Тестілеу ҰТО-ның ұйымдастырушылық-технологиялық алып жүруімен, білім беру ұйымдарының 4, 9, 11 сынып оқушыларына жүргізіледі.
Кешенді тестілеуді өткізу реті
Өкілетті ұйыммен білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттау кестесі бекітіледі.
ҰТО дайындайды:
ҰТО филиалдарында орнатылатын, тестілеу нәтижесін өңдеу, емтихан ведомостарын басып шығару, статистикалық мәліметтерді қалыптастыру үшін «автоматтандырылған жұмыс орны» (бұдан әрі - АЖО) «ОБМА» бағдарламалық қамтамасыз етуді (БҚ);
оқу бағдарламаларына сәйкес тест тапсырмаларын;
тестілеу өткізу технологиялық нұсқаулығын;
емтихан материалдарын (тест тапсырмалары бар сұрақ-кітапшаларын және жауап парақтарын);
ҰТО бекітілген кестеге сәйкес облыстардың, Астана, Алматы қалаларының БСБД-на емтихан материалдарын жеткізеді.
Тестілеу Ереженің 5 тармағына сәйкес білім беру ұйымдарының базасында, өкілетті ұйымның бекітілген кестесімен өткізіледі.
Білім беру ұйымдарының әкімшілігі аудиториялардың тест өткізуге дайындығын қамтамасыз етеді.
БСБД емтихан материалдарының тестілеу өткізу орындарына жеткізілуін қамтамасыз етеді.
Емтихан материалдары салынған қапшықтар осы нұсқаулықтың 1 қосымшасындағы актіге сәйкес ашылады.
Емтихан материалдары салынған қорап сыныпта ашылады және осы нұсқаулықтың 2 қосымшасына сәйкес акт толтырылады.
Білім беру ұйымдары осы нұсқаулықтың 3 қосымшасындағы оқушылар тізіміне сәйкес тестілеуге қатысуын қамтамасыз етеді.
Тестілеу процесі БСБД өкілдері мен аттестаттау комиссиясы мүшелерінің бақылауымен өткізіледі.
Тестілеу аяқталғаннан кейін осы нұсқаулықтың 4, 5, 6 қосымшаларына сәйкес Жауап парақтары «Интервоид» пакетіне салынады және өңдеу үшін ҰТО филиалына БСБД өкілімен жеткізіледі. Сұрақ-кітапшалар қорапқа салынады.
Тестілеу нәтижесін өңдеу аяқталғаннан кейін осы нұсқаулықтың 7, 8, 9 қосымшаларына сәйкес әрбір мектеп бойынша емтихан ведомосі басып шығарылады.
Тестілеу нәтижесі телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберіледі.
Мектеп бойынша емтихан ведомосі шығарылғаннан кейін сол мектептің сұрақ-кітапшаларын жою осы нұсқаулықтың 10 қосымшасында берілген актіге сәйкес жүргізіледі.
Қатаң есептегі бланкілерді сақтау және жою Ережесіне сәйкес, тестілеуде қолданылған жауап парақтары ҰТО филиалында сақталады. Сақтау мерзімі – 5 жыл.
Календарлық жарты жылдан кейін ҰТО филиалы ҰТО-ға осы нұсқаулықтың 11, 12 қосымшаларына сәйкес актілер бойынша есеп береді.
БҒСБК функциясы
БСБД-мен мемлекеттік аттестаттауға түсетін мектептердің тізімін келісу;
пәндердің тізімін және тест тапсырмаларының санын бекіту;
оқушылар контингенті көрсетілген мектептер тізімін бекіту;
ҰТО-ға емтихан материалдарын дайындау үшін бекітілген мектептер тізімін оқушылар саны бойынша беру.
БСБД функциясы
ҰТО-дан емтихан материалдарын алу;
аттестаттау комиссиясының мүшелерін тестілеуді өткізу тәртібі бойынша оқыту;
емтихан материалдарын тестілеу өткізілетін орындарға жеткізу;
акт бойынша емтихан материалдарын ашу;
тізім бойынша оқушыларды аудиторияға кіргізуді ұйымдастыру;
емтихан материалдарын аудиторияда ашу;
тестілеуді өткізу және бақылау;
тестілеу аяқталғаннан кейін емтихан материалдарын жинауды жүзеге асыру;
тестілеу нәтижелерін өңдеу үшін емтихан материалдарын ҰТО филиалдарына жеткізу;
тестілеу нәтижелерін өңдеу процесін бақылау;
емтихан ведомостерін мектептерге таратылуын ұйымдастыру;
қапшықтарды ашу актілерін ҰТО филиалдарына тапсыру;
ҰТО филиал қызметкерлерімен бірігіп, сұрақ-кітапшаларын жоюды ұйымдастыруға қатысу.
ҰТО функциясы
тестілеу нәтижесін өңдеу үшін «ОБМА» АЖО-сын дайындау және ҰТО филиалдарына жіберу;
бекітілген пәндер бойынша тест тапсырмаларын дайындау, сараптамадан және сынақтан өткізу;
ҰТО филиалдарының қызметкерлерін бағдарламалар қамтамасыз ету бойынша оқытуды ұйымдастыру және өткізу;
ҰТО филиалдарын нормативті-нұсқаулық құжаттармен қамтамасыз ету;
бекітілген мектеп тізімінің кестесіне сәйкес емтихан материалдарын дайындау және облыстардың, Астана, Алматы қалаларының БСБД-на жеткізу;
тестілеуді өткізуді алып жүру;
жауап парақтарын сканерлеу процесін бақылау;
дұрыс жауаптар кодын қалыптастыру және телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО филиалдарына жіберу;
телекоммуникациялық желі арқылы тестілеу нәтижесінің статистикалық мәліметтерін жинақтау;
емтихан материалдары салынған қапшықтарды ашу туралы актілер мен тестілеу сұрақ-кітапшаларын жою бойынша актілердің есебін жинау;
тестілеу қорытындыларын талдау.
ҰТО филиалдарының функциясы
Техникалық жабдықтың және телекоммуникациялық желінің жұмысын қамтамасыз ету;
ҰТО-дан нормативтік құқықтық актілерді, тестілеу нәтижелерін өңдеу үшін қондырылатын бағдарламаларды телекоммуникациялық желі арқылы алу;
ҰТО филиалында «ОБМА»АЖО-сын қондыру;
жауап парақтарын сканерлеу;
ҰТО-дан дұрыс жауаптар коды бар файлды телекоммуникациялық желі арқылы қабылдау;
емтихан ведомостерін басып шығару және беру;
тестілеу нәтижесі деректерінің сақталуын қамтамасыз ету және тестілеу нәтижелері бойынша статистикалық мәліметтерді телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберу;
БСБД өкілдерімен бірігіп, сұрақ-кітапшаларын жоюды ұйымдастыру және акт жасау;
БСБД-дан қапшықтарды ашу актілерін жинау;
ҰТО-ға атқарылған жұмыстары жөніндегі календарлық жарты жыл бойынша есеп беру;
Пайдаланылған жауап парақтарының сақталуын қамтамасыз ету.
Білім беру ұйымдарының функциясы
Тестілеуді өткізу тәртібі бойынша оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Осы нұсқаулықтың 33 және 37 тармақтарына сәйкес оқушыларға тестілеу уақытындағы аудиториядағы тәртіп және жауап парағын толтыру ережелері бойынша сабақтар өткізу;
тестілеудің нормативтік-нұсқаулық құжаттарын БСБД-дан алу;
БСБД өкілдері үшін сынып бойынша оқушылардың бекітілген тізімін дайындау;
тестілеу өткізілетін аудиторияларды дайындау;
оқушылардың тестілеуге қатысуын қамтамасыз ету;
тестілеу нәтижесін өңдеу және сұрақ-кітапшаларын жою процесіне қатысу;
БСБД-дан мектеп бойынша емтихан ведомостарын алу.
Материалдарды дайындау және жеткізу
ҰТО-да сұрақ-кітапшалары дайындалады және бекітілген оқушылардың санына сәйкес көбейтіледі.
Мектеп бойынша емтихан материалдары қапшыққа салынады, пломбыланады және облыс, аудан, мектеп көрсетілген құлақша жапсырылады.
Сынып деңгейлері бойынша материалдар салынған қораптар қапшыққа салынады. Қораптарда сұрақ-кітапшалары, жауап парақтары, емтихан материалдарын ашу актісі және «Интервоид» пакеті (тестілеу аяқталғаннан кейін жауап парақтары салынып және бекітілетін) болады. Қораптар бекітіледі және құлақша жапсырылады. Құлақшада сынып, оқытылу тілі, жалпы оқушылар саны көрсетіледі.
Емтихан материалдарының қапшықтары емтихан материалдарын жіберу кестесіне сәйкес облыстардың, Астана, Алматы қалаларының БСБД-на жіберіледі.
БСБД өкілімен емтихан материалдары тестілеу өткізілетін орынға жеткізіледі.
Тестілеу өткізілу орындарында емтихан материалдары салынған қапшықтар актіге сәйкес ашылады.
Емтихан материалдары салынған қораптар аудиторияларға жеткізіледі.
Оқушыларды тестілеуге кіргізу және емтихан материалдарын ашу
Оқушылар аудиторияға бір-бірден кіргізіледі. БСБД өкілі оқушылардың аудиторияға тыйым салынған заттарды алып кірмеуін қадағалайды.
Емтихан материалдары салынған қорап аудиториялардың бірінде (егер олар бірден көп болса) сыныптағы үш оқушының қатыстырылуымен ашылады.
Шақырылған оқушылар қораптағы мөрдің бүтіндігін тексереді. Қорап ашылғаннан кейін ондағы емтихан материалдарына санау жүргізіледі, нәтижесі емтихан материалдарын ашу актісіне толтырылады және оқушылардың қолдары қойылады. Акт білім беру ұйымының мөрімен расталады.
Тестілеу кезіндегі оқушының тәртіп сақтау ережесі
Тестілеу барысында тестіленушіге сөйлесуге, өздігінен бір орыннан екінші орынға ауысып отыруына, емтихан материалдарымен алмасуға және көшіруге, шпаргалка және басқа да анықтамалық материалдарды, калькулятор, фотоаппарат, мобильді байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшетниктер, iPad, iPod, iPhone, SmartPhone), ноутбуктер, плейерлерді қолдануға тыйым салынады.
Тестілеу уақытында тестіленушіден тыйым салынған заттар табылған жағдайда аудиториядағы аттестаттау комиссиясының мүшесі БСБД өкілін хабардар етеді. БСБД өкілі тестіленушінің қатысуымен тыйым салынған заттардың тәркіленуі туралы акт (ерікті түрде) жасайды. Ол оқушының тестілеу нәтижесі жойылады, жауап парағы сканерленбейді.
Емтихан материалдарын тарату
Емтихан материалдарын таратпас бұрын БСБД өкілі оқушылардың тестілеу кезіндегі тәртіп сақтау ережесін естеріне салады.
Алдымен оқушыларға жауап парақтары таратылады. Жауап парақтары таратылғаннан кейін БСБД өкілі оны толтыру принципін түсіндіреді. Жауап парағы көк автоқаламмен толтырылады.
Оқушылар қатесіз және өзгертусіз жауап парағын мұқият толтырады. Жауап парағы қате толтырған жағдайда жаңа жауап парағы берілмейді.
Жауап парағын толтыру ережесі:
«Тегі-Фамилия» секторындағы жоғарғы бос торшаларға көлденең бағытта оқушының тегі баспа әрпімен жазылады. Әрбір торшаның астындағы дөңгелекшеден сәйкес әріптерді тауып, бояйды;
«Аты-жөні-Инициалы» секторындағы жоғарғы бос торшаларға атының және әкесінің атының бірінші әріптері жазылады және торшаның астындағы дөңгелекшеден сәйкес әріптер боялады;
«Нұсқа-Вариант» секторына оқушылар сұрақ-кітапшасын алғаннан кейін нұсқа нөмірін көшіріп жазады;
пәндер бойынша сұрақтардың жауаптары сәйкес секторларға боялады.
Әрбір тапсырма берілген бес жауаптан бір дұрыс жауап нұсқасын таңдауды талап етеді. Таңдалған жауапты сәйкес дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілейді.
Жауап парағының қызметтік секторлары («Тегі - Фамилия», «Аты-жөні - Инициалы» секторлары) толтырылғаннан кейін сұрақ-кітапшалары таратылады. Сұрақ-кітапшалары қатар отырған оқушыларға бірдей нұсқа түспейтіндей етіп таратылады. Сұрақ-кітапшалары таратылғаннан кейін жауап парағындағы «Нұсқа - Вариант» секторы және сұрақ-кітапшасының мұқабасы баспа әріптерімен толтырады.
Қызметтік секторларды толық толтырғаннан кейін БСБД өкілі тақтаға тестілеудің басталу және аяқталу уақытын жазады. Осы мезеттен бастап сұрақтар қою және түсіндіру жұмыстары тоқтатылады.
Тестіленетін пәндердің саны: 4-сыныптарда – екі, 9 сыныптарда – үш және 11 сыныптарда – төрт. Әрбір пәнге 30 минут беріледі. Сұрақ-кітапшаларын тарату мен жауап парақтарының қызмет секторларын толтыру тестілеуге берілген таза уақытқа кірмейді.
Тестілеу кезінде БСБД өкілі немесе аттестаттау комиссиясының мүшесі аудиториядан шықпайды және ол оқушылардың тестілеу кезіндегі тәртіп сақтауларын қадағалайды. Оқушыларға әрбір 30 минут сайын қанша уақыт өткенін ескертіп отырады.
Тестілеу кезінде аудиторияға бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынады. Қажет болған жағдайда аттестаттау комиссиясы төрағасының келісімімен мектеп өкілдерінің (әлеуметтік педагог, психолог, сынып жетекшісі, егер тестілеу пәндерінен сабақ бермейтін болса) қатысуына рұқсат беріледі.
Тестілеу аяқталғаннан кейін емтихан материалдарын қабылдау және тапсыру
Тестілеу аяқталғаннан кейін тестілеу материалдары: жауап парақтары мен сұрақ кітапшалары әрбір оқушыдан жеке-жеке қабылданады. Оқушы БСБД өкіліне жауап парағы мен сұрақ кітапшасын жауап беруді аяқтаған соң немесе тестілеу уақыты біткеннен кейін тапсырады.
БСБД өкілі оқушының жауап парағының барлық қажетті секторларының және сұрақ-кітапшасының мұқабасының толық толтырылуын тексереді.
Тестілеу аяқталғаннан кейін БСБД өкілі жауап парақтарын (пайдаланылған) «Интервоид» пакетіне салады және мөрлейді, сұрақ- кітапшалары (пайдаланылған және пайдаланылмаған) және пайдаланылмаған жауап парақтары қорапқа салынады.
БСБД өкілі нәтижелерді өңдеу үшін барлық тестілеу материалдарын ҰТО филиалына жеткізеді.
Тестілеу нәтижелерін өңдеу және бағалау
Тестілеу нәтижелерін өңдеу жауап парақтарын сканерлеу арқылы іске асырылады. Сканерлеуден бұрын сканерлеу уақыты, оқу орны және жауап парақтары өңделетін сканер тексеріледі. Пайдаланылған жауап парақтары ғана сканерленеді.
Сканерлеу барысында әрбір жауап парағының толтырылуы тексеріледі. Жауап парағының толтырылуынан қате табылған жағдайда барлық деректер тестілеу материалдарымен сәйкестендіріледі (оқушылар тізімі, сұрақ-кітапшалары, жауап парақтары) және деректер базасына енгізіледі.
«Тегі - Фамилия», «Аты-жөні - Инициалы», «Нұсқа - Вариант» секторларына ғана түзетулер енгізуге болады.
Қателер түзетілгеннен кейін тестілеу нәтижесі бағаланады.
Бағалаудың нәтижесі бойынша сынып немесе сыныптың литері бойынша тестілеу ведомосі қалыптастырылады.
Емтихан ведомосі ҰТО филиалы жетекшісінің және БСБД өкілінің қолымен расталады және ҰТО филиалының мөрі басылады.
Оқушылардың жауап парақтары өңделгеннен кейін тестілеу нәтижесі телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберіледі.
Қапшықтарды ашу актілері ҰТО филиалдарына тапсырылады.
Орта білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау кезіндегі кешенді тестілеуді ұйымдастыру мен өткізудің технологиялық нұсқаулығына
1 қосымша
Емтихан материалдары салынған қаптарды ашу туралы
АКТ
Облыс________________________________________
Күні ______________ Уақыт: ___ сағат ___ минут.
Біз, төменде қол қоюшылар, емтихан материалдары салынған қаптарды аштық, қаптағы емтихан материалдары салынған қораптарға санау жүргіздік.
Қап бүтін, Ұлттық тестілеу орталығының пломбасы бар және аудан (қала) мен мектептің атауы көрсетілген құлақша жапсырылған.
Емтихан материалдары салынған қораптар саны ____________ дана.
Пломб нөмірлері №____________________________________________
______________ ______________ ______________________________
Аттестаттау комиссиясының мүшелері:
1) ______________________________ _______________
(аты-жөні) (қолы)
2) ______________________________ _______________
(аты-жөні) (қолы)
Білім беру ұйымдарының өкілдері:
3) ______________________________ _______________
(аты-жөні) (қолы)
4) ______________________________ _______________
Білім беру ұйымының мөрі
(аты-жөні) (қолы)
Орта білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау кезіндегі кешенді тестілеуді ұйымдастыру мен өткізудің технологиялық нұсқаулығыына
2 қосымша
Емтихан материалдарын сыныпта ашу туралы
АКТ
Облыс _______________________________________________
(атауы)
Аудан (қала)___________________________________________
(атауы)
Білім беру ұйымы_______________________________________
(атауы)
Сынып___________________________ Күні____________
Біз, төменде қол қоюшылар, емтихан материалдары салынған қорапты аштық, емтихан материалдарына санау жүргіздік. Санау нәтижесі төмендегі кестенің «Нақты саны» бағанында көрсетілді.
№
|
Емтихан материалдарының атауы
|
Жоспар бойынша саны
|
Нақты саны
|
таратылды
|
қалғаны
|
Ескерту
|
1
|
Жауап парағы
|
|
|
|
|
|
2
|
Сұрақ-кітапшалары
|
|
|
|
|
|
3
|
Жауап парақтарына арналған интервоид
|
|
|
|
|
|
1-оқушы: _____________ ______________________________________
(қолы) (аты-жөні)
2-оқушы: _____________ ______________________________________
(қолы) (аты-жөні)
3-оқушы: _____________ ______________________________________
(қолы) (аты-жөні)
Аттестаттау комиссиясының мүшесі:___________________________________________________
(аты-жөні) (қолы)
Білім беру ұйымының
Білім беру ұйымының мөрі
директоры:_______________________________________________________ __________________
(аты-жөні) (қолы)
Орта білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау кезіндегі кешенді тестілеуді ұйымдастыру мен өткізудің технологиялық нұсқаулығы
3 қосымша
«БЕКІТЕМІН»
Директор ______________
______________________
Күні__________________
Білім беру ұйымының мөрі
Мемлекеттік аттестаттауға жататын мектептің
оқушыларының тізімі
Облыс ______________________ Аудан ______________________
Білім беру ұйымы _____________________________________________
4 сынып
9 сынып
№
|
Аты-жөні
|
Сынып және сыныптың литері
|
Ескерту
|
|
|
|
|
|
|
|
|
11 сынып
№
|
Аты-жөні
|
Сынып және сыныптың литері
|
Ескерту
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Орта білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау кезіндегі кешенді тестілеуді ұйымдастыру мен өткізудің технологиялық нұсқаулығыгна
4 қосымша
4-сыныпқа арналған жауап парағы
Орта білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау кезіндегі кешенді тестілеуді ұйымдастыру мен өткізудің технологиялық нұсқаулығына
5 қосымша
9-сыныпқа арналған жауап парағы
Орта білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау кезіндегі кешенді тестілеуді ұйымдастыру мен өткізудің технологиялық нұсқаулығы
6 қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |