Кәсіпорын экономикасы пәні бойынша дәрістер жинағы


Еңбекті төлеудің айлықтар жүйесі



бет11/19
Дата19.02.2017
өлшемі2,66 Mb.
#10642
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19

Еңбекті төлеудің айлықтар жүйесі.


Бұл кәсіпорында белгіленген лауазымдық айлықтар негізінде берілетін ақша. Кәсіпорындағы жылдық еңбек ақы мөлшері келесі түрде табылады:


Европада сыйақылар еңбек ақының 50% дейін құрайды, АҚШ-та - 400% ке дейін. Олар акциялар немесе басқа бағалы қағаздар пакеттері түрінде берілу мүмкін.

Еңбек ақы формалары және жүйелері.


Еңбек ақыны берудің 2 формасы бар:

- кесімді: еңбек ақы деңгейі шығарылған өнім көлеміне тәуелді болады. Бұл форма бойынша еңбек өнімділігін өсіру ынталандырылады, бірақ өнім өңдіру нормаларын және кесімді еңбек бағаларын есептеуді қажет етеді. Еңбек бағасы – бұл өнім бірлігі үшін берілетін еңбек ақы деңгейі.

Кесімді еңбек ақы формасының 5 түрлі жүйесі болуы мүмкін:

  1. Тура кесімді: еңбек ақы орындалған жұмыс мөлшеріне тура пропорцоналды.

  2. Кесімді-сыйлықты: қандай да бір шартқа байланысты қосымша сый-ақы беріледі. Сыйақы негізгі еңбек ақыдан пайыз түрінде белгіленеді.

  3. Кесімді-прогрессивті: еңбек бағасы деңгейі прогрессивті шкала бойынша өсіп отырады.

  4. Кесімді-жанама: бұл жүйе бойынша негізгі өндіріске қызмет көрсететін жұмысшыларға еңбек ақы беріледі. Еңбек ақы жұмысшының жеке еңбегіне қарай емес, ол қызмет көрсететін бөлімшенің жалпы нәтижесіне тәуелді болады.

  5. Аккордты: келісім бойынша еңбек ақы жалпы орындалған жұмыс үшін беріледі. Көбінесе, ерекше немесе авариялық жағдайларда қолданылады.

- мерзімді: еңбекті істеген уақытқа қарай береді, яғни тарифтік ставканы істеген уақытқа көбейтеді. Екі жүйесі болады:

  1. Қарапайым мерзімді;

  2. Мерзімді -сыйлықты.Кесімді –сыйлықты сияқты негізгі еңбек ақыға сыйақы деңгейі қосылады.


Тақырып 6.Кәсіпорын қызметінің нәтижелері (3 сағат)

Дәріс жоспары:

  1. Өзіндік құн және оның құрылымы

  2. Кәсіпорын пайдасы және оны бөлу. Рентабельділік көрсеткіші.

  3. Шаруашылық қызмет нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер, оларды талдау әдістемелері

  4. Есеп жүргізу саясаты

Практикалық сабақ (1 сағат)

Сабақта студенттер практикалық сабаққа арналған есептер жинағы бойынша өндіріс шығындарын және қызмет нәтижелерін анықтауға (есеп жинағында 5 және 6 тақырыптар бойынша) есеп шығарады. Мәліметтерді студенттер практикалық сабаққа арналған есептер жинағынан алады.



Тапсырма

Есептер жинағы бойынша 2 есеп шығару.



Әдебиет

        1. Дәрістер

        2. Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г. Поршнева, М.: «Финансы и статистика», 1996 г., 398-416 б

        3. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 246-267 б.

        4. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 1999 г., 234-276 б

        5. Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 1997 г., 180-208 б.

  1. 6. Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым», 2002 ж., 54-68 б

7. «Кәсіпорын экономикасы» курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер

жинағы /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 46-48, 55-56 б.



Студенттің өздік жұмысына арналған бақылау тапсырмалар

  1. Есеп жинағында 5 және 6 тақырыптар бойынша өздік жұмысқа арналған есептер (№1-4).

  2. Тесттік тапсырмаларға жауап беру (практикалық сабаққа арналған есеп жинағында)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет