1. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2. Психологиялық дайындық. Әлди-әлди,ақ бөпем
Ақ бесікке жат бөпем.
Жұбатайын,жата ғой,
Тәтті ұйқыға бата ғой.
- Бұл ән кімге арналған? Не үшін айтылады?
- Бөпені жұбату үшін.
3.Негізгі бөлім. - Жұбату деген не?
- Жұбату- 1. Көңілін аулау,көңілін көтеру.
2.Жылаған баланы уату,көңілін аулау.
«Әже мен немере» әңгімесін түсініп оқу.
Әңгімені талдау.
-Әжесі немересіне неге риза болды?
-Өзің атаң мен әжеңді қалай жұбатар едің?
-Тағы кімді жұбатасың? Қай кезде?
Мақалды оқып,мәнін ашу. Тіл- ақылдың өлшемі.
Жақсы сөз жұбатады,
Жаман сөз жылатады.
Баланың өскен бесігі-кең дүниенің есігі.
« Бесік жырын» дискіден тыңдау.
« Ақ бөпем» , « Айналу» өлеңдерін мәнерлеп оқу.
-Бөпеңді жұбататын тағы қандай өлең білесің?
-Бесік туралы слайды қолданып әңгімелеу.