Кәсіби шығармашылық факультеті Дене шынықтыру кафедрасы МӘнжазба тақырыбы


III.Дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері



бет3/6
Дата18.05.2023
өлшемі53,67 Kb.
#177110
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
дш реферат 1

III.Дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері.
1. Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.
Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. Жас адамдардық денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді.
Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады. Дене тәрбиесі жүйесінің мақсаты мен міндеттері Дене тәрбиесі жүйесі дегеніміз – әлеуметтік-экономикалық заң-құқықтық, ғылыми-әдістемелік нормативтік-бағдарламалық негіздердің жиынтығы және республика дене тәрбиесі мен спорт мәселелерін үйлестіріп, әрі басшылық етіп отыратын ұйымдар мен мекемелер. Дене тәрбиесі жүйесінің басты мақсаты – күш-қуаты мықты, жан-тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдарды тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегідей жалпы міндеттерге негізделген: 1. Білім беру міндеттері – қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгерту және дене тәрбиесі көлемінде арнайы білім беру. 2. Сауықтыру міндеттері - дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен денсаулықты нығайтады. 3.Тәрбиелік міндеттері – адамгершілік, дене қасиеттерін қалыптастыруға, өнегелі, көркемдік танымдарды үйренуге негізделген. Сауықтыру тобына келесі міндеттер кіреді: адам орга- низмінің морфофункционалды көрсеткіштерін жоғарылату (жүйенің құрылымына да, жүйесіне де қатысы бар); физикалық қасиеттердiң жас ерекшеліктеріне сай дамуын қамтамасыз ету; организмнің сыртқы ортаның қолайсыз әсерлерiне төзімділігін күшейту. Білім беру тобына келесі міндеттер кіреді: салауатты өмір салты, қозғалыс белсенділігі, валеология саласында арнайы білім беру жүйесін қалыптастыру; өмір сүру процесінде қолдану үшін қозғалыс дағдылары мен машықтарын қалыптастыру; дене жаттығуларын жеке және топпен жасау кезіндегі гигиеналық білім жүйесі мен дағдыларын қалыптастыру. Тәрбиелеу тобына келесі міндеттер кіреді: әлеуметтiк, адамгершiлiк, зияткерлiк, ерiктiк қасиеттерді, таным белсендiлігiн қалыптастыру, қозғалыс қызметі негізінде этикалық және эстетикалық қасиеттерді тәрбиелеу. Тәрбие процесі дене тәрбиесi оқытушысының, тренердің тұлғасына, оның моральді этикалық қасиеттеріне бағынышты болады, себебі тренерсіз жеке немесе топпен жасалған дене жаттығуларының тәрбиелік маңызы болмайды.Қозғалыс, музыка, жақсы қарым-қатынастар - бұлар дене тәрбиесі процесінде тұлғаны тәрбиелеуде қарапайым да қол- жетімді факторлар.Мiндеттердi сауықтыру, білім беру, тәрбиелеу деп бөліп қарастыру шартты түрде ғана жүзеге асады, алайда дене тәрбиесінің жалпы процесінде олар бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, үйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі.
Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз - демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану.
Мектепте дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады. Олардың жұмысының мазмұны:
• шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жаңсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау.
• оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту, дене шынықтыру және сауықтыру жұмысын тиімді өткізу.Дене тәрбиесін мектепте және мектептен тыс оқу орындарында спорттық базаларда іске асыру үшін төмендегі талаптарды еске алған жөн:
• оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу.
• шәкірттің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру.• спортпен шүғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту.
• негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет