М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
Эссе
Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі бизнес-жоспарлау
Бизнес – істі жүргізу, қажетті және адамдардың арасында сұранысқа ие өнімжасау, іс, қызмет нарықтық экономиканың негізгі бағыты, адам қажеттілігін қанағаттандырудың көзі және сонымен бірге өмір салты жүйесі ретінде қарастырылады.
Нарықтық экономикада кез келген бизнестің стратегиясы және тактикасы болады. Бизнестік стратегиялық мақсаты – өндірістік жұмысты (қызметті) жүзеге асыру процесінде паданы молайту.
70-ші, 80-ші жылдардағы бизнес үрдістерін оңтайландыру бойынша шаралардың бірінші толқыны кезінде атқарылған жұмыстың негізгі бөлігі миллион бұжымдарға келетін кемістіктер санын қысқартуға және өндірістік үрдістердің тиімділігін жоғарылатуға бағытталған еді. Қызметті жақсарту бойынша шаралардың екінші толқыны кезінде жұмсалған күштің басым бөлігі әкімшілік бизнес үрдістерін жақсартуға бағытталған. Бизнес үрдістерін жақсартудың методологиялары бар назарды өндірістік үрдістерін емес, әкімшілік және қосалкы үрдістерді жақсартуға аударылған, алайда тұжырымдамаларды өндірістік үрдістерге арнап қолдануға да болады.
Қазіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей айрқша ерекшеліктерімен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі.
Сонымен кәсіпорындардың үш түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және шағын. Олардың кешені бірін – бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды.
Ірі кәсіпорындар –нарыққа негізге өнім шығарушылар болып табылады. Ірі кәсіпорындар–экономика «қаңқасы», экономикалық тұрақтылықтың базисі.
Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассартиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикі заттар қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы болған кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ – түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің барлық саласында нолдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардыі капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді,сондықтан мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындай керек.
Сондай – ақ шағын бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасында үстемдік етпейтін фирмалар жатады. Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 аспайтын фирмаларды жатқызады. Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылады.
Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелген зоналарды қызмет ететін және нарықтың шектелуі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару сипаты икемділігімен, форьмалділіктің жоқтығымен шешімін қабылдай барысында, өндіріс саласында да, басқару саласында да жұмысшылар өзара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.
Кәсіпкердік пен бизнесті экономикалық қызметтің бір түрі ретінде қарастыра отырып, отандық және шетелдік зерттеушілердің айтулары бойынша, бұл терминдер – өндіру немесе алу және тауарларды сату, басқа тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету немесе жай қызмет көрсету, серіктестіктер арасында екі жақсы пайда табу негізіндегі ақшалар арқылы пайда табуға бағытталған, жеке тұлғалармен, кәсіпорындармен немесе ұйымдармен жүзеге асырылатын (тек заңмен тыйым салынбаған) еркін шаруашылықты білдіреді.
Бірақ «кәсіпкерлік» және «бизнес» түсініктері экономикалық тұрғыдан қарастырғанда синонимдер болып табылады. «Бизнес» түсінігі экономикалық тұрғыдан қарағанда кеңірек. Шетелдік әдебиеттерде нарықтық экономика бойынша бизнес қоғамның қажеттілігін қамтамасыз етуге қажетті өндіріс жүйесі ретінде анықталады. Бизнес нарықтық экономиканы барлық қатысушыларының арасындағы қатынастарды қамтиды және тек қана жалдамалы жұмысшылардың да, мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің де қызметтерін қамтиды. Жалпы түрде бизнес –бұл нарықтық қытнастар жүйесіндегі адамдардың іскерлік белсенділіктері. Ол, кәсіпкерлік қызмет бизнестің бір формасы ретінде қарастырылады және оның әртүрлі сфераларында жүзеге асырылады.. Сондықтан нарық заманында кәсіпкерлердің атқарар рөлі үлкен. Кәсіпкер адам дегеніміз кім? Ең әуелі, ол – көшбасшы. Ол әрдайым жеңімпаз болуға ұмтылады. Кәсіпкер – өзіндік идеясы бар, ойын жүзеге асыратындығына көзі жететін, өзіне деген сенімі күшті, жігерлі әрі қайратты адам. Адам бір күнде кәсіпкер бола салмайды. Белгілі бір кәсіпорын ашылғанда, ол кәсіпорынның өндірген тауарлары дүкендерде сатылса, одан түскен ақша қайтадан зауытқа инвестиция түрінде құйылып, өндіріс дамиды, тауардың жаңа түрлері шығарылады – осылайша капиталдың айналымы жүреді. Ендеше, кәсіпкер осы қоғамға пайда әкелетін адам деп нық сеніммен деп айта аламыз. Біріншіден , кәсіпкер басқаларға жұмыс тауып береді, ол ашқан жұмыс орындары қаншама отбасы үшін күнкөріс көзі болмақ, екіншіден, кәсіпкер мемлекет салық төлейді, бюджет қоржынын тоғайтады, үшіншіден, кәсіпкерлер әлеуметтік маңызы бар жобаларға атсалысады.
Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі.. Кәсіпкер үшін бизнес-жоспар жаңа бизнестің қалай жұмыс істейтінін бағалауға және оның болжамды нәтижелерін анықтауға, сондай-ақ банктен несие рәсімдеу барысында қажет болады. Сонымен, бизнес-жоспар бұл – жаңа бизнестің жан-жақты толық сипаттамасы. Онда бизнес туралы ақпарат, бизнестің қаржылық талдауы, маркетингтік жоспары және қызметкерлер бойынша жоспары жасалу керек. Сонда, кәсіпкер жаңа бизнестің түр-сұлбасын көре алады және өзі де көп нәрсені түсініп, байқай алады..
Бизнес-жоспар бизнес идея, клиент, мүмкіндіктер, ұйымдастырушылық, ақша айнналымы, тәуекелдер атты бөлімдерден тұрады.
Яғни, кәсіпкер үшін бизнес-жоспар жетіктіктің кілті...
Достарыңызбен бөлісу: |