II. Негізігі бөлім
Оқушыларға бүгінгі сабақты тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.
Адам алған білімін есіне сақтап, оны басқаларға қалай жеткізеді деп ойлайсың?
Көбінде мәтін арқылы. Екінің бірі өзінің білгенін біреуге түсіндіре алмайды және кітап оқудан, сабақтан, әңгімелесуден білімін жетілдіре алмайды. Сол үшін кез келген мәтінді түсіне білуге және оны қайта айтып беруге үйрену керек.
Тапсырмамен жұмыс
Қожанасыр мен Жиренше шешеннің әңгімелерін оқы. Екеуінің біреуін айтып бер.
Мәтінді оқы. Мәтіннен қандай жаңа мәлімет алдың? Инеге қатысты теңеуі бар тұстарды өз сөзіңмен айтып бер.
Ине
*Өзіңе таныс емес сөздердің астын сыз. Есіңе сақтап, сөздік қорыңда пайдалан.
Кейінгі ғасырларда қазақ даласында жойылып кеткен жануар құлан жайында жазылған мәтінмен таныс. Өзіңе түсініксіз сөздер мен сөйлемдердің астын сыз.
*Құлан жайында айтылған ең негізгі сөйлемдерді тап. Ең негізгі сөйлемдерді байланыстыра отырып, мәтіннің қысқаша мазмұнын жаз, тақырып қой.
*Жазушы құлан жайында жазғанда бөтен ойларды халық теңеулерін, мақал мәтелдерді пайдаланған. Неліктен деп ойлайсың?
* Әңгімеде немесе шығармада басқа адамдардың сөзін пайдалануға да болады. Мәселен, ақын жазушылардың, ғалымдар мен ғұламалардың ойы берілуі мүмкін. Оны дәйексөз деп атайды.
Дәйексһз міндетті түрде тырнақшаға *алынады, оны өзгертуге және бұрмалауға болмайды.
III. Қорытынды.
Белгілі ғалымдар мен жазушылардың қанатты ойларын оқы. Мағынасын ашу.
Жалған сөз желге ұшқан сөз
Ақыл атасы ақиқат.
Әлемде күннің нұрынан асқан ғажайып еш нәрсе жоқ.
(Анахарсис)
Ерлік жасағанның атасын сұрап алаламас болар.
Қиындықта қол бергеннен асқан берік достық жоқ.
(Тоқсары)
Достарыңызбен бөлісу: |