Сергіту сәті
«Айгөлек» әніне билеу.
III. Қорытынды.
«Қонақты қарсы алу» көрінісін ойнау. (Ол үшін балалар екі топқа бөлінеді, әр бала өзіне тиісті рөлді алады. Қай топ келген қонақты сыпайы қарсы алып, әкелген сыйлығына ризашылығын білдірген сөздерді көп айтса, сол топ жеңіп шығады.)
20 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Сәлем - сөздің атасы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың әдептілік, сыпайылық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Оқушыларға сәлем берудің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, олардың өзара сыйластық қарым - қатынастарын дамыту, әдептілікке тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |