Жазылым бойынша жұмысты орындауда білім алушы таңдаған тақырып мазмұнын терең түсініп, оны өз сөзімен жазбаша жеткізе білуі және сонымен қатар өзінің осы тақырып бойынша жеке көзқарасын, тұжырымын да жеткізе білгені жөн.
Егер эссе-шығарма болса, мәтін мазмұнының ауқымы 800-1000 сөзден тұруы тиіс. Реферат мәтінінің ауқымы 10-15 бет, аннотация және кәсіби іскерлік қағаз үлгілері 0,8-1 бет, ал конспект мәтінінің ауқымы 3-5- бет болуы тиіс. Білім алушы сонымен қатар:
• мамандығы бойынша таңдап алған тақырыпқа жоспар құру арқылы, осы тақырып бойынша естіген, оқыған материалды қайта жаңғырта алуы, толықтыруы, өз бетінше өңдей білуі тиіс;
• ғылыми баяндама, мәлімдеме, хабарлама жазу үшін ойды логикалық жүйемен жазбаша құра білуі тиіс;
• нақты мамандығы бойынша оқыған кітаптары, мақалалары немесе тыңдаған хабарлары жайында шағын мәлімдеме, түйіндеме жаза білуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |