2. Өнімнің (тауардың) сипаттамасы
Балалар бақшасы қала тұрғындары балаларының бос уақыттарын өткізуді қамтамасыз етуге деген қажеттілікітерін қанағаттандыру үшін жасалады. Жаңадан құрылған балалар бақшасының икемді жұмыс кестесі, білікті қызметкерлері, әрбір баламен жеке жұмыс жасау мүмкіндігі болады. Топта 20 баладан болған кезде әрбір балаға жеткілікті назар аударылатын болады.
Болашақ жас клиентерге компания ауқымды қызметтер аясын ұсынады. Бос уақытты өткізу қызметі жұмыс басталған 8.00 сағаттан бастап «соңғы клиент» келгенге дейін белгілі стандарт бойынша жүргізіледі, оған сәбилерді 4 рет тамақтандыру, ойындар мен сабақтар өткізу, серуендеу, күндізгі ұйқы, балалардың бос уақытын ұйымдастыру кіреді.
Тамақтандыру таңертеңгі асты, түскі асты, түстен кейінгі тамақ және кешкі асты қамтиды. Барлық тамақ өнімі жоғары сапалы, белгілі дәрумендер құрамы бар және балалардың ерекшеліктері (аллергиялық әсер ету және т.б.) ескеріледі, ас мәзірі әр кезеңге арналып жасалады.
Балалардың күндізгі ұйқысы (15.00-ден 16.00-ге дейін) балалар бақшасының күнделікті міндетті шарты болып табылады, ол балалардың мықты денсаулығы мен жақсы дамуын қамтамасыз етеді.
Олардың ой-өрісін дамытатын ойындар, ұйірмелер, дене шынықтырулар (жаттығу, спорттық ойындар) өткізу үшін арнайы әдістеме әзірленген. Жарыстар ұйымдастыру, театрларға, жануаралар, құстар көрмелеріне саяхаттар және т.б. қарастырылған. Балалар мерекелерін (Жаңа жыл, балалардың туған күндері және т.б.) мен таңертеңгіліктер (ата-аналардың келісімімен) өткізіледі. Сондай-ақ ата-аналармен және олардың балаларымен бірге пикниктерге шығуға болады (қалаулары бойынша).
Балалар бақшасының бірінші оқу жылындағы мақсаты ағылшын тілін оқыту әдітемесін енгізу болып тбылады.
Кіші топтар – балалардың қарым-қатынасы, әңгімелер, ертегілер оқу.
Орта топтар – қарым-қатынас тілін дамыту деңгейін көтеру, еңбекке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Дайындық тобы – мақсаты – дене тәрбиесі және сана-сезімін тәрбиелеу, қарым-қатынас тілін дамыту.
3. Өндірістер бағдарламалары
Балалар бақшасында балалардың жалпы саны 120-ға дейінгі 6 топ (әр топтан 2-ден: кіші, орта және дайындық) ұйымдастыру жоспарлануда. Жұмыс уақыты – аптасына 6 күн, дүйсен, біден сенбіге днйін, 8-ден 20.00-ге дейін. Осындай балалар санын ескере келе балалар бақшасының түсімі жылына 64 800 мың теңгені құрайды (2014-2018 жж.).
Топтарды біртіндеп толықтыру ескерілген.
1-кесте – Топтардың жоспарлы толықтырылуы және жобаны жылдар бойынша сату бағдарламасы
Көрсеткіш\Жыл
|
2 012
|
2 013
|
2014 - 2018
|
Топтардың орташа толықтырылуы
|
70%
|
98%
|
100%
|
Көрсентілген қызметтен түсім, мың теңге
|
34 020
|
63 450
|
64 800
|
Жобаның бірінші жылында топтар бірінші айда 55%-дан басталып 75% толықтырылатын болады деп болжануда. Жобаның содан кейінгі жылдарында топтарды 100% дейін толықтыруға жеткізу жоспарлануда.
1 балаға төленетін ақы айына 45 мың теңгені құрайды. Қызметтердің құны кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін және топтардың жеткілікті толықтырылуын қамтамасыз ету үшін орташа нарықтан төмен деңгейде қабылданды.
Сату бағдарламасын есептеген кезде инфляция назарға алынған жоқ, өйткені инфляцияға байланысты бағаның көтерілуі кәсіпорын қызметтері бағасының ұлғаюына әсер ететін болады.
4. Маркетингтік жоспар 4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы
Көптеген дамыған елдер мектепке дейінгі білім беруге тең қол жеткізу мүмкіндіктерін жасайды. Бұл қаржыландыру деңгейінде ғана емес (елдің жалпы білім беру бюджетінің 9,5), сонымен бірге балалардың толық бір күн болуына немесе қысқа уақыт болуына негізделген мектепке дейінгі тәрбиенің әр түрлі үлгілерін құрудан көрінеді: міндетті аналар мектебі, сәбилерге, 3-тен 5-ке дейінгі балаларға арналған мектептер, ойын топтары, балаларды қарау және күту топтары.
Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жай-күйі
Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ететін «Балапан» бағдарламасы қолданылуда.
«Балапан» бағдарламасын іске асыру мақсатында өңірлерде 35 бала бақша салынды, 1 534 мектепке дейінгі шағын-орталықтар құрылды, 137 жеке меншік балалар бақшасы ашылды.
Бұдан басқа, бұдан бұрын жекешелендірілген мектепке дейінгі ұйымдарды қайтару, тұрғын үйлердің 1-ші қабаттарынан ашу, жалға алынған бөлек тұрған коммуналлдық меншік ғимараттарын босату, өзге де ғимараттар мен орын-жайларды беру есебінен 172 балалар бақшасы ашылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 448 қаулысына сәйкес 2012-2014 жылдары «Балапан» бағдарламасын қаржыландыруға 216,3 млрд. теңге, соның ішінде республикалық бюджет есебінен - 213 млрд. теңге және жергілікті бюджет есебінен - 3,2 млрд. тенге. көзделген. Бұл ретте 2010 жылы 21,5 млрд. теңге бөлінді және игерілді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2011 жылдың басында 6 446 мектепке дейінгі ұйым, соның ішінде – 2 261 балалар бақшасы мен 4 185 мектепке дейінгі шағын-орталық жұмыс істеуде. Балалар бақшалары мен шағын-орталықтар 446,4 мың балаға қызмет көрсетуде.
Республикада 2010 жылғы 1 қаңтарға контингенті 373,1 мың баланы құрайтын 4 972 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істеуде, олар осы мектепке дейінгі балалардың 38,7% қамтамасыз етеді, бұл 2008 жылмен салыстырғанда на 3,1 % көп.
Балалар бақшасымен қамтудың ең жоғары көрсеткіші – Қостанай (90,3%), Қарағанды, (69,6%), Ақтөбе(64,3%), төмен көрсеткіші Оңтүстік Қазақстан(14,4%), Алматы (21,5%) облыстарында қалыптасқан (ҚР Білім және ғылым министрлігінің деректерін ескере келе).
271 мыңнан астам бес-алты жастағы балалар немесе жалпы санының 83% (қалалық жерде – 85%, ауылдық жерде – 82 %) мектеп алдындағы дайындықпен қамтылған. 6 430 жалпы білім беретін мектептің базасында 10 754 мектеп алдындағы сыныптар ұйымдастырылды, оларда 68,7 мың бала оқуда. 1 271 мектепке дейінгі ұйымда 3 480 мектепке дейінгі топ жұмыс істейді, оларда — 102,6 мың бала бар (ҚР Білім және ғылым министрлігінің деректерін ескере келе)..
Астана қаласындағы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жай-күйі
2010 жылы Астана қаласында 94 тұрақты мектепке дейінгі ұйым жұмыс істеді, оларда 18 973 бала тәрбиеленді. 2009 жылмен, салыстырғанда ұйымдар саны 28 бірлікке (1,4 есе), ал тәрбиеленушілер саны - 4 646 балаға (32,4%) ұлғайды. Мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы санының 89-ы немесе 94,7% жалпы сипаттағы ұйым, 2 ұйым (2,1%) – санаториялық, 3 (3,2%) - арнайы сипаттағы. Жалпы сипаттағы ұйымдарда 17 730 бала (немесе тәрбиеленушілердің жалпы санының 93,4% ), санаториялық ұйымда – 322 бала (1,7%), арнайы ұйымда – 921 бала (4,9%) тәрбиеленді. Астана қаласы бойынша орташа 100 орынға 120,9%, Алматы ауданы бойынша 123,4%, Есіл – 101,8%, Сарыарқа – 123,1% баладан келеді.
2-кесте – Астана қаласының мектепке дейінгі мекемелері (жылдың соңына)
|
2006
|
2007
|
2008
|
2009
|
2010
|
Тұрақты жұмыс істейтін мекемелер саны, бірлік
|
47
|
51
|
61
|
66
|
94
|
Балалар саны, адам
|
13 118
|
13 758
|
14 642
|
14 327
|
18 973
|
Ақпарат көзі: Астана қаласының статистика департаменті
51 (54,3%) мектепке дейінгі ұйымда қарым-қатынас 3 тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізілді, ал балалар саны – 11 939 (62,9%) құрады. Қарым-қатынас тек қазақ тілінде жүргізілген мектепке дейінгі ұйымдар саны 37 (39,3%) құрады, оларда 6598 (34,8%) бала және орыс тілінде - 6 (6,4%), бала саны – 436 (2,3%) оқыды және тәрбиеленді.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы қызметкерлер саны 3 616 адамды құрады, соның 47,6% - педагогтар құрамы, 17,1% – тәрбиешілердің көмекшілері, 4,7% - аспазшылар, 3,3% – мейірбикелер, , 27,3% - басқа да лауазым иелері..
Барлық мектепке дейінгі ұйымдар үлгі жоба бойынша салынған ғимараттарда орналасқан 18,1% күрделі жөндеуді және 26,6% косметикалық жөндеуді қажет етеді, 55,3% жөндеуді қажет етпейді.
Орналасқан орын-жайдың аумағы 157 926 шаршы м, соның ішінде 88 713 шаршы м. топтасқан орын-жпйларды құрайды. Астана қаласы бойынша әрбір балаға мектепке дейінгі ұйымдарда орташа 4,7 шаршы м. келеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Астана қаласын мектепке дейінгі балалар мекемесімен қамтамасыз етуге байланысты жағдайға егжей-тегжейлі талдау жасалды.
Бүгінгі күнге қажеттілік 38 мың орынды құрайды. 10 170 орын бар, яғни нормативті қамтамасыз етілу 37,4% құрайды. Балалар бақшасындағы топтардың тығыздығы нәтижесінде нақты қамтамасыз етілу 39,2% құрайды.
Тапшылық – 31 535 орын.
Мемлекеттің қабылдаған шаралары деографиялық өсуді ескере отырып мектепке дейінгі ұйымдар желісін 2010-2012 жылдары — 2 310 бірлікке (217 мың орын), 2013 жылы – 282 бірлікке (34,6 тыс. мест) ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |