. Астық зиянкестерінің түрлері ете көп. Олар тіршілік ету ортасына, қоректену мүмкіндігіне, т. б. байланысты бірнеше түрге болінеді. Көп зиян келтіретіндерінің бірі - қойма зиянкестері. Олар астықтың салмағын кемітіп қоймай, сонымен бірге, оны сақтауға, пайдалануға жарамсыз етіп, сапасын да түсіреді. Тұқымдық материалдардың өнгіштігін төмендетіп, егуге жарамсыз етеді. Азық-түліктік мақсаттағы астықтардың қоректілігін азайтып, нандық қасиеттерін нашарлатады. Зиянкеспен тыс зақым- данган астықты малға бергенде малдың ас қорыту ағзасы бұзылып, тіпті кей кездері оны улайды. Зиянкестер басқа қоймаға немесе астық ортасына тарап кететін қаупі болғандықтан мұндай астықты астық қабылдау орындары мүлдем кабылдамайды. Кенемен зақымданған астықты кейбір кезде құнына кеміту жасау арқылы қабылдарға рұқсат етіледі. Бұл сапалық көрсеткіш міндетті түрде анықталуға тиісті сапалық көрсеткіш болып табылады. Астық массасының зиянкестермен зақымдануы зерттеуге алынған үлгінің құрамындагы өсіп жетілудің кез-келген сатысын- дағы тірі зиянкестердің саны бойынша беріледі. Зиянкестермен зақымдану түрлерін келесідей скі топқа бөледі: ашық түрде зақымдану; жабық түрде зақымдану. Ашық түрде зақымдануда алынған үлгі құрамындағы зиянкес- тер көзге көрінеді. Олар астық массасы қабатында, яғни, дәннің сыртында тіршілік етеді.