Ақтөбе, 2020 ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА Бұл оқу бағдарлама ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2016 жылғы № 72 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жасалған. Бұл жұмыс бағдарлама «0111000-Негізгі орта білім беру» мамандығының «011108 3 - Шетел тілі мұғалімі» біліктілігі бойынша әзірленген.
Пәнінің мақсаты: Білім алушыларды мектептің базасымен, практика кезінде техникалық қауіпсідік ережелерімен танысу қатаң сактау. Мектеп ұжымымен, сынып жетекшісімен, сынып оқушыларымен танысу. Оқу тәрбие үрдісін ұйымдастырумен және оқу бағдарламаларымен танысу. Машыккердің байкау сабақтарына қатысып, мұғалімді бақылап сабақтарын талдау. Сабақ жоспарларын құрып үйрену. Байқау сабағы кезінде электронды оқулықтармен, компьютермен жұмыс жасап білу, АКТ-ны тиімді қолдану. Байқау сабақтарында көрнекіліктерді, дидактикалық ойындарды, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана алу.