«Кәсіби бағдар берудің теориясы мен әдістері» пәнін оқу мақсаты, пәні, міндеті



Дата23.02.2022
өлшемі23,73 Kb.
#132996
Байланысты:
1-тапсырма Кәсіби бағдар берудің теориясы мен әдістері


«Кәсіби бағдар берудің теориясы мен әдістері» пәнін оқу мақсаты, пәні, міндеті.

Бүгінгі таңда қоғам алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі заман талабына сай мамандықтарды игерген жастарға сұраныс жоғары. Нарықтағы бәсекелестік күннен-күнге артып келеді. Бүгінгі заман талабы кәсіптік білім беру саласында адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес мыңдаған мамандықтар мен кәсіптерге дайындау – кезек күттірмейтін талап.


Соңғы он жылда жаңадан пайда болып, дамып отырған жаһандық тенденциялар Қазақстандық жоғары білім жүйесінің алдында жаңа тосқауылдар қойып отыр. Сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадрларды сапалы түрде дайындау, түлектердің жұмысқа орналасуын қадағалау жалпы міндеттер қатарында. Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасының мақсаттары қатарында жоғары білікті ғылыми және ғылыми – педагог кадрларды даярлау, педагог мамандығының беделін көтеру мәселелері қарастырылған. Міне осыған орай, бүгінде қойылған мақсатқа жету үшін атқарылып жатқан жұмыстар аз емес.
Қазіргі таңда техникалық, ауылшаруашылығы саласы бойынша мамандықтарға, медицина саласының мамандықтарына, экономика және құқық, педагогикалық мамандықтарға сұраныс өте жоғары. Әсіресе педагогикалық мамандықтардың ішінен еліміздің көптеген жоғары оқу орындарынан ашылған, бүгінде қажет мамандықтардың бірі «Кәсіптік оқыту» мамандығы.
Кәсіптік оқыту мамандығы бойынша білім бакалавры өзінің кәсіби қызметін білім беру саласында атқарады. Аталмыш мамандық түлектері келесі орындарда:

  • жалпы білім беретін мектептер, гимназиялар;

  • оқу-өндірістік комбинаты, тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз ететін және жұмысшылар мен мамандардың біліктілігін көтеру және қайта даярлау орталықтары;

  • кадрларды қайта даярлау және кәсіптік бағдар берудің тұрғылықты және аймақаралық орталықтарында қызмет істей алады.

Кәсіптік оқытушы педагогтың іскерлігінің негізгі бағыты – болашақ мамандардың кәсіби білімін жетілдіру болып табылады. Студенттердің кәсіби дайындығының мақсаты – түрлі ғылыми-педагогикалық тапсырмаларды орындауға және кәсіби білім педагогы мен еңбек технологиялары мұғалімінің кәсіптік қызметінің қажетті функциялары мен түрлерін орындауға бейім маманды қалыптастыру.
Кәсіптік оқыту мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызмет түрлері білім беру (оқу-тәрбиелеу, педагогикалық), ұйымдастыру технологиялық, өндірістік-басқарушылық, жобалау, ғылыми-ізденушілік. Жалпы кәсіптік оқыту мамандығының білім бакалаврының кәсіби қызметі: білім беру, тәрбиелік, дамытушылық, ұйымдастырушылық, конструктивтік, коммуникативтік, ақпараттық, бағдарлық, ұтқырлық, ізденушілік, өндірістік-технологиялық, жобалау, болжамдау, шығармашылық, кәсіпкерлік, дизайнерлік.
Кәсіптік оқыту мамандығы бойынша білім бакалавры кәсіби қызмет түрлеріне сәйкес мынадай міндеттерді шешуі тиіс:
Білім беру қызметі саласына:

  • оқушыларды мектепте, гимназияларда, ОӨК-де, еңбек технологиялары және кәсіптік оқыту бойынша мектептен тыс мекемелерде тәрбиелеу және кәсіптік даярлау;

  • мектеп мұғалімдері мен оқытушылардың, ОӨК шеберлерінің, атааналардың, оқушыларды тәрбиелеу және кәсіптік даярлау, еңбекке, өндіріске оқытуды ұйымдастыру бойынша өндіріс басшылары мен өкілдерінің ұжымдық қызметімен байланысты мәселелерді шешуі;

  • өзінің біліктілік деңгейін көтеру және жетілдіруі.

Эксперименттік-зерттеу қызметі саласында:

  • ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді оқып-білуі;

  • кәсіптік оқыту бойынша білім беру саласындағы озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу және қорытуы;

  • педагогикалық эксперимент өткізу, оның нәтижелерін оқу үдерісіне енгізуі.

Ұйымдастыру-басқару қызметі саласында:

  • кәсіптік оқыту бойынша білім беру мазмұнын әртүрлі деңгейде жоспарлауы;

  • оқыту үдерісін ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістерін анықтауы.

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет саласында:

  • көпмәдениетті тұлға қалыптастыруы; Оқу-тәрбиелік қызмет саласында:

  • оқу-тәрбие жұмыстарын педагогикалық үдерістің зандары, заңдылықтары, ұстанымдары, тәрбиелік механизмдеріне сәйкес іске асыруы;

  • тәрбие жұмыстарын жоспарлауы;

  • нақты тәрбиелік міндеттерді шешуі;

  • кәсіптік оқыту бойынша оқыту мен тәрбиенің әртүрлі формалары мен әдістерін таңдау және қолдануы;

  • оқушылар ұжымымен, осы сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен, ата-аналармен байланыс орнатуы;

Оқу-технологиялық қызмет саласында:

  • оқыту үдерісінде жаңа педагогикалық технологияларды қолдануы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет