Кəсіпкерлік инфрақұрылымының мəні мен ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында жеке кəсіпкерлікке қатысты мемлекеттік саясат қосылған
құны жоғары жаңа озық технологиялық өндірісті құруға бағытталған шағын кəсіпкерлікті
дамыту жолымен орта тапты қалыптастыруды көздейді.Кəсіпкерлікті дамытудағы
мемлекеттің рөлі-бизнесті дамыту бойынша қызметтер көрсететін институттар жүйесін
жасақтау жəне сəйкес нормативті-заңнамалық базаны қалыптастыру арқылы тұрақты
əрі қолайлы бизнес ортаны құрумен сипатталады.
Кəсіпкерліктің қарқынды дамуы мен тиімді жұмыс жасауына кəсіпкерлікті қолдау
инфрақұрылымы айтарлықтай оң ықпал етеді.
Кəсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы-бұл кəсіпкерлік субьектілерін дамытуға
көмектесетін жəне оларға өз қызметін жүргізуге қажетті жағдайлар жасауды
қамтамасыз ететін ұйымдар мен бірлестіктер жиыны.
Қазақстандағы мұндай ұйымдар мен бірлестіктерге келесілерді жатқызуға болады:
Мемлекеттің бастамасымен құрылған ұйымдар жəне мемлекеттік органдар;
Қоғамдық жəне үкіметтік емес ұйымдар,салалық ассоциациялар;
Халықаралық ұйымдар жəне шетелдік ұйымдардың өкілдіктері;
Коммерциялық құрылымдар( ақпараттық-аналитикалық,маркетингтік,консалтингтік
компаниялар жəне несиелік ұйымдар мен банктер);
Бизнес-инкубаторлар,индустриалдық аймақтар жəне технологиялық парктер;
Функционалдық бағытталуына байланысты инфрақұрылым институттарының
құрылымын келесі түрде көрсетуге болады:
бизнестің қалыптасуы,дамуы жəне қызмет етуі кезеңдерінде көмек көрсету жəне
мемлекеттік қолдау
Қаржылық қолдау
Ақпараттық аналитикалық қолдау
Біліктілікті жоғарылату жəне оқыту бойынша қолдау
материалдық-техникалық қолдау
Мемлекеттің бастамасымен құрылған ұйымдар жəне мемлекеттік органдарға
төмендегілер жатқызылады:
Кəсіпкерлікті дамыту саясатын іске асыратын жəне оған жауапты жоғары мемлекеттік
орган- Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігі.Бұл министрлік орталық
атқарушы орган болып табылады жəне оның ұйымдық құрылымына «Кəсіпкерлікті
дамыту саясаты департаменті»кіреді.Ол аталмыш министрліктің құрылымдық
бөлімшелеріне жетекшілік жасайтын салалары бойынша кеңес беру көмегін
көрсетеді.Сонымен қатар,Департамент өз құзіретін шегінде халықаралық қаржылық
жəне экономикалық ұйымдармен өзара əркеттесу бойынша ұсыныстарды
əзірлейді.Оның құрамына Жиынтық-талдау басқармасы,Кəсіпкерлік қызметті
нормативтік-құқықтық реттеуді жетілдіру басқармасы,Мемлекеттік рұқсат беру жүйесін
реформалау басқармасы,реформалау басқармасы кіреді.
Елімізде кəсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік құрылымының келесі деңгейі жергілікті
атқарушы органдар болып табылады.Яғни,Алматы жəне Астана
қалаларының,облыстардың əкімдерінің аппараты.Кəсіпкерлікті дамыту мен қолдау
бойынша мемлекеттік саясаты іске асыру үшін əкімдіктер жанынан құрылған
департаменттердің( басқармалар),оның құрамына кəсіпкерлікті дамытуға ықпал ететін
бірнеше бөлімдер кіреді.Мəселен,Алматы қаласы əкімдігінің Алматы қаласы
кəсіпкерлік,индустриалды-инновациялық даму жəне ауыл шаруашылығы басқармасы
бар.Ал оның құрамына шағын бизнес бөлімі,сауда бөлімі,өнеркəсіп бөлімі т.б кіреді.
Мемлекет пен кəсіпкерлердің өзара іс-қимылын жандандыру мақсатында Қазақстан
Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сəуірдегі 1560 Жарлығымен Президент
жанындағы Кəсіпкерлер кеңесі құрылды.Бұл кеңес кəсіпкерлікті дамыту жəне оны
тиімді мемлекеттік қолдау мəселелері жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін
консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Кеңестің негізгі міндеттері мыналар:
кəсіпкерлікті дамытуға жəне қолдауға бағытталған ұсыныстарды əзірлеу,нарықтық
экономиканың дамуына ынталандыратын жағдайлар жасау;
Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін іскерлік топ,кəсіпкерлік қауымдастық жəне
одақтарды шоғырландыру;
-кəсіпкерлік саласында маңызды мемлекеттік проблемаларды шешу үшін
ұсынымдарды əзірлеу болып табылады.
Мемлекет кəсіпкерлікті қолдауда
қаржылық,ақпараттық-аналитикалық,материалдық-техникалық қамтамасыз ету
функцияларын орындайды.Кəсіпкерлікті қолдаудың мұндай нысандарының барлығы
жергілікті жəне өңірлік деңгейде қабылданатын əртүрлі бағдарламалар көмегімен
атқарушы органдар арқылы,сондай-ақ осы мақсатта мемлекеттің қатысуымен арнайы
құрылған ұйымдар арқылы да жүзеге асырылады.Мұндай ұйымдардың қатарына
«Даму» кəсіпкерлікті дамыту қоры АҚ жəне оның аймақтық филиалдарын,
«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «Қазақстанның даму банкі»АҚ т.б
жатқызуға болады.
Қоғамдық жəне үкіметтік емес ұйымдар,салалық қауымдасдықтар (ассоциациялар)
Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) бұл заңға қайшы келмейтін,ортақ мақсаттарға жету үшін
ерікті негізде азаматтармен құрылған коммерциялық емес ұйымдар.Олар азаматтық
қоғамды қалыптастыру мəселелерінде,əлеуметтік проблемаларды шешуде мемлекет
пен азаматтардың арасында делдал рөлін механизмдерінің бірі болып табылады.
Кəсіпкерлікті қолдау сферасында үкіметтік емес ұйымдар қоғамдық
бірлестіктер,қорлар,ассоциациялар одақтар нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктері
түрінде құрылуы мүмкін.
Қоғамдық бірлестік азаматтардың ерікті түрде бірігуі нəтижесінде құрылған ұйым болып
табылады. Қазақстан Республикасында қоғамдық бірлестіктер болып,саяси
партиялар,кəсіптік одақтар жəне азаматтардың заңдарға қайшы келмейтін,өздерінің
ортақ мақсаттарына жету үшін ерікті негізде құрған басқа да бірлестіктер танылды.
Мұндай бірлестіктер ҚР азаматтарыныңсаяси,экономикалық,əлеуметтік мəдени
құқықтары мен мүдделерін қорғау жəне іске асыру мақсатында құралады.Қоғамдық
бірлестіктер мемлекеттік органдарымен келісім жасаса отырып өзара əркеттестік жəне
əріптестік байланыста болады.
Азаматтардың жəне (немесе) заңды тұлғалар ерікті мүліктік жарналар негізінде
құрған,əлеуметтік,қайырымдылық,мəдени,білім беру жəне өзге де қоғамдық пайдалы
мақсаттарды көздейтін мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым қоғамдық қор деп
танылады.Қоғамдық қор заңды тұлға болып табылады,оның дербес балансы жəне
банктік шоты бар.
Жеке кəсіпкерлер жəне (немесе)заңды тұлғалар өздерінің кəсіпкерлік қызметін
үйлестіру,сондай-ақ мүдделерін білдіру мен қорғау мақсатында қауымдастықтар
(одақтар) құралады.Қауымдастық (одақ) коммерциялық емес ұйым болып табылады,
оның мүшелері өз дербестігін сақтап қалады.
Барлық кəсіпкерлік қауымдастықтардың қызметі шамамен бірдей функциялары
жиынын қамтиды:
олардың қызмет сферасындағы корпоративтік мүдделерге қатысты мемлекеттік саясат
бойынша мүшелерінің ұжымдық ұстанымен білдіру,мемлекеттік шешімдерді əзірлеуге
қатысу;
қауымдастық мүшелері арасында іскерлік байланыстар орнатуды,дөңгелек үстелдер
мен семинарларды ұйымдастыру;
өз аймағындағы территорияда немесе нарықтағы өзінің секторында кəсіпкерлік
қызметті үйлестіру;
қауымдастықтың қатысушыларына сыртқы экономикалық байланыстарда көмек
көрсету жəне əртүрлі қызметтер ұсыну
ақпараттық қолдау.
Қауымдастыққа кіру үшін басшының атына өтініш жазу жəне кіру жарнасын төлеу
жеткілікті.Кейбір жағдайларда бірлестіктің басқа мүшелерінің ұсынысы талап етілуі
мумкін.
Еліміздегі едəуір ірі кəсіпкерлер қауымдастықтары (ассоци-ациясы)ретінде келісілерді
атап көрсетуге болады Кəсіпкерлер мен жұмыс берушілердің «Атамекен» жалпыұлттық
одағы,Қазақстанның кəсіпкерлер форумы заңды тұлғалар бірлестігі,ҚР-ның
сауда-өнеркəсіптік палатасы одағы, «Кəсіпкерлердің тəуелсіз ассоциациясы», «Іскер
əйелдер ассоциациясы» т.с.с.
Қазіргі кезде елімізде 200-ден астам кəсіпкерлер қауымдастықтары мен бірлестіктері
тіркелген жəне қызмет етеді.Мұндай бірлестіктер кəсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі
қызметтерді жүзеге асырады жəне кəсіпкерлер белсенділікті арттыруға мүмкіндік
береді.Олардың қызметі бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға,экономикалық
жəне əлеуметтіа мəселелерді шешуде олардың рөлін арттыруға бағытталған.Сонымен
бірге кəсіпкерлер территориялық (республикалық,облыстық,қалалық )жəне салалық
(жиһаз жəне ағаш өңдеу кəсіпорындарының ассоциациясы,жеңіл өнеркəсіп
кəсіпорындарының ассоциациясы т.б )белгілері бойынша бірігуі мүмкін.
Халықаралық ұйымдар жəне шетелдік ұйымдардың өкілдіктері.
Қазақстан кəсіпкерліктің дамуына халықаралық жəне шетелдік ұйымдардың
өкілдіктерінің қызметі де өзіндік ықпал тигізді.Айтарлықтай көлемдегі ақшалай
қаражаттар мен интеллектуалдық ресустар осы бағытта жұмыс жасайтын қазақстандық
ұйымдардың жобаларын қолдауда бағытталады.Халықаралық ұйымдардың
бағдарламаларды ұзақ мерзімді мақсатты сипатқа ие болады жəне бірінші кезекте
кəсіпкерлікті дамытуға көмектесетін толыққанды инфрақұрылымды құруға жəне
нығайтуға, қаржы қаражаттармен қамтамасыз етуге, ақпараттық жəне кеңес беру
қызметтерін көрсетуге, мамандарды қайта даярлау мен біліктілігін арттыруға,
тақырыптық зерттеулер жүргізуге, инновациялық кəсіпкерлікті дамытуға арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |