Берілген сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз, сөйлем құрыңыз. жазыңыз.
Жіпсіз байлану. Бармағын тістеу. Тақырға отыру. Шашын жұлу. Көзі шарасынан шықты.
Газет, журнал беттерінде кездесетін ауызекі сөйлеу стиліне тән қыстырма сөзді теріпжазыңыз.
Мәтінді сөздікті пайдаланып, қазақшаға аударыңыз. Іссапар туралы ақпаратты есіңіздесақтаңыз.
Служебная командиро́вка
Служебная командиро́вка — поездка работника по распоряжению работодателя на определённый срок для выполнения служебного поручения вне места постоянной работы.
Днём выезда в командировку считается дата отправления поезда, самолёта, автобуса или другого транспортного средства от места постоянной работы командированного, а днём приезда из командировки — дата прибытия указанного транспортного средства в место постоянной работы. При отправлении транспортного средства до 24 часов включительно днём отъезда в командировку считаются текущие сутки, а с 00 часов и позднее — последующие сутки. При направлении работника в командировку за ним сохраняется место работы (должность) и средний заработок. Работнику возмещаются расходы, связанные со служебной командировкой.
9.. Мәтінді оқып, мәтіндегі сапарға шығудың пайдасы туралы айтылған сөйлемді жазыңыз. Өзіңіз сапарға шықтыңыз ба? Онда қандай жағдайлар болды? Досыңызбен жолсапар туралы сұхбаттасыңыз.
Сапарға жиі шығу адамға бақыт сыйлайды
Гарвард университетінің (АҚШ) ғалымдары Британияның «Cancer Research» зерттеу орталығымен 7 жыл бойы бірлесіп жасаған зерттеу қорытындыларын жария етті. Онда адамның бақытты болуы үшін айына 1-2 рет сапарға шығу жеткілікті деген тұжырым жасалған. Мамандар, тіпті де алысқа сапарлаудың қажеті жоқ дейді, демалыс күндері отбасымен немесе достармен көрші қалаға сапар жасаса да жеткілікті екен, деп жазады «VistaNews» порталында.
Нақтырақ айтқанда, зерттеудің негізгі түйіні мен қорытындысында адам сапарға шығып тұрса, түрлі психологиялық «ауытқуларсыз» өмірін бірқалыпты арнаға сала алады екен.