2-тапсырма. Тапсырма сипаттамасы: • Ғылыми білім саласы: Физикалық жүйелер
• Құзіреттілік: құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру
• Мәнмәтін(контекст): жеке
• Танымдық деңгейі: төмен
• Ғылыми білім түрі: мазмұндық білім
• Жауап формасы: бір дұрыс жауапты таңдау
Тапсырма: Барлығы бірдей жағдайда жұмыс істейтін болса, қандай дөңгелектер басқаларға қарағанда тезірек тозады?
Бір дұрыс жауапты белгілеңіз.
А. 1-дөңгелек
Б. 2-дөңгелек
В. 3-дөңгелек
Г. Үшеуі бірдей
Бағалау жүйесі
Балл
Критерий мазмұны
1
«Б» жауабы: 2-дөңгелек
0
Басқа жауаптар
3-тапсырма. Тапсырма сипаттамасы: • Ғылыми білім саласы: Физикалық жүйелер
• Құзіреттілік: құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру
• Мәнмәтін (контекст): жеке
• Танымдық деңгейі: жоғары
• Ғылыми білім түрі: мазмұндық білім
• Жауап формасы: толық жауап (мәтін, сурет түрінде)
Марина жылдам жүргізуді ұнатады. Оның көзі өте жақсы көреді және жылдам реакциясы бар. Алайда ол келесі фактілерді жақсы біледі ме? Жүргізуші жолда кедергілерді көрген сәттен бастап және көлік толық тоқтағанға дейін кенеттен тежеу салдарынан тоқтау жолы деп аталатын жолды өтеді. Көліктің тежеу басталған сәтте жылдамдығы жоғары болған сайын тоқтау жолының ұзындығы да неғұрлым көбірек болады. Тоқтау жолы екі құрам бөліктен тұрады (суретті қараңыз). Бірінші құрам бөлік - автомобиль жүргізушінің кедергілерді көрген сәттен бастап «еденге тежегішті қатты басқанға» («реакция кезіндегі жол») дейін жүретін жолдың ара қашықтығы. Екінші құрам бөлік- бұл тежеу қашықтығының өзі («тежеу кезіндегі жол»).