2 тап. Қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс?
Қасық құлап түсті
Қасық құлады
Қасық жерге түсті
Қасық түсті
Қасық жерге түсіп кетті
*Дұрыс жауапты көк түсті қарындашпен белгіле.
V.Сабақты қорытындылау
19 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Мәтін.
Мақсаты: 1.Оқушылардың мәтін туралы түсініктерін кеңейту;
2.Берілген тапсырмаларды орындату арқылы мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын таба білуге үйрету;
3.Оқушылардың оқу және жазудағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: мәтіннің негізгі ойын анықтауға үйренеді.
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тапсырма орындау.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Жаңа сабақ.
Мәтіннің басы және аяғы болады. Ол белгілі бір ойды білдіреді.
Әрқайсысы әртүрлі ойды білдіретін болса, ол біртұтас мәтін емес.
Оны сөйлемдер жиынтығы дейміз.
|