Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидалары



бет1/5
Дата05.09.2020
өлшемі54,57 Kb.
#77451
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары


Қазақстан Республикасы    
Білім және ғылым министрінің 
2016 жылғы 29 қаңтардағы   
№ 107 бұйрығымен бекітілген

Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және
практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидалары


1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағида) 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 46-11) тармақшасына, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының (бұдан әрі – стандарттар) талаптарын іске асыру мақсатында әзірленген.


      2. Қағида білім алушылардың бүкіл оқу мерзімі бойы теориялық оқытудың нәтижелерін бекітуге, практикалық дағдылар мен құзыреттер алуға, сондай-ақ инновациялық технологияларды игеруге бағытталған кәсіптік практикаларын ұйымдастыру және өткізу бойынша ұйымдастырушылық және оқу-әдістемелік қызметті реттейді. 
      3. Кәсіптік практика оқу жұмыс бағдарламалары мен оқу жұмыс жоспарларына сәйкес оқу (таныстыру), өндірістік (технологиялық) және диплом алды түрлеріне айқындалған.
      4. Кәсіптік практиканың әр түрінің мақсаты, міндеттері мен бағдарламасы бар, оларға байланысты кәсіптік практиканың тиісті базасы айқындалады. 
      5. Оқу орны білім алушының кәсіптік практикасының әртүрі бойынша жоғары оқу орнының ішкі құжаттарын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі оқу орнының құжаттарын дербес әзірлейді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет