Кәсіпорын экономикасы пәні бойынша дәрістер жинағы


Өнім сапасын сипаттайтын көрсеткіштер



бет37/46
Дата18.08.2020
өлшемі0,73 Mb.
#76364
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   46
Байланысты:
Кәсіпорын ҚЭТ-лекция

2. Өнім сапасын сипаттайтын көрсеткіштер

Өнімнің қасиеттері оның сапа көрсеткіштерінде айқындалады. Көрсеткіштердің келесі топтары бар.



Қолдану көрсеткіштері өнімді қолданудан болатын пайдалы эффектіні сипаттайды және қолдану шектерін көрсетеді. (мысалы машина өнімділігі)

Сенімділік көрсеткіштері өнімнің бұзылмаушылығын, сақталу дәрежесін (өз көрсеткіштерін сақтау қабілеті), қолдану мерзімін (өнімді қажет деңгейде сақтау үшін кеткен шығындар).

Технологиялылық көрсеткіштері өнімді шығарғанда немесе жөндегенде жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ету үшін конструкторлық-технологиялық шешімдердің нәтижелігін сипаттайды..

Стандарттау және унификациялау көрсеткіштері — өнім құрамында стандартты, унификацияланған және бірегей құрамдас бөліктердің үлесін көрсетеді және басқа өнімдерге қарағанда унификация деңгейін сипаттайды.

Эргономиялық көрсеткіштер адамның өніммен әрекеттесуін сипаттайды (гигиениналық, антропометриялық, физиологиялық және психологиялық қасиеттер).

Эстетикалық көрсеткіштер өнімнің ақпараттық көркемділігін, форманың тиімділігін, тұтастығын сипаттайды.

Тасымалдау көрсеткіштері өнімнің тасымалдауға бейімділігін сипаттайды.

Патенттік-құқықтық көрсеткіштер өнімнің патентпен қорғалуын, патенттік тазалығын сипаттайды.

Экологиялық көрсеткіштер — өнімді қолдану, сақтау, тасымалдау нәтижесінде қоршаған ортаға кері әсер ету қасиеттері.

Қауіпсіздік көрсеткіштері сатып алушыға және қызмет көрсетуші персоналға қауіпсіздігін сипаттайды. Сонымен қатар, өнімнің бағасы да өте маңызды көрсеткіштің бірі болып табылады.. Баға көрсеткішіне байланысты экономикалық тұрғыдан оңтайлы сапа мәселесі туындайды. Сатып алушы өнімді алғанда оның қасиеттері оның бағасын қайтаруға жеткілікті ме деген сұраққа жауап беруге тырысады. Бағамен қоса өнімнің эксплуатациялық сипаттамалары да маңызды орын алады, өйткені олар осы өнімді қолдануға және жөндеуге кеткен шығындарды айқындайды.

Экономикалық тұрғыдан оңтайлы сапа деп сапаның шығындарға қатынасын атайды:



Копт =

Q

(1)

C

мұндағы Копт – экономикалық тұрғыдан оңтайлы сапа;

Q – өнім сапасы;

C - өнімді шығаруға және қолдануға кеткен шығындар, теңге.
Осы формуланың алымын анықтау үшін квалиметрия ғылымы қолданылады. Бұл ғылым өнім сапасына сандық баға беру үшін қажет әдістер құрастырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет