Сапаны басқару құралдарына мыналар кіреді:
басқару органдары және сапаны басқару жүйелерінде арнайы функция-лардың орындалуын басқаратын тұлғалар пайдаланатын ұйымтехника, бай-ланыс құралдары;
өнімнің сапа көрсеткіштерін регламенттейтін және сапаны басқару бойынша арнайы функциялардың орындалуын ұйымдастыратын нормативтік құжаттама банкі;
мемлекеттік эталондарды, өлшеу құралдарын қамтитын метрологиялық құралдар;
өлшеулердің бірыңғайлығын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің (МӨЖ) регламенттейтін құжаттары;
заттар мен материалдардың қасиеттері туралы стандартты анықтамалық мәліметтердің мемлекеттік қызмет базасы (СММҚ).
10. Сапа облысындағы кәсіпорынның саясаты. Саясатты әзірлеу кезінде ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері. Сапа менеджмент жүйесі саясат және мақсаттар ұйым үшін бағдар болу үшін бекітеді. Олар керекті нәтижелерді анықтайды және осы нәтижелерге жету үшін ұйымдар қорлардың қолдануына септігін тигізеді. Сапа саласындағы саясат сапа саласында мақсаттарды әзірлеу және талдау үшін негізді қамтамасыз етеді. Сапа саласындағы мақсаттарды сапа саласындағы саясат және үнемі жақсартуға қажеттілікпен келістіру қажет. Ал, нәтижелер өлшенетін болу керек. Сапа саласындағы мақсатқа жету өнім сапасына жұмыс тиімділігіне және қаржылық көрсеткіштерін оң әсер ете алу және соның арқасында қызығушы тараптардың қанағаттануына игі әсерін тигізеді.
ИСО 8402 стандартында мынадай: «Сапа саласындағы саясат – жоғары басшылықпен ресми қалыптастырылған сапа саласындағы негізгі бағыттар мен мақсаттарды ұйымдастыру» деген анықтама берілген.
Анықтаманың ескертуінде сапа саласындағы саясат жалпы саясат элементтері болып табылады деп айтылып, жоғары басшылықпен бекітіледі.
Саясаттың осыған ұқсас анықтамасы СЕҰ (Сапа бойынша Еуропалық ұйым) сөздігінде не келтірілген.
Сапа саяатын анықтау кезінде кездесетін бірінші мәселелері кәсіпорын қызметінде оның рөлін және орнын анықтау және кәсіпорын сапа саясаты мен стратегиясы ара қтынастары болып табылады.
Сапа саласындағы саясатты қалыптастыруға әсер ететін негізгі факторлар: өткізу рыногындағы жағдай, кәсіпорынның ішкі жағдайы (технологиялық мүмкіндіктер мен персонал), кәсіпорынның қабылдаған стратегиясы және жалпы саясаты, экономиканың жалпы жағдайы және инвестициялардың тартылуы, ғылыми-техникалық прогресс және бәсекелестердің жетістіктері болып табылады.
Кәсіпорынның тұрақты жұмыс жасау жағдайында сапа саясатындағы негізгі бағыты болып сапа саласында бәсекелестерді басып озу екендігі белгілі.
Сапа саясаты тапсырыс берушілердің кәсіпорында сапа саласындағы жұмыс бағыттары және мақсаттары дұрыс анықталғандығына және кәсіпорында қажетті сапалы өнім өндіруді қамтамасыз ететін, оларға жету үшін нақты құралдар таңдап алынғандығына сендіру қажет. ИСО 9001:2001 стандартында мынадай талаптар келтірілген:
Жоғарғы басшылық сапа саласындағы саясатын:
ұйым мақсаттарына сәйкес болуын;
сапа менеджмент жүйесінің талаптарға сәйкес болуын және тиімділігін үнемі жақсартуға міндеттердің болуы;
сапа саласындағы мақсаттарды қою және талдауға негіздерді құруды;
ұйым қызметкерлеріне жеткізілуі және түсінікті болуы;
үнемі қажеттілігіне ұдайы талдауының қамтамасыз етуі қажет.
«Фудмастер» АҚ үшін ИСО 9000 стандарттар талаптарына сәйкес сапа саласындағы саясат және мақсаттар төмендегідей үлгіде болады.