Кәсіби қазақ тілі оқу-әдістемелік құрал



бет117/121
Дата01.09.2022
өлшемі2,26 Mb.
#148540
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   121
Байланысты:
проф упп Жакыбай

СӘЙКЕСТЕНДІРҢІЗ


Екеу болсаң, бір-біріңмен ақылдас,
Жалғыз болсаң, өз-өзіңмен ақылдас
Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

  1. Родни много, а мать – одна. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса ,төбедегі келеді.

  1. Семь раз отмерь; Один раз отрежь.

  2. Если вас двое, посоветуйтесь друг с другом;

Если ты один, посоветуйся еще раз сам с собой.
Біреу малыңа жолдас, Біреу жаныңа жолдас. Туысқан көп,
ал анаң – біреу.

6 .Первое из искусств – слово. Жақсы сөз – жарым ырыс.

7. Доброе слово – половина счастья
Өнердің төресі – сөз.

МӘНЕРЛЕП ОҚЫП ҮЙРЕНІҢІЗ!!!!!!


БӘСЕКЕ
Өмірдің өзі бәсекеден тұрады. Дұрыс өмір сүру үшін күрес те – бәсеке. Қоғамның дамуы үшін де бәсеке керек. Кеңес дәуірі кезеңінде тек мемлекеттік меншік болған. Ал бір ғана меншік болған жерде бәсеке болмайды
Өндірісте, кәсіпорында т.б. жерлерде өзара бәсекелестік болса, оның өнім шығаруында ынталылық пайда болады да, оның сапасы да жоғарылайды. Кейде бәсекелес компаниялар немесе белгілі бір топтар бірлесіп, өз өнімдерін әрі сапалы, әрі сұранысқа қарай мол шығаруы мүмкін. Сөйтіп, өз бәсекелестерінің алдына шығады. Яғни бәсекелестік кезеңінде әрі жарыса, әрі бірлесе жұмыс істеуге болады. Бүгінде бірлесе жұмыс істеу қоғамның және сол қоғамның әлеуметтік дамуына зор ықпал етеді. Кәсіпорындарды және азаматтарды еңбек өнімділігін арттыруға, өндіріс шығынын азайтуға, қорлану мөлшерін ұлғайтуға, ғылыми-техникалық ілгерілеу қарқынын, экономикадағы ұйымдық және құрылымдық өзгерістерді жеделдетуге құлшындыратын сыртқы өндіргіш күш ретінде әрекет етеді. Өркениетті қоғамда бәсекенің тек әділетті түрі ғана жүзеге асырылуы қажет.
Бәсеке - белгілі бір қызмет аясында экономикалық мүдделердің қақтығысы кезінде жеке және заңи тұлғалардың бақ таласуы, жарысуы, яғни тауар өндірушілер арасында өз мүдделерін қанағаттандыру, тауарларды өндіру мен өткізудің тиімді жағдайына жету, неғұрлым жоғары пайда алу үшін болатын экономикалық мүдделердің бақталастығы.
Қазіргі нарықтық заманда түрлі қызмет көрсету сапасының әлемдік тәжірибеде бәсекелестікке төтеп беруі оның басқару орындарының білгірлігімен байланысты. Дұрыс ұйымдастырылып, біліктілікпен жұмыс істеу нәтижелі болмақ. Мұндай жағдайда нарықта қызмет көрсету сапасы әлемдік бәсекелестікте маңызды орынды иелене алады.
Біздің елімізде нарықтық заманда қызмет көрсету сапасы әлемдік тәжірибеде бәсекелестік тұрғысынан тиісті орнын алу жолында даму үстінде. Қазір дүние жүзі халықтарының түрлі кездесулерге келіп, тәуелсіз еліміздің стандартқа сай сапалы қызметіне риза болуы алдағы уақытта әлемдік тәжірибеде бәсекелестік тұрғысынан өз орнын алатынын айғақтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет