Кәсіби лидерлік негіздері оқУ ҚҰралы алматы, 2018 шалғынбава қ.Қ. ӘЛімбекова а. А. «КӘсіби лидерлік негіздері»



бет24/63
Дата29.09.2022
өлшемі0,61 Mb.
#151247
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Кәсіби лидерлік негіздері 2018

6. Әлемге әсер ету. Лидер әлемге ықпал етуі қажет. Ықпал ету дағдысы (коммуникация және шешендік өнер) – бұл табыстың тек жартысы ғана. Екінші жартысы – бұл ғаламтор және әлеуметтік желілер. Бұл өмірді құраушылар. Бүгінде әрбір адам үшін бүкіл әлем барынша ашық. Адамдарға қажетті және пайдалы нәрсе жаса – сонда сен бүкіл әлемге қолжеткізе аласың.
Робин Шарма басқа адамдардың жетістікке жетуіне тиімді көмектесіп отырған лидер. Оның тағы бір дәлелі тұрмыс-жағдайы төмен отбасындағы балалардың өмірде әлеуметтік табыстылыққа жетуіне көмектесу мақсатында «Робин Шарманың балалар қоры» аты қайрымдылық қоры өз қызметін атқаруда.
Сонымен кез келген тарихи кезеңде, қоғамдық-саяси өмірде лидер аса беделді тұлға ретінде танылады.
Лидерлік әлеуметтік феномен ретінде қоғаммен адам үшін этикалық-бағдарлық сипаттағы адамгершілік құндылықты көрсетеді.
Феномен - грек тілінен қазақшаға аударғанда – құбылыс деген мағана береді. Феномен сөзін анықтамалық сөздікте төмендегідей түсіндіреді:
1) феномен объективтік шындықты қамтымай, тек қана санада боладымыс деген идеалистік философиядағы субъективтік құбылыс.
2) ерекше; ерекше құбылыс; феномен (өмірде сирек кездесетін, таңғаларлық нәрсе.
Әрбір жаңа құбылыста мән өзгереді, яғни құбылыс басқаша көрініс тауып, басқа түрде қайта жаңарады.
Лидерлік феномен деп оның мәнінің әр сәттегі өзгерген белгілі бір түрін, оның басқаша даму не өзгеру формасын айтамыз. Адамзат қоғамы қай ғасырда да лидерлік феноменіне ерекше назар аударып келеді. Себебі ұлт өмірін өркендетуші, ақыл-парасатты, саналы да салауатты, ұлтжанды, рухы биік, мәдени-ғылыми өрісі кең ұрпақты тәрбиелеу әр қоғам алдындағы басты міндет. Демек лидерлік мәселесінің тамыры тереңде жатыр, ол адамзаттық өзара қарым-қатынас тарихында ерекше орынға ие.

Лидерлік феноменін анықтайтын қалыптасқан ғылыми теориялар.







Теория

Лидерлік феноменінің ерекшелігі

Зерттеушілер

1

Ұлы адамдар теориясы

Лидер болып туылу керек

Т.Карлейль, Г.Тард және т.б.

2

Бихевиористік теория

Ұлы лидерлер болып туылмайды, қалыптасады

Дж.Б.Уотсон, Э.Торндайк және т.б.

3

Сипат
теориясы

Лидер өзіндік ерекшеліктермен туылады; лидерлік тұқымқуалаушылық негізінде пайда болады; харизматиялық лидер болады

Ф.Гальтон, Э.Богардус, Р.Стогдилл,
К.Бэрд және т.б.

4

Жағдаяттық теория

Лидердің пайда болуы – бұл уақыттың, жағдайлардың нәтижесі

Дж.Шнейдер, Э.Хартли және т.б.

5

Тұлғалық-жағдаяттық теория

Лидер белгілі бір ерекшеліктер жиынтығы, лидерлік анықталған белгілі жағдайда жүзеге асырылатын үдеріс

Г.Герт, С.Милз, Р.Кеттел және т.б.

6

Гуманистік бағыттағы теориялар – «X» және «Y» теориялары

Лидер индивидтің өзінің мақсатын жүзеге асыруы үшін еркіндігін қамтамасыз ететіндей түрлендіріп ұйымдастыруы тиіс; көптеген адамдар жетілген және саналы болуы үшін ішкі әлеуетке ие; бұл теориялар адамдардың ұстанымы мен икемділіктерін сипаттайды

Р.Блейк,
Дж. Мак Грегор және т.б.

7

Лидерліктің мотивациялық теориясы

Лидердің тиімділігі ізбасарлар мотивациясына әсер етуіне байланысты

С.Митчел, С.Эванс және т.б.

8

Алмасу және трансактылы талдау теориясы

Лидер өзінің ізбасарларының қажеттіліктері мен тілектерін сезінеді және оларға жүзеге асыру тәсілдерін ұсынады, қолдау көрсетеді; белгілі мақсатқа жетуге, нақты міндетті шешуге бағдарлануы мүмкін

Дж.Хоманс, Дж.Марч, Г.Саймон, Дж.Тибо және т.б.

9

Саяси лидерлік теориясы

«лидер-ізбасар» қарым-қатынасы лидерлікті анықтайтын басымдылық факторы болып табылады

Ж.Блондель, Дж.Пейдж, және т.б.

10

Лидерліктің синтездік теориясы

Лидердің тұлғасы, топтың мақсаты, топтың мінез-құлқындағы өзгерістерді анықтайтын факторлар (лидер-орта-ізбасар)

Б.Бан,
Ф.Фидлер және т.б.

11

Лидерліктің харизматикалық
теориясы

Лидер харизмамен ерекшеленеді; лидер «болашаққа жарық» үмітін жағады және оған деген сенімін қолдайды; Лидердің харизмасын, оның ұжым мақсатына қызығушылығын күшейтеді. Харизмалық лидердің этикалық бағыттылығы.

М. Вебер
В.М.Басс, Б.Шамир,
Ф. Эриксон,
А. К. Михальская
М. Гантер және т.б.

12

Лидерліктің синтездік теориясы

Лидердің тұлғасы, топтың мақсаты, топтың мінез-құлқындағы өзгерістерді анықтайтын факторлар (лидер-орта-ізбасар)

Б.Бан,
Ф.Фидлер және т.б.

13

Тиімді лидерліктің ықтималдық теориясы (өзара әрекеттестік теориясы)

Лидер өзара әрекеттестіктің инициаторы, оның ықпалы (тұлғалық қасиеттерінің ықпалы) және жағдаяттық өзгерістер (лидер мен ізбасар арасындағы қарым-қатынас, міндеттің мәні, лидердің билік дәрежесі)

Дж. Хоманс,
Дж.Хемфилл,
Р.Стогдилл,
С.Эванс және т.б.

Жоғарыдағы көрсетілген теориялардың ішінде, жүйелілік теория өзіндік ерекшілгіне қарай жан-жақты қарастырылады. Себебі, бұл тұғыр лидерлік сапалардың дамуына әсер ететін сыртқы факторлардың көптүрлілігін, сонымен бірге кәсіби ерекшеліктерді және оның креативтілікте көрініс табуын ескереді. Шығармашылық интеллектуалды белсенділіктің жоғары формасы ретінде әрі жүйетүзуші фактор да бола алады. Ол тұлғаның тұтас қасиет-сапасын, жүйенің интеллектулды және мотивациялық компоненттерінің процессуалды өзара әрекеттестігін және олардың бірлігін қөрсете отырып, тұлғаның жағдаяттық-ынталандырылмаған өнімді іс-әрекетке қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Тұлғаға бағдарланған өзара әрекет біз үшін білімді ізгілендіру жағдайында негізгі құндылық бағдары болып көрінеді, тұлғаның өзіндік даму субъектілеріне айналуы оның мақсаты болып табылады. Болашақ педагогтардың әлеуметтік қарым-қатынаста, іс-әрекетте лидерлік сапалар жүйесін меңгеруі және өзін субъекті ретінде көрсете алуында тұлғаға бағдарланған тәрбиенің, білім берудің және оқытудың маңызы зор. Тәрбиеге тұлғаға бағдарлы тұғырмен келу – педагогтың тәрбиеленушіге тұлға, өзінің дамуының субъектісі, тәрбиелік өзара әрекеттің субъектісі ретінде қарау қатынасы. Тұлғаға бағдарлы білім берудің басты идеясы – оқыту үдерісіндегі субъектілік қатынастарды қалыптастыру.


Соңғы жылдары педагогика ғылымында «тұғыр» деген ұғым білім беру үдерісінің стратегиясы және тактикасын белгілеуде қолданылып келеді.
Тұғыр – педагогикалық нысананы зерттеудегі тәсілдер жиынтығының қатынасы.
Қазақстанда педагогиканың әдіснамасын құруда лидерлік танытқан тұлға п.ғ.д., профессор Ш.Таубаеваның пікірінше, тұғыр – қойылған зерттеу міндеттемелерін шешудің негізгі жолы, ол осы шешімдердің бағыты мен стратегиясын ашады. Ғалым педагогикадағы әдіснамалық тұғырларды жіктеп, оларға жеке сипаттама берген. Көптеген ғалымдар тұғырды білім беру үдерісінің тиімділігін арттыратын кешенді педагогикалық құрал деп түсіндіреді.
Демек тұғыр педагогикалық іс-әрекет тәсілдерін және өзара байланысты идеялар мен ұғымдардың сапалық жиынтығын пайдалануға мүмкіндік тудыратын әдіснамалық бағдар болып табылады. Тұлғаға бағдарлану тұғыры жоғары мектеп студенттерінде өзін-өзі қалыптастыру дағдыларын дамытуға бағытталған педагогикалық үдерістің негізі болып табылады.
Ресей ғалымы И.С.Якиманская тұлғаға бағдарлану тұғырының әдіснамалық негіздерін зерттей отырып, оқу әрекетінде білім алушының субъектілі тәжірибесіне сүйену керек деп есептейді. Субъектілі тәжірибе танымда айқындалатын жеке іс-әрекеттің негізі болып табылады. Сондықтан білім беру үдерісінде білім алушының субъектілі тәжірибесі оқытушының беретін тәжірибесі арқылы мәдени сипатқа ие болып, өзгереді, дамиды, жетіледі. Демек білім алушының тәжірибесі жеке, субъективті, қоғамдық тәжірибелердің үйлесімінде, бірлескен әрекетінде, меңгерген субъективті тәжірибесіне сүйенген жағдайда ғана нәтижелі болады.
Е.В.Бондаревская тұлғаға бағдарлану тұғырының теориялық негіздерін талдау жүасап, білім беру сапасының қоғамдағы мәдениет дәрежесіне сәйкес болу ұстанымын ұсынды .
Педагогикада тұлғаға бағдарлап оқытудың міндеттерін шешудің түрлі нұсқалары мен құралдары кездеседі. Соның бірі В.В. Сериков өз үлгісінде оқу үдерісі субъектілерінің төменде берілген жеке тұлғалық қызметін толық көрсету және дамыту үшін жағдайлар жасау қажеттілігін ерекше атап көрсетеді: мотивация (әрекетті қабылдау және негіздеу); байланыстыру (сыртқы әсерлер мен ішкі сананың түрткілеріне қатысты); коллизиялық (өмірдің жасырын қайшылықтарын көру); сыни (сырттан ұсынылатын құндылықтар мен қағидаларға қатысты); рефлексивтік, мағыналы-шығармашылық, бағдарлы (дүниенің жеке бейнесін – жеке дүниетанымды құру); ішкі дүниенің өзін-өзі реттеуін және орнықтылығын қамтамасыз ететін қызметтер, шығармашылықпен, жасампаздықпен, өзінің міндеттерін жүзеге асыру (өзін айналасындығыларға мойындатуға талпыну), өзі талабына қарай рухани деңгейін қамтамасыз ету.
Н.А.Алексеев жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мәнін, бір жағынан оқушы мен мұғалімнің байланысымен, екінші жағынан, оқушының мәдениетте танылуы арқылы өзінің жеке тұлғасын құруынан тұратын «мәдени акт» деген түсінікпен байланыстырады. Ол тұлғаға бағдарлану үлгісін субъективті және тұлғаға бағдарлана оқыту деп екіге бөледі. Субъективті бағдарлана оқыту оқушылардың қиялын еңбек іс-әрекетін ұйымдастыруда өздігімен дербес, «операциялық-орындаушылық» мәндегі белсенділігін дамытуға бағытталады.
Е.Н. Степанов тұлғаға бағдарлану тұғырын педагогикалық қызметтегі әдістемелік бағдар ретінде анықтайды. Тұлғаға бағдарлану тұғыры өзара байланысты түсініктер, идеялар және әрекет ету тәсілдері жүйесіне тірек болу арқылы тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі көрсету және өзін-өзі жүзеге асыру, өзінің қайталанбас даралығын дамыту үдерістерін қамтамасыз етуі және қолдауы мүмкін. Оның пікірінше, тұлғаға бағдарлану тұғыры білім алушылармен өзара әрекеттесетін мемлекеттік және қоғамдық институттардың емес, көп жағдайда білім алушылардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Бұл тұғырды қолданған кезде педагогтар студенттерде әдеттегі әлеуметтік қасиеттерді қалыптастыруға емес, олардың әрқайсысында әмбебап тұлғалық қасиеттерді дамытуға негізгі күш салады, бұл оқытушылар мен студенттер арасында субъекті-субъектілік қатынастардың пайда болуына әсер етеді.
Тұлғаға бағдарлану тұғыры жалпы теориялық тұрғыда білім мазмұнының мәніне қатысты көзқарастарды да өзгертті. К.Өстеміровтың зерттеуінде білім беру сатыларының ерекшелігіне байланысты мектепке дейінгі білім беруде – жеке тұлғаға бағдарлана тәрбиелеу және дамыту, бастауыш мектепте – субъективті бағдарлана оқыту және дамыту, базалық білім беру сатысында – жеке тұлғаға бағдарлана тәрбиелеу, бітіруші сатысында – жеке тұлғаға бағдарлана оқыту, мектептен кейінгі білім беру сатысында – жеке тұлғаға бағдарланаған кәсіби білім беру деп бөліп көрсеткен.
Педагогтардың кәсіби лидерлік сапаларын дамыту мәселесін шешуде тұлғаға бағдарлану, орта, іс-әрекеттік, ақпараттық, мотивациялық, құзыреттілік, жүйелік, құндылық, интегративтілік, т.б.тұғырларды басшылыққа алынады.

Кәсіби лидерлік сапаларын дамыту мәселелерін зерттеу тұғырлары.







Тұғырлар

Сипаттамасы

Ғалымдар

1

Тұлғаға бағдарлану тұғыры

Қазіргі педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері, баланың дара, шығармашылық ерекшеліктерін ашу және есепке алу.

А.Адлер, Басов А.П,
Ш.А.
Амонашвили,
Д.Б. Эльконин,
Б.Г Ананьев,
В.Ф. Шаталова,
В.В. Давыдова,
В.Ф. Занкова, Е.Н. Степанова және т.б.

2


Жүйелілік тұғыры

Білім беру жүйесінде жеке тұлғаның дамуы, бәрінен бұрын, білім беру және тәрбие үдерісінің негізі болып табылатын әмбебап оқу іс-әрекеттерін қалыптастыру арқылы қамтамасыз етіледі.

А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин,
Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин,
В.Г. Афанасьев және т.б.

3

Мотивациялық тұғыр

Басқару субъектілерінің қажеттіліктері мен қызығушылықтарын есепке алады.



А.Маслоу
К. Альдерфер,
Д.Мак-Грегор,
Д. Мак-Клелланда және т.б.

5

Құндылық тұғыр

Құндылықтар жеке тұлғаның өзекті білімі, мәдениетінің жүйелі бөлшегі, адамгершілікке деген қажеттіліктің айқындалуы. Табиғи құндылықтар – адамның күші мен жан дүниесінің қабілеттілік құндылықтары; жүре пайда болған құндылықтар адамның интелектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар,жалпыазаматтық құндылықтар.

К. Ходжкинсон, Г.Фейрхольм, Р.Гринлифа,
Т. Кучмарски,
С. Кучмарски
Р.Л.Кричевский, З.И. Равкин.
және т.б.

6



Ақпараттық тұғыр

Ақпараттық тұғыр – табиғат пен қоғамның нысандарын, үрдістерін немесе құбылыстарын ғылыми тұрғыдан танудың әдісі, бұл әдіске сәйкес, ең алдымен, зерттеліп отырған нысандардың қызмет етуі мен дамытуын анықтайтын сипаттаушы түрлі ақпараттық аспектілер айқындалып, талданады.

Л.В.Гайдаренка,
В.Г. Афанасьев
және т.б.



7

Құзыреттілік тұғыр

Құзыреттілік тұғыр – білім берудің мақсатын айқындаудың, білім беру мазмұнын іріктеудің, білім беру үдерісін ұйымдастырудың және нәтижелерін бағалаудың жалпы қағидаларының жиынтығы.

Э.Ф. Зеер, И.А. Зимняя, А.В. Хуторской, Д.Б. Эльконин және т.б.

8


Іс-әрекет тұғыры

Лидерлік үдерісінің негізгі детерминанты топтың мақсаты мен міндеттері болып табылады, кімнің лидер болатынын және лидерліктің қандай стилі аса маңызды екенін анықтайды; топта лидерді айқындау және оның стилін анықтау үшін әдістеме құрады.



И.Фихте
Г.Гегель
А.Н.Леонтьев, М.Я. Басов,
С.Л. Рубинштейн
және т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет