің»
пайда болуына куә болдық.
Достарыңызбен бөлісу: