- әлеуметтік- еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті);
- тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті). Аталған құзыреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзыреттіліктерінің жан- жақты болуы талап етіледі. Егер педагог өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана студент құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады. Бір сөзбен айтқанда, тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның жан- жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір жағдаяттарына қолдана алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне байланысты болады. Заман талабы мұғалімдерге жан-жақты жетілген, көпсалалы дайындық иесі болуды жүктейді. Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, кәсібін терең түсінетін, үнемі өзгеріп отыратын жағдайларға өзінің білімі мен іскерлігін әртүрлі әрекеттердің айналасында қолдана білетін қабілетті мамандар қажет. Білім беру талаптарына «Құзыреттілік» ұғымы енгізілді. Оның мазмұны психологиялық ғылымда бірнеше нұсқада қарастырылады. Тәжірибеде кәсіби құзыреттілік бітірушінің идеялды моделі ретінде көрініс берді. Құзыреттіліктің негізгі анықтаушы факторлары болып үздіксіз білім алуға деген қажеттіліктердің қалыптасқандығы, кәсіби құзыреттілікті тереңдетуге дайындық болып табылады. Үздіксіз педагогикалық білім берудің деңгейі ретінде педагогикалық колледждің негізгі қызметі, бұл маманның кәсіби құзыреттілігін қамтамасыз ететін тұлғалық және кәсіптік жағдайлардың қалыптасуы болып табылады. Құзыреттілік бірінші орынға оқушының проблеманы дұрыс шеше білу қасиетін қояды.
«Информатика мұғалімінің кәсіби шеберлігінің негізі» түсінігін информатика білімдердің, іскерліктер мен дағдылардың және мәдениетінің деңгейлері, информатика оқыту әдістемесін меңгеру және оны оқытуда оқушылар қабілеттілігіне күшті әсер ету, оқыту процесінде тәрбиелей білу. Студенттердің мұғалім болып қалыптасуына күшті құралдардың бірі – оқытушыларының жеке үлгісі мен педагогикалық және ғылыми іс-әрекеттері. Жоғары теориялық және әдістемелік деңгейде сабақты өткізу, аудиторияны көре білу, жоғары педагогикалық мәдениет, ұйымдастырушылық қабілеттілігі т.б. Оқытушылардың кәсіби сапалары студенттердің сабаққа деген қызығушылықтарын анықтайды. Оқытушылар студенттерге тек қана білім берумен шектелмеуі қажет, оларға оқыту әдістерін үйретеді және жалпы педагогикалық, мәдениетке тәрбиелейді. Кәсіптік білім беру саласында әлемдік деңгейге жету үшін, жаңа буын оқулықтарының пайда болуы, ағарту саласы мамандарының өз қызметтерін сын көзбен қарап, кәсіби шеберліктерін уақыт талабына сай шындап, білімдерін көтеріп отыруды талап етеді. Электронды оқулықтар, педагогикалық технологияларды қолдану т.б. Келешектің адамын қалыптастыру ол оқытушының оқушыға сенуі, оқушының оқытушыны сүюі – ізгілендіру идеясы.