Кешенді емтиханға арналған сұРАҚтар топырақтану топырақ профилі, оның құрылысы және морфологиялық белгілері


Топырақтың егістік қабатын тереңдету және сортаң топырақтардың құнарлылығын арттыру әдістері



бет94/123
Дата08.06.2020
өлшемі208,94 Kb.
#72687
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   123
Байланысты:
гос жауаптаррр

Топырақтың егістік қабатын тереңдету және сортаң топырақтардың құнарлылығын арттыру әдістері. Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы саласандағы басты мәселе-топырақтың табиғи құнарын сақтап, өнімнің шығымдылығы мен сапасын арттыру. Себебі қуаңшылық пен экологиялық зардаптар және климаттың өзгеруі қуаңшылыққа соқтырып отыр. Топырақтың құнарын толықтыратын негізгі үш элемент-фосфор, калий, азот екенін ескерсек, еліміздегі егістік топырақтың 98%-на фосфор жетіспейді екен. Мысалы, біздің облыстың топырағының құрамында калий көп болғанмен,  фосфордың тапшылығы өнімнің шығымын азайтуда. Ал еліміздің фосфордың қоры жағынан әлемде бесінші орынды иеленеді. Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы, техника ғылымының докторы, профессор Исатай Нұрлыбаев пен Жер ресурстары басқару агенттігінің «Агрохимия қызметі» республикалық ғылыми әдістемелік орталығы мемлекеттік мекемесінің өкілі Тілекқабыл Ермекбаев фосфор қоңыр көмірді араластыру арқылы алынатын кешенді тыңайтқышты біздің облысымызда да өндіруге болатынын айтады. Демек, қолда бар байлықты ұтымды пайдалана білсек, аграрлық секторда тәуір пайда түсіруге болады.Фосфор және көмір. Сексенінші жылдары Қандыағаш қаласының маңындағы Шилісай кен орнында бүкілодақтық комсомол-жастарының екпінді құрылысына айналған өндіріс жұмыс істеді. Жылына 3 млн тонна фосфорит ұнтағын шығаратын комбинат өнімі Ресейдің өзге өңірлерімен қатар Қиыр Шығыс, Сібірге дейін жеткізілетін. Алайда сексенінші жылдардың орта тұсында түрлі қиындықтарға байланысты зауыт жұмысын тоқтатты. Өткен жылы ғана «Темір сервис» кәсіпорны шаруашылықты қайта қолға алды. Жылына 200 мың тонна тыңайтқыш шығаруға мүмкіндігі бар өндірістің өнімі негізінен егін шаруашылығында қолданады.Фосфорит ұнтағының кез келген ауыл шаруашылық өнімнің өсуіне ерекше әсер ететін көпшілік жақсы біледі. Мәселен, Исатай Нұрлыбаевтың айтуынша, егер осы ұнтаққа қоңыр көмірді араластырса, олардың қосындысы органоминералды кешенді тыңайтқыш шығады екен. Өйткені көмірдің құрамындағы гуминді қосылыстар фосфоритті ерітіп, оның топыраққа жақсы сіңуіне әсер етеді. Әрі егістік алқап 5-6 жылға дейін өз құнарын жоймайды. Қоректік зат бидайдың шығымы мен сапасын жақсартса, картоптың крахмалын көбейтеді. Фосфорит ұнтағы ылғалды жақсы сақтайтын болғандықтан, қуаңшылық жылдары да тиімді екен. Ауыл шаруашылығы тәжірибесі станциясында жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша, 1ц жаздық бидай дақылы көктемдегі егіс кезінде тыңайтқышсыз 20,6мм ылғал жұмсаған. Ал фосфор тыңайтқышын пайдаланғанда 17,9мм ғана ылғалды қажет еткен. Бұған қоса кәдімгі аммофос тыңайтқышының 40% жердің үстіңгі жұмбақ қабатында дұрыс ерімейтін болса, фосфориттің бір ерекшелігі, толығымен еріп кетеді.  Қазіргі Жамбыл облысы Қаратау кен орнында осындай тыңайтқыш өндіріледі. Бірақ ол Қазақстанның барлық сұранысын қанағаттандыра алмай отыр. Егер, осы өнімді өзіміздің аймақтан шығаруды қолға алсақ, экономикамызға қай жағынан да тиімді болары сөзсіз. Облыста оған қажетті шикізат көзі жетерлік. Биылғы жылы тыңайтқышты тәжірибеден өткізіп көрмеппіз. Егер, жоба ойдағыдай жүзеге асса, оны жасап шығарудың жолдары қарастырылады. Тіпті, бұл Жамбылдан шығатын өнімнен тәуір болуы мүмкін. Өйткені Қаратаудағы фосфорит өнімдері жанартаулардың жарылуынан пайда болғандықтан, тас сияқты қатты. Ал біздің облысымыздағы өнім бұрынғы мұхит түбінің шөгіндісі, сондықтан топырақта жақсы сіңеді, әрі оны алуда оңайға түседі.Облысымызда қоңыр көмірдің де қоры мол. Іргеліде көмірдің бұл түрі Қарғалы ауданының Қызылқайың ауылында өндірілетін. Алайда, қызуы жоқ, тез жанып кететіндіктен жұртшылықтың сұранысына ие болмады. Исатай Нұрлыбаев егер тәжірибе оң нәтижені көрсетсе, болашақ тыңайтқыш өндіретін кәсіпорынды осы өңірден ашудың тиімді екенін алға тартады. Мысалы, шет елде шаруалардың қол жетімділігі үшін  тыңайтқыш шығаратын зауыттарға мемлекет тарапынан арнайы қаржылай көмек көрсетіледі екен. Бұл өз кезегіндегі елдің азық-түлік мәселесін оңтайлы шешуге мүмкіндік береді.Жалпы, фосфордың мол қоры біздің өңір мен Жамбыл облысында ғана бар. Алайда бұл аймақтағы бір зауыт сұранысты өтей алмайды. Тыңайтқыштың басым бөлігі Ресейден әкелінеді. Демек, қолда бар байлықты кәдеге жарата алмай шет елге қыруар қаржы жұмсап, өзге жұрттың шаруасын жүргізіп отырамыз.Тыңайтқышты тиімді пайдалансақ ....Ауыл шаруашылық өнімнің шығымы мен сапасы нәрлі топыраққа байланысты. Ал топырақты құнарландырудың тиімді жолы-минералды және органикалық тыңайтқыштарды пвйдалану. Дегенмен елімізде бұл жұмыстар әлі де бір ізге қойылмаған. Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Агрохимия қызметі» Республикалық ғылыми әдістемелік орталығы мемлекеттік мекемесінің өкілі Тілекқабыл Ермекбаевтың айтуыншы: біріншіден, тыңайтқыштар ешқандай жүйесіз қолданылса, екіншіден, топырақтың құнарлылығы ескерілмейді.Ауыл шаруашылық өнімін, оның ішінде астықты мол алу үшін жерді пайдаланудың теориялық мәселелеріне ерекше назар аудару керек. Себебі, тыңайтқыштарды ретсіз қолдану, қуаңшылық, ылғалдың аздығы, агро техникаларды дұрыс пайдаланбау жер қыртысын бүлдіріп, астықтың сапасын нашарлатып, шығымын төмендетеді. Сондықтан қоректік заттарды ұтымды қолдану арқылы топырақтың табиғи қалпын сақтап қалуға болады. Ал табиғи топырақтан нәр алған бидайдың тәуір өсетіні анық.Әйтеке би, Хромтау, Қарғалы аудандарындағы егіс алқаптарының белгілі бір бөлігіннен зерттеу жұмыстарын жүргізгенде, топырақтың 75%-да қарашірік көлемінің өте төмен екені анықталды. Осы орайда шаруалар ескеретін бір жәйт, тұқым себер алдында жерге агрохимиялық картограмма жасалу керек. Яғни, топырақтың құрамындағы фосфор, азот, калий секілді минералды тыңайтқыштардың мөлшерін анықтау керек. Олардыың көлемі мөлшерден асып немесе кем болмағаны жөн. Мәселен, шет елде егістік алқаптың көлемі кіші болғанмен, түсім мол, әрі сапалы. Біз гектарынан 10ц-ден өнім алсақ, қуанамыз, ал олар торырақтың табиғи қалпын сақтаудың арқасында 30-40ц-ден алады. Биыл елімізде 24 млн.га жерге егін егілмек. Қоректік заттарды тиімді пайдалансақ, 10 млн.га жерден елімізді жерден де, елімізді түгел қамтамассыз ететін астық жинауға болады,-дейді Тілекқабыл Ермекбаев.  Мысалы, өткен жылы облыста 321т аммиак селитрасын, 90т аммофос және 36т кәдімгі суперфосфат алуға квота бөлініпті. Биылда бұл жұмыстардың жалғасын табатыны анық.Сабанның пайдасы. Астықты орғаннан кейін сабан қалдыру-органиканы жинақтаудың тиімді әдісі. Тілекқабыл Ермекбаев сабанның құнарын арттыратын өте құнды тыңайтқыш екенін айтады. Мәселен, азот, фосфор, калий және органикалық заттарды түзу жағынан астық тұқымдастарының 1т сабаны  ылғалдылығына 75% көңнің 2-3т-на сәйкес келеді екен. Яғни, топыраққа араластырылған 1т көң орта есеппен 55-56 келі қарашірікке түзсе, 1т сабан 170-190 келі жинайды. Демек, бұл тапсырмайтын органикалық тыңайтқыш екенін көрсетеді.Қазіргі техника сабанды ұнтақтап жіберетіндіктен, алқапта жабынды пайда болады. Бұл ылғалды жақсы сақтап қалуға мүмкіндік береді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет