«Ақ тиін мен қасқыр» ертегісін бірге оқиық.
Ақ тиін бұтақтан бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлайды. Қасқыр қарғып тұрып, оны жегісі келеді.
Ақ тиін жалынып:
-Мені жеме, жібер! – дейді.
- Жарайды, жіберейін, бірақ сен маған мынаны айт: неліктен сендер әр уақытта шат болып жүресіңдер?
Сонда ақ тиін:
Мені жіберіңіз, содан соң айтайын. Әйтпесе дірілдеп, сөйлей алатын еместпін, - дейді.
Қасқыр ақ тиінді босатады. Ақ тиін ағаш басына шығып алып:
-Сен қасқыр, залымсың. Залымдық ішіңді күйдіреді. Сондықтан әрқашан қапалы жүресің. Біз ешкімге жауыздық істемейміз. Сол үшін де әрқашан шат болып жүреміз,- депті.
*Ақ тиін қасқырға қандай өтініш айтты?
Қасқыр оның өтінішін орындады ма?
2.Мысалдарға назар аудар. Осы үш жағдайдың қайсысында бас тартуға болмайды? Осындай өтініштерді өзіңе айтса, қалай жауап бересің?
-Балам, дүкенге барып, нан әкеліп қойшы.
-Әсет, Ақмарал құлап аяғын жаралап алыпты. Жүгіріп барып үй-ішіне айтып келесің бе?
-Еркін, кешке біздің үйге кел. Бірге ойын ойнаймыз.
3.Мысалды оқы.
-Әртүрлі өсімдіктер мен гүлдер бөлмеміздің ажарын аша түсер еді. Әрі олардың тозаңды ұстайтын да қасиеті бар. Қалай, балалар, бәріміз бір-бір гүл әкеле аламыз ба?- депмұғалім балаларға сұраулды жүзбен қарады.
Балалар «иә!» деп жамырай шуласты. Сосын әр тұстан балалардың дауысы шығып жатты:
-Әрине, алып келеміз!
-Міндетті түрде.
-Жарайды, алып келейік.
-Айтсаңыз болды!
-Қуана-қуана келісеміз.
*Мұғалімнің сауалына сен қалай жауап бере едің?
Достарыңызбен бөлісу: