Жалпы ережелер:
1. Осы Еңбек кітапшаларын жүргізу және сақтау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес әзірленді.
2. Ереже еңбек кітапшаларын жүргізудің және сақтаудың тәртібін айқындайды.
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жұмыс берушінің актілері - жұмыс беруші (жұмыс берушінің өкілдері) шығаратын (бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар, ішкі еңбек тәртібінің ережелері) актілер;
2) жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында тұрған заңды немесе жеке тұлға;
3) еңбек кітапшасы - қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат.
Достарыңызбен бөлісу: |