Есептер 2
1. 1989 жылдан бері тұрғын үй жағдайларын жақсарту есебінде тұратын Сариева аудандық тұрғын үй есептеу мен бөлу бөліміне келіп, тұрғын үй алаңын алуға қандай құқығы барын және оны қалай жеделдетуге болатынын инспектордың түсіндіріп беруін сұрайды. Кейінгі кезде ақысыз мемлекеттік тұрғын үй алуға үміті жоқ екенін түсінген ол заңмен қарастырылатын тұрғын үй жағдайларын жақсартудың қандай жолдары барын түсіндіруді сұрайды. Сонымен бірге, егер мемлекет оған белгілі бір жеңілдіктер немесе кезекте тұрушы ретінде субсидиялар беретін болса, тұрғын үйді сатып алу үшін өз қаржысын салуға дайын екенін айтады. Күйеуі және баласымен тұрғын үй-құрылысқық кооперативтің бір бөлмелі пәтерінде (тұрғын алаңы 15 шаршы метр) тұрып жатқандығынан, кооперативтегі болатылып жатқан пәтерлер есебінен тұрғын үй жағдайларын жақсарту мүмкіншілігі жайлы сұрақ та оның мүддесіне сай екенін білдіреді. Кооперативтің барлық түшелері өз жарна ақыларын төлеп қойған болатын. Инспектор Сариеваның қойған сұрақтарының бәріне жауап бере алмай, заңгерге баруға кеңес береді.
Заңгер қандай түсініктеме беруі тиіс?
2. Үш жаннан тұратын Ормановтар жанұясы бір пәтердің 16 шаршы метр бөлмесінде, ал екінші 12 шаршы метр бөлмеге Қырманов пен Есенжанова қоныстанған. Соңғылары заңды некеде тұрмағанымен, жеті жылдан астам уақыт бірге осы тұрғын алаңда тұрып жатады.
Қырмановтың қайтыс болуынан кейін оның бөлмесінің ордері Есжановаға беріледі. Ормановтардың ойынша, босаған бөлме олардың жанұясына берілуі тиіс, сондықтан да алар ордерді жарамсыз деп тану жөнінде талап арыз береді. Талап арызда Есжанованың Есжановпен заңды некеде тұрғаны және күйеуі мен оның ата-енесі тұрып жатқан ауданы 40 шаршы метр 3 бөлмелі пәтерде тіркелгені көрсетіледі.
Аудандық сот Ормановтардың талап арызын қанағаттандырудан бас тартады. Олар кассациялық шағымымен қалалық сотқа барады.
Қалалық сот қандай шешім шығаруы тиіс?
3. Мақсұтовқа, милиция қызметкері ретінде, 1980 жылы 2 бөлмелі пәтерден 17 кв метр бөлме беріледі. Ол қызмет ордері негізінде пәтерге кіріп, әйелін және кейінірек 1982 және 1984 жылдары туған өз балаларын тіркейді. 1983 жылы ол милиция қатарынан өз қалауы бойынша шығып кетеді.
Көрші 13 кв мерт бөлмені 1987 жылға дейін жалға алу шарты бойынша Шараевтар алып жатқан болатын. 1987 жылы бөлек пәтер алуына байланысты олар бөлмені босатады. 13 кв метр бөлме аудандық атқару комитетінің 25 көкек 1987 жылғы шешімімен қызмет қатарындағы бөлмелерге еніп, қызмет ордері негізінде Саметоваға беріледі, ол аны 1992 жылы босатады.
Мақсұтов 1987 және 1993 жылдары өзінің жанұясы тұрып жатқан бөлмені қызмет қатарындағы бөлмелерден шығарылуын сұрап, аудандық әкімшілікке барады, бірақ екі ретінде де қарсы жауап алады.
1993 жылы 13 кв метр бөлмеге қызмет ордерін Мамырова алады. Мақсұтов ордердің жарамсыздығын тану және босаған тұрғын алаңын өзіне беру жөнінде талап арызымен сотқа барады.
Сот қандай шешім шығаруы мүмкін? Қызметтік тұрғын үй орындарының құқықтық тәртіп ерекшеліктерін атаңыздар.
4. Аула сыпырушы Даутова 20 кватрат метр бөлмеде өзінің қызы мен кәмеленке толмаған немере қызымен тұрып жатады. Даутоваға берілмей тұрып пәтер аудандық әкімшілік шешімімен қызметтік тұрғын үй қатарына жатқызылады. Бес жыл жұмыс істеген соң Даутова өз қалауы бойынша жұмыстан шығады (емдеу мекемесінен аурудың сипатына қарай Даутова қысқы мезгілде аула сыпырушы болып істей алмайтыны жайлы анықтама берілді).
Даутоваға жанұясымен бірге қызметтік тұрғын орнын босату ұсынылады. Жұмыстан шығуға маңызды себебі барына сілтеп, Даутова пәтерді босатудан бас тартады. Онымен қоса, оның қызы кәмелетке жетпеген қызын жалғыз өзі бағып жатқанын айтады.
Сотқа Даутованың жанұясын басқа тұрғын орын бермей пәтерден шығару туралы талап арыз келіп түседі. Сот қандай шешім шығаруы тиіс?
5. Төреқұловтар өз пәтеріне үй шаруашылығын жүргізуге және балаларына қарап тұруға келіскен алыс туысын зейнеткер Әлкенованы тіркейді. Ормановтар мен Әлкенова бірігіп шаруашылық жүргізеді, сонымен бірге Әлкенова өз зейнет ақысының жартысын ортақ бюджетке қосып отырады. Төреқұловтар Әлкеноваға еңбек ақы төлемейді. Балалар өсіп, Әлкенова қартайған соң, Төреқұловтар балаларының жанұя құрып тұрғысы келетіндіктен, тұрғын үй қажет деген себеппен Әлкенованың үйден шығуын талап етеді. Төреқұловтардың бірігіп бір жанұя болып тұрамыз дегеніне сілтеп, Әлкенова үйді босатудан бас тартады. Сонымен бірге, Төреқұловтардың үйіне көшкенде өз үйін сатып жіберіп, одан түсірген ақшасы жанұяның қажеттіліктеріне және пәтерді жөндеуге кеткенін мәлімдейді. Қазіргі уақытта Әлкенованың үйі жоқ. Төреқұловтар Әлкенованы үй шаруашылығына қарайтын қызметкер ретінде алғанын және оның тұрғын алаңға ие болу құқының жоқ екенін айтады, Әлкенованы үйден шығару жөнінде талап арыз береді. Әлкенова қазір тұрып жатқан Төреқұловтар пәтерінің бір бөлмесін бөліп беру жөнінде қарсы талап арызын береді. Бұл жағдайда, үйлері коммуналдық пәтерге айналып кететінін, осылайша қалған жанұя мүшелерінің құқықтары қысым көретінін ескеріп Төреқұловтар талап арызына мүлдем қарсылық білдіреді.
Істі шешіңіз.
6. «Қызғалдақ» саяжай-құрылыстық кооперативінің мүшелері жалпы жиналыста құрылысы бітпеген саяжай үйлерін күзету мен кооперативтің құрылыс материалдарын ұрлықтан сақтау үшін күзетшіні жалға алуды және оның пайдалануына СҚК территориясындағы бастапқыда кооператив басқармасының мәжілістері үшін пайдалануға арналған кішкене үйді беруді шешеді. Кейінірек күзетшінің қыста да сонда тұра беруі үшін СҚК қаржысына үйге жылу жүйесін орнатып қайта жасақтайды.
Бірнеше жыл өткен соң күзетші ауырып қалып, тіндеттерін орындай алмағандықтан, жұмыстан шығады. Кооператив басқармасы одан үйді босатуды сұрайды. Басқа тұрғын орны жоқтығын және Ұлы Отан соғысының ардагері болып табылатынын себеп етіп, күзетші орынды босатудан бас тартады. Оның ойынша, СҚК оны тұрақты тұруға жарамды басқа тұрғын орнымен қамтамасыз етуі тиіс. Басқарма болса кооперативтің ешқандай тұрғын орны жоқ екенін, ал СҚК-ның тұтынушылық кооператив болғандықтан тек өз мүшелеріне ғана саяжай үйшіктер салатынын көрсетеді.
Басқарма күзетшіге тұрғын орынды босату жөнінде талап арызын сотқа береді.
Істі шешіңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |