Кәсіби қазақ тілі оқу-әдістемелік құрал



бет21/121
Дата01.09.2022
өлшемі2,26 Mb.
#148540
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   121
Байланысты:
проф упп Жакыбай
Ахметова М.К, attachment, attachment, TEST, Улул, Улул, Pdf, Pdf
ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР
Жұмысқа тұрарда қойылатын 5 қиын сұрақ
Жұмысқа тұрарда міндетті түрде жұмыс берушімен әңгімелесу болары анық және олар қоятын сұрақтар да ұқсас болып жатады. Өзіңізді жақсы қырыңыздан көрсету үшін сұрақтарға қалай дұрыс жауап беру керек?
    • Ең үлкен кемшілігіңіз не?


Мұндай сұрақтар кандидаттың өз кемшілігін мойындап, егер бұл болашақтағы міндеттерін орындауға кедергі келтіретін болса сұрыптаудан шығарып жіберу үшін қойылады. Бұл сұраққа, мысалы, түске дейін өнімділігіңіз ақырындап ояна бастайды, ал түстен кейін екі есе өнімді жұмыс істеймін деп жауап беруіңізге болады. Есіңізде болсын, жұмысқа тұру кезіндегі әңгімелесуде тек жақсы жақтарыңызды көрсетуіңіз керек.
    • Қандай жалақы алғыңыз келеді?


Мұндай жағдайда жұмыс беруші төлей алар жалақыдан төмен соманы айтып қоюыңыз мүмкін. Мұндай болмас үшін өзіңіз келісе алатын минималды сома мен максималды мөлшерді атаңыз. Егер жұмыс беруші нақты соманы ата десе, осы компаниядағы орташа жалақыдан көбірек соманы айтыңыз. Алдын ала өз салаңыздағы немесе сол компаниядағы орташа жалақы қанша екенін біліп алыңыз.
    • Неге біз дәл сізді жұмысқа алуымыз керек деп ойлайсыз?


Осы сұраққа алдын ала дайындалып барған жөн. Өз түйіндемеңізді қарап, сіздің жақсы жұмыскер екеніңізді дәлелдейтін 3-5 пунктті белгілеңіз. Өткен жұмыстарыңыздағы жетістіктеріңіз нағыз үлгі бола алады. Бұрынғы жетістіктеріңіз – сіздің болашақ өнімділігіңіздің нағыз болжаушысы.
    • Бұрынғы жұмысыңызда не ұнамады?


Мұндай сұрақты жұмыс беруші бұрынғы жұмысына шағым айтып, өзін жаман жағынан көрсетеді деген есеппен қояды. Мұндай сұраққа, мысалы, ол жақтағы шешу керек мәселелер маған аса қиындық тудырмады, сондықтан толыққанды ашыла алмадым деп жауап беріп көріңіз.
    • 5 жылдан кейін өзіңізді қалай көресіз?


Шындығында «Білмеймін» деген жауап дұрыс болса да, ұтымсыз жауап болмақ. «Мен түрлі мүмкіндіктерді қарастырып көрдім, осы лауазымда өзімді сенімді ұстаймын және болашақта өзімді осы компанияның беделді
қызметкерлерінің қатарынан көремін» деп жауап беріңіз.
Дайындаған:Анар Мұстафина
http://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/3598/



  1. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, дәптерге көшіріп жазыңыз.

  1. Түйіндеме жазуда ... мақсатыңыз – өз өмірбаяныңыз бен ... , мамандығыңызды, ... ұтымды көрсете білу.

(Керекті сөздер: икемділігіңізді, сіздің, жұмыс тәжірибеңізді)

  1. Шағым хатқа ... беруші адам, кейде хат мазмұнына ... мекеменің жауапты

... қол қояды. (Керекті
сөздер: қызметкері, шағым, байланысты)

  1. Ресми-іскерлік қарым-қатынас деп кәсібі, ... байланысты жұмыс немесе қызмет орындарында, ... мекемелерде жүзеге асатын ... түрін айтамыз.

(Керекті сөздер: қарым-қатынастың, мамандығымен, мәдени-көпшілік)

  1. Мінездеме ... басқа бір вакансияға я болмаса ... ұсыну... да жазылады.

(Керекті сөздер: оқу орнына, мақсатында, қызметкерді.



    1. Іс қағаздарының үлгілерін дұрыс сәйкестендіріңіз.




еңбек шарты

приказ

мінездеме

докладная записка

өтініш

справка

баянат

резюме

өмірбаян

автобиография

түйіндеме

контракт

қызметтік хат

заявление

жеделхат

телеграмма

баянхат

характеристика

анықтама

доверенность

бұйрық

протокол

қолхат

рапорт

хаттама

служебное письмо



ЕСІҢІЗДЕ САҚТАҢЫЗ!!!
Алла тағала былай деген:
«Қайырымды іс істеген жанға,– менің рақымым шексіз. Егер мен рақым етіп кешпесем, зұлымдық істеген жанға берер жазам да шексіз.
Кім де кім маған бір елі жақындаса, мен оған бір шынтақ жақындаймын.
Кім де кім маған бір шынтақ жақындаса, мен оған он шынтақ жақындаймын.
Кім де кім маған адымдап келсе, мен оған қарай құшақ жая қарсы ұшамын. Жүрегімен маған сенген күнәһар алдыма келіп, күнәсін кешуді өтінсе, мен оны кешуге әзірмін.
Аманбай Құнтөлеуұлы



    1. Мәтінді оқып, орфографиялық қателерді тауып, түзеңіз. Мәтінде қандай іскери құжат аты аталған? Аталған іскери құжат түрін жазыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет