Кәсіптік практика бойынша әдістемелік нұСҚаулық



бет2/9
Дата18.10.2023
өлшемі96,47 Kb.
#186339
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
RP-po-praktike-PMNO-kaz

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

5В010200 – «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандық студенттерінің іс-тәжірбиесі оқу процесінің графигінде анықталған оқу жоспарына және мерзіміне сәйкес өткізіледі.
Іс-тәжірбиені өтпеген немесе қанағаттанғысыз деген баға алған студенттер курсты бітірді деп есптелмейді және келесі оқу жылына көшірілмейді.
Іс-тәжірбие нәтижесі студенттік конференцияда талқыланады.



Іс-тәжірбие атауы

Семестр

Кредит саны

Сағат саны

Ұзақтығы

Оқу танысу
(үздіксіз)

1

2

30

15 апта

Оқу танысу
(үздіксіз)

2

2

30

15 апта

Педагогикалық

6

3

90

3 апта

Өндірістік

8

4

300

10 апта

Оқу танысу іс-тәжірбиесі
1 Мақсат міндеттері
1.1 Кіріспе
Оқу танысу тәжірибиесі студенттерді болашақ мектеп мұғалімдерді дайындауда педагогикалық тәжірибенің алғашқы кезеңі болып табылады. Педагогикалық пәндерді меңгеру барысында студенттер жалпыпедагогикалық білімдер жүйесін меңгереді және педагогикалық бағыттағы ойлау жүйесін қалыптастырады. Педагогикалық тәжірбие теория жүзінде алынған білімдерді және білім беру мен тәрбиелеудегі нақты бір міндеттерді болашақ мұғалім ретінде шешуге бағыталған.
Бастауыш сынып оқытушыларының өз кәсіби міндетін қалай атқаратынын бақылай отырып студент бірінші курстың өзінде мұғалімнің шеберлігіне, тәрбие және білім беруде қолданатын әдістері мен тәсілдерімен, сондай-ақ оқушылар ұжымымен жұмыс істеу әдістерін, жеке баламен жұмыс істеу ерекшеліктерімен танысады.
Оқу практиканың мақсаты:
- студенттерді сынып жетекшісінің жоғарғы оқу орны және колледж оқытушыларының, мұғалімінің функциясын, тұтас орындауға дайындау: оқытушылық, тәрбиелік, қоғамдық – педагогикалық басқару-ұйымдастырушылық;
- педагогикалық қызметке жүйелілік тұрғыдан қалыптастыру;
- кәсіби шеберлік компоненттерін игеру;
- жоо-ның білім беру стандарты және маманның біліктілік мінездемесінің талаптарына сай, негізгі кәсіби педагогикалық іскерлік, тәжірибені бекіту және қалыптастыру.
2. Оқу практикасының мазмұнын меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар
Студенттердің кәсіби дайындығына қойылатын талаптарға сәйкес «5В010200 – Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы студенттері практика нәтижесі бойынша білуі керек:
білуі керек:
– мектептің ұйымдастырушылық және басқарушылық жүйесінің негізін (нормативтік-құқықтық құжаттар; ішкі тәртіп ережелерін; санитарлық-гигиеналық шарттары т.б.);
– мектептің педагогикалық ұжымының негізгі тәрбиелік бағыттары;
– сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын жоспарлау жүйесін (бастауыш сынып мұғалімі);
– оқушылардың сыныптан тыс тәрбиелік жұмыстарын ұйымдастыру формалары мен әдістері;
– мектеппен отбасы байланысының негізгі бағыттары;
– мұғалым қызметінің негізгі ерекшеліктерін;
– төменгі сынып оқушыларының психофизиологиялық ерекшеліктерін.
Студенттің іскерлікті меңгеруі:
– сыныптағы тәрбие жұмыстары және сабақты жоспарлау, бақылау және оған талдау жасау.;
– жеке жұмыс жоспарын құра білу;
– оқушылармен тәрбие жұмысын жоспарлау;
– балалардың психофизиологиялық ерекшелігін еспке ала отырып тәрбие жұмысының тиімді формаларын тандау;
– төменгі сынып оқушысының даму дәрежесін айқындауға бағытталған диагностика жүргізу;
– оқушыға педагогикалық-психологиялық мінездеме жасау;
– жасалған жұмыстарға өздік сараптама жасау.



  1. ОҚУ ТӘЖІРБИЕСІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

2.1 1- курста оқу (үздіксіз) практикасы ұйымдастырылады.


2.2 Сырттай немесе кешкі оқу формасының білім аушылары өз мамандықтары бойынша қызмет атқарған жағдайында, оқу практикасынан босатылады. Бұл жағдайда білім алушылар жұмыс орнынан қызметін растайтын анықтама және мінездеме тапсырады.
2.3 Оқу практикаларының бағдарламасы «Педагогика» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамымен әзірленеді.
2.4 Оқу практикасы студенттердің болашақ мамандықтары бойынша үздіксіз тәжірибелік даярлаудың бір кезеңі болып табылады. Ол оқу процесінің барысында педагогика және психология пәндерінің базалық курстарымен қатар өткізіледі және сол педагогикалық-психологиялық білімдерін тәжірибеде қолдана отырып тереңдетеді.
2.5 Оқу практикасының базасы болашақ кәсіби қызметіне сәйкес ұйымдары болып табылады.
2.6 Оқу практикасын өткізу үшін болашақ кәсіби қызметіне сәйкес ұйымдарымен шарт жасалуы тиіс.
Оқу практикасының көлемі 2 кредит, 30 сағатты құрайды. Өтілу мерзімі 1 апта ( 1 кредит – 0,5 апта есебімен).

2.6 Тәжірибие мақсаты мен міндеттері


2.6.1 Кіріспе
Республикамыздың әлеметтік-экономикалық міндеттерінің тиімді жүзеге асуы көптеген факторларға және кәсіби мамандарды даярлауға байланысты.
Заманауй мамандарға қойылатын талаптар жоғары кәсіби құзыреттілік пен әлеуметтік белсенділік болып табылады.
«5В010200 – Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы студенттерін кәсіби дайындауда жалпы оқу тәжірибе негізгі звено болып табылады. Теория жүзінде алған білімдердің элементтерін практикалық қызметте жүйелеу мен қолдануға мүмкүндік береді.
Оқу танысу тәжірибесі студенттерді кәсіби қызметке дайындаудың негізгі болып табылады. Ол студенттердің педагогикалық-психологиялық білімдерін тек қолдануға емес сонымен қатар сол білімдерін кеңейтуге мүмкүндік береді.
Оқу танысу тәжірибесінің студенттерге арналған тапсырмалары сынып жетекшісінің көмекшісі ретінде және сынып жетекшісінің оқу-тәрбиелік жұмыстарын бақылауға және оны қолдануға бағыталған.
2.6.2 Оқу практиканың мақсаты:
- студенттерді сынып жетекшісінің жоғарғы оқу орны және колледж оқытушыларының, мұғалімінің функциясын, тұтас орындауға дайындау: оқытушылық, тәрбиелік, қоғамдық – педагогикалық басқару-ұйымдастырушылық;
- педагогикалық қызметке жүйелілік тұрғыдан қалыптастыру;
- кәсіби шеберлік компоненттерін игеру;
- жоо-ның білім беру стандарты және маманның біліктілік мінездемесінің талаптарына сай, негізгі кәсіби педагогикалық іскерлік, тәжірибені бекіту және қалыптастыру.
2.6.3 Оқу практикасының мазмұнын меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар
Студенттердің кәсіби дайындығына қойылатын талаптарға сәйкес «5В010200 – Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы студенттері практика нәтижесі бойынша білуі керек:
түсінігі болу: кәсіби қызмет ерекшелігін және фунциялары туралы;
білуі керек:, педагог қызметін және әр түрлі білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін негізгі құжаттарды, құқықтық және заңнамалық актілерді;
білуі керек: сабақтарды тәрбиелік іс шараларды қалай жүргізуді, жаңа білімдерді меңгеруді, жаңа білім беру технологияларын білім беру мен тәрбиеде қолдана білуі;
меңгеруі тиіс: кәсіби қызметте қолданылатын компьютерлік әдістермен ақпараттарды жинақтауды және меңгеруді.
2.7 Оқу тәжірбие мазмұны
1 семестр





Мазмұны

Ұйымдастыру формасы мен әдістері

Орындау мерзімі

1.

Заманауи кезеңдегі мектептің мақсаты мен негізгі бағыттарымен танысу.

1. Мектеп ұжымымен танысу.
2. Бекітілген сынып оқушыларын бақылау және барлық сабақтарына қатысу.
3. Сынып жетекшісімен бірге жқмыс жоспарын құру және тәжірбие жетекшісімен тәрбиелік іс-шаралар жоспарын талқылау.

1 - 2 апта

2.

Сынып жетекшісі жұмысының негізгі бағыттары және міндеттерімен танысу.

1. Сынып жетекшісінің қызметімен танысу.;
2. Бақылау мақсатында бір сыныпты таңдап алу.
3. Сынып жетекшісінің жұмысына жәрдем беру.

1 – 2 апта

3.

Бастапқы мәліметтерді жинақтау

1. Пән мұғалімдерімен танысу.
2. Сыныптың жеке құжаттарымен танысу анализ жасау.
3. Бақылау

3-4 апта

4.

Студенттің ғылыми-зерттеу жұмысы

- Сабақ жүргізудің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін бақылау және анализ жасау.,
- сыныптағы қиын балалар мен дарынды балаларды анықтау және олардың ерекшеліктерін зерттеу,
- оқушылардың жас және жеке дара ерекшеліктерін айқындау.

4-6 апта

5.

Сынып ұжымын зерттеу

1. сынып ұжымының жүйесін анықтау.
2. сынып жетекшісі мен оқушылардың қарым-қатынасын бақылау
3. әр түрлі әдістерді қолдану арқылы сынып ұжымын зерттеу.
4. сынып ұжымының толық мінездемесін жасау.

1-2 апта

6.

Тәжірбие күнделігін рәсімдеу.

1. Сынып жетекшісіне жиналған құжаттарды беріп мінездеме алу.
2. Жиналған құжаттарды тәжірбие жетекшісіне өткізіп мінездеме алу.

12-13 апта

7.

Тәжірбие құжаттарын рәсімдеу.

Тәжірбие есебін дайындау.

2-14 апта




Қорытынды конференция

Есеп беру.

15 апта

2 семестр



Мазмұны

Ұйымдастыру формасы мен әдістері

Орындау мерзімі

1.

Заманауи кезеңдегі мектептің мақсаты мен негізгі бағыттарымен танысу.

1. Мектеп ұжымымен танысу.
2. Бекітілген сынып оқушыларын бақылау және барлық сабақтарына қатысу.
3. Сынып жетекшісімен бірге жқмыс жоспарын құру және тәжірбие жетекшісімен тәрбиелік іс-шаралар жоспарын талқылау.

1 - 2 апта

2.

Сынып жетекшісі жұмысының негізгі бағыттары және міндеттерімен танысу.

1. Сынып жетекшісінің қызметімен танысу.;
2. Бақылау мақсатында бір сыныпты таңдап алу.
3. Сынып жетекшісінің жұмысына жәрдем беру.

1 – 2 апта

3.

Бастапқы мәліметтерді жинақтау

1. Пән мұғалімдерімен танысу.
2. Сыныптың жеке құжаттарымен танысу анализ жасау.
3. Бақылау

3-4 апта

4

Студенттің ғылыми-зерттеу жұмысы

- Сабақ жүргізудің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін бақылау және анализ жасау.,
- сыныптағы қиын балалар мен дарынды балаларды анықтау және олардың ерекшеліктерін зерттеу,
- оқушылардың жас және жеке дара ерекшеліктерін айқындау.

4-6 апта

6.

Сынып ұжымын зерттеу

1. сынып ұжымының жүйесін анықтау.
2. сынп жетекшісі мен оқушылардың қарым-қатынасын бақылау
3. әр түрлі әдістерді қолдану арқылы сынып ұжымын зерттеу.
4. сынып ұжымының толық мінездемесін жасау.

7-11 апта

7.

Тәжірбие күнделігін рәсімдеу.

1. Сынып жетекшісіне жиналған құжаттарды беріп мінездеме алу.
2. Жиналған құжаттарды тәжірбие жетекшісіне өткізіп мінездеме алу.

12-13 апта

8.

Тәжірбие құжаттарын рәсімдеу.

Тәжірбие есебін дайындау.

2-14 апта




Қорытынды конференция

Есеп беру.

15 апта



  1. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ


    1. Арнайы пәндер циклының немесе оқытудың жалпы теориялық курсы аяқталғаннан кейін 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы студенттері 3 курс 6 семестрде педагогикалық практика ұйымдастырылады.

    2. ЖОО-да студенттердің алған теориялық білімдерін бекітіп, тереңдету, осы білімдерді оқушылармен оқу-тәрбие жұмыстарындағы іс-тәжірибеде пайдалануды үйрету

    3. Педагогикалық тәжірибие дидактикалық, әдістемелік, пәндік және психологиялық-педагогикалық дайындықты біріктіруге бағытталған.

    4. Жалпы педагогикалық тәжірибе 3 кредит 90сағаттан тұрады.

    5. Педагогикалық тәжірибенің ұзақтығы 3 апта.

    6. Педагогикалық тәжірибие нәтижесі бойынша студенттер кафедраға есеп тапсырады, білім алушылар сәйкес кафедраларына есеп тапсырады, ғылыми жетекшісі тарапынан тексеріледі, кафедра меңгерушісінің жарлығымен құрылған комиссия алдында қорғалады. Есепті қорғау қорытындысы тағайындалған балдық–рейтингтік әріптік жүйе бағасы бойынша дифференциалды сынақпен бағаланады.

5.7 Практика процесінде студенттер төмендегі іскерліктерді меңгеруі тиіс:
- Сыныптағы тәрбие жұмыстары және сабақты жоспарлау, бақылау және оған талдау жасау.
- Сабақ және сыныптан тыс сабақтардың конспектісін жасау.
- Әдістемелік әдебиеттермен жұмыс істеу, шығармашылық пен материалды таңдау, сабақ және тәрбие сағаттарына көрнекі құралдарды дайындау.
- Оқушылардың дене және психикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ және сыныптан тыс сабақтарды өткізу үшін ең тиімді әдіс, тәсіл, құралдарын таңдау.
- Оқушылар ұжымына және жеке тұлғаға диагностика жүргізу.
- Өзінің қызметінің нәтижесінде өзіндік талдау және өзіндік баға беруді жүзеге асыру, сондай-ақ басқа практикантардың сабағы мен сыныптан тыс сабақтарына талдау жасау.
- Балалар ұжымына қойылған міндеттерді орындауды ұйымдастыру (уақытша инициативті топтар (УИТ) құру, жұмыстың бірізділігін айқындау, тиімді тәсілдер мен әдістерді таңдауға көмектесу, бақылауды ұйымдастыру және жұмыстың қорытындысын шығару).
- Сынып оқушылар ұжымын және оқушылардың жеке басын зерттеу.
- Оқушылар мен тәжірибе жұмысының жаңа түрін жүргізу (ұжымдық және дара).

    1. Педагогикалық тәжірбие мазмұны.

Мазмұны мен студенттің қызметінің сипатына қарай педагогикалық тәжірбие 3 кезеңнен тұрады:
I кезең – дайындық. Бұл кезеңнің мақсаты тәжірбиеге теориялық тұрғыдан дайындық болып табылады. Барлық ұйымдастырушылық сұрақтар яғни есеп беру құжаттарын тапсыру уақыты, бағдарлама, практика міндеттері дайындық конференциясында қарастырылады.
II кезең - негізгі. Негізгі кезең екі кезеңнен тұрады: танысу және кәсіби қызмет. Бірінші аптада студент білім беру мекемесімен танысады, бекітілген сынып оқушыларын бақылап, сынып сабақтарына қатысады, сынып жетекшісімен бірге жұмыс жоспарын жасап тәрбиелік іс-шаралар жоспарын талқылайды. Алғашқы екі күн ішінде практикант жеке жұмыс жоспарын жасап күнделікке жазып жетекшіге бекітуге үсынады.
Күнделіктегі жеке жоспар күнде толтырылып отырады.
III кезең – қорытынды-бағалау. Тәжірбие бойынша еспті рәсімдеу. Тәжірбиені өорытындылау. Қорытынды конференцияға қатысу.





Мазмұны

Ұйымдастыру формасы мен әдістері.

Орындау мерзімі

1.

I кезең - дайындық. Заманауи кезеңдегі мектептің мақсаты мен негізгі бағыттарымен танысу.

1. Мектеп ұжымымен танысу.
2. Бекітілген сынып оқушыларын бақылау және барлық сабақтарына қатысу.
3. Сынып жетекшісімен бірге жқмыс жоспарын құру және тәжірбие жетекшісімен тәрбиелік іс-шаралар жоспарын талқылау.

1 апта

2.

II кезең - негізгі.

Сын сабақтары мен тәрбиелік іс-шараларды өткізу





1.Сабақ пен тәрбиелік іс-шаралардың жоспарын дайындау.
2. Тәжірбие жетекшісі және әдіскерінен кеңес алу.
3.Бірнеше сын сабақтарды әдіскердің қатысуымен өткізу.

1 – 2 апта

3.

Өз бетінше сабақтар мен тәрбиелік іс-шаралар өткізу.

1.Тәжірбие жетекшісі және әдіскердің қатысуымен сабақтардың тәрбиелік іс-шаралар нәтижесін талқылау.
2. Тәжірбие жетекшісі және әдіскермен бірге тәрбиелік іс-шаралар мен сабақтардың жоспарларын құру.
3. Тәжірбие жетекшісі және әдіскердің бақылауымен сабақтар және тәрбиелік іс-шаралар өткізу.



2-3 апта

4.

III кезең – қорытынды бағалау.

Тәжірбие күнделігін рәсімдеу.



1. Сынып жетекшісіне жиналған құжаттарды беріп мінездеме алу.
2. Жиналған құжаттарды тәжірбие жетекшісіне өткізіп мінездеме алу.

3 апта

5.

Тәжірбие құжаттарын рәсімдеу.

Тәжірбие есебін дайындау.

3апта




Қорытынды конференция

Есеп беру.







  1. ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ.

4.1 Арнайы пәндер циклының немесе оқытудың жалпы теориялық курсы аяқталғаннан кейін өндірістік практика ұйымдастырылады. Бітіруші курстарында өндірістік практика теориялық оқыту толық аяқталғанан кейін ұйымдастырылады.


4.2 Кешкі және сыртқы оқыту нысанынан білім алушылар мамандық бойынша жұмыс істесе, өндірістік практикадан босатылады. Бұл жағдайда білім алушылар жоғары оқу орнына жұмыс орнынан кәсіптік қызметін растайтын анықтама және мінездеме тапсыруы керек.
4.3 Өндірістік практиканың бағдарламасы даярлайтын кафедрасымен әзірленеді және бекітіледі.
4.4 Өндірістік практиканың мақсаты түйінді құзіреттіліктерін бекіту, оқытылатын мамандығы бойынша кәсіби іс-әрекетінің практикалық дағдылары мен тәжірибесін қалыптастыру болып табылады.
4.5 Өндірістік практиканың базалары оқытылатын мамандықтың профиліне сәйкес (немесе салалас мекемелерде) болуы тис.
4.6 Жоғары оқу орындары білім беру саласындағы уәкілетті органы бекіткен өндірістік практика мекемелерімен типтік шарт негізінде, практиканы өткізу базасы болып табылатын мекемелерімен шарт жасауы керек.
Практика базаларымен оқу жылы басталғанға дейін 1 ай бұрын шарт жасалуы тиіс.
4.7 Өндірістік практиканың мөлшері 4 кредит 300 сағатты құрайды. Өндірістік практиканың ұзақтығы 10 апта.
4.8 Өндірістік практиканың қорытындысы бойынша, білім алушылар сәйкес кафедраларына есеп тапсырады, ғылыми жетекшісі тарапынан тексеріледі, кафедра меңгерушісінің жарлығымен құрылған комиссия алдында қорғалады. Есепті қорғау қорытындысы тағайындалған балдық–рейтингтік әріптік жүйе бағасы бойынша дифференциалды сынақпен бағаланады.
4.9 Өндірістік тәжірбие мазмұны
Мазмұны және сипатына қарай тәжірбие 3-кезеңге бөлінеді:
I кезең - дайындық.
- практикаға шығар алдындағы оқушылардың кеңесі және тренингтер;
- педагогикалық практиканың жағдайымен және орнымен танысу (оқушылармен, педагогтармен кездесу);
- практиканттар жеке бағдарламаларын дайындау.
II кезең - негізгі.
- оқушылар ұжымына диагностика және педагогикалық практика барысында жұмыс жоспарын жасау;
- диагностикалық карталар көрсеткіштері негізінде қызметті жоспарлау;
- инварианттық модель бойынша жасалынған педагогикалық сценарилер жасау негізінде ұжымда қызметті ұйымдастыру, оларды өткізу;
- міндетті ұжымдық шығармашылық істердің кешенін (даму қажеттілігін ескере отырып, оқушылардың ынтасы, мектептің жоспарлар болжамы, сынып жетекшілері) орындау;
- өзіндік қызметінің нәтижесіне талдау жасау;
III кезең – қорытынды бағалау. Тәжірбие бойынша еспті рәсімдеу. Тәжірбиені өорытындылау. Қорытынды конференцияға қатысу.





Мазмұны

Ұйымдастыру формасымен тәсілдері.

Орындау мерзімі

1.

I кезең - Дайындық.

1. Мектеп ұжымымен танысу.
2. Бекітілген сынып оқушыларын бақылау және барлық сабақтарына қатысу.
3. Сынып жетекшісімен бірге жқмыс жоспарын құру және тәжірбие жетекшісімен тәрбиелік іс-шаралар жоспарын талқылау.



1 апта




II кезең - негізгі.

Өндірістік тәжірбие базасы негізінде кәсіби өызметке бейімдеу.



1.Бекітілген сыныпта жеке сабақ жіне тәрбие жоспарын құру.
2.Пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысу.
3. Тәжірбие жетекшісі және әдіскерінен кеңес алу.
4.Сынып жетекшісінің көмекшісі ретінде сынып жұмыстарына қатысу.

2 апта

2.

Алғашқы сабақ және тәрбиелік іс-шара өткізуге дайындық жүргізу.

1.Сабақ пен тәрбиелік іс-шаралардың жоспарын дайындау.
2. Тәжірбие жетекшісі және әдіскерінен кеңес алу.
3.Бірнеше алғашқы сабақтарды әдіскердің қатысуымен өткізу.

3апта

3.

Сабақтар мен тәрбиелік іс-шаралар өткізу.

1.Тәжірбие жетекшісі және әдіскердің қатысуымен сабақтардың тәрбиелік іс-шаралар нәтижесін талқылау.
2. Тәжірбие жетекшісі және әдіскермен бірге тәрбиелік іс-шаралар мен сабақтардың жоспарларын құру.
3. Тәжірбие жетекшісі және әдіскердің бақылауымен сабақтар және тәрбиелік іс-шаралар өткізу.

4-9 апта

4.

Ғылыми-зерттеушілік қызмет

1. Ғылыми жетекшіден кеңес алу, диплом тақырыбы бойынша зерттеулер жүргізу үшін әдістермен тәсілдерді таңдап алу.
2.Дипломдық жұмыс тақырыбына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарын жұргізу.
4.Бақылау тобында бастапқы зерттеуді жүргізу.
5. Экспериментті қалыптастыру бағдарламасын құру (коррекциалық бағдарлама).
6. Бақылау және эксперименталды топтарда қайта диагностикалау жүргізу.
- сандық және сапалық анализ жасау
7. Ғылыми жетекшімен кездесіп дипломдық жұмыстың эксперименттік бөліміне түзетулер енгізу.



2-9 апта




III кезең – қорытынды-бағалау.


Тәжірбие күнделігін рәсімдеу

1. Сынып жетекшісіне жиналған құжаттарды беріп мінездеме алу.
2. Жиналған құжаттарды тәжірбие жетекшісіне өткізіп мінездеме алу.

10 апта

5.

Тәжірбие құжаттарын рәсімдеу

Тәжірбие бойынша есеп дайындау.

10 апта




Қорытынды конференция

Есеп беру.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет