Кез келген мемлекеттің дамуының және нығаюының маңызды жағдайларының бірі елдің азық-тҥліктік тәуелсіздігі



Дата19.09.2022
өлшемі14,81 Kb.
#149878
Байланысты:
1 дәрәс


1-дәріс

Кез келген мемлекеттің дамуының және нығаюының маңызды жағдайларының бірі – елдің азық-тҥліктік тәуелсіздігі. Халық ҥшін азықтҥлік, мал шаруашылығы ҥшін жемшӛп, ӛнеркәсіп ҥшін шикізат ӛндіру агрономия ғылымының дамуына және іссананың әрекеттерімен тікелей байланысты. Адам баласы ӛзі пайда болған алғашқы кезде табиғатқа тәуелді болды. Табиғатқа табыну алғашқы қауымдық қоғамда басты орын алды. Бірте-бірте халық санының артуы, шаруашылық салаларының дамуы, ӛнеркәсіптің ӛркендеуі адамның табиғатқа ықпалын арттыра тҥсті. Табиғат заңдылықтарын ескермей жҥргізген іс-әрекетімізден, табиғат тепе-теңдігі бҧзылды. Бҧл казіргі кезде адамның ӛз тіршілігіне де зор қауіп тӛндіріп отыр. Агрономияның негізін білу ауылшаруашылығының әрбір қызметкеріне қажет. Міне, сондықтан экономика, инженер, экология, зоотехния және т.б. ауылшаруашылығының басқа да салаларының мамандарын дайындау ҥшін мәдени дақылдарды ӛсіру туралы негізгі деректер кӛзі саналатын «Агрономия негіздері» пәні оқытылады. Агрономия (грек тілінен аударғанда agros – танап, nomos – заң) – бҧл егіншілік туралы ғылымдардың заңдары, ал кең мағынада ауылшаруашылығының барлық салалары туралы білімдердің жиынтығы немесе ауылшаруашылық жерлерін (егіншілік), тыңайтқыштарды (агрохимия), ӛсімдіктерді (ӛсімдік шаруашылығы), тҧқымдық материалдарды (тҧқымшаруашылығы) және т.б. тиімді пайдалану туралы ғылымдар кешені. Ол ықылым заманда адамдардың іссаналық әрекеттерінің барысында пайда болды және жаратылыстанумен, еңбек ӛнімділігінің артуымен, сондай-ақ ӛндірістік қарым-қатынаспен тығыз байланысты.


Егіншілік жҥйесі. Егіншілік жҥйесі деп «жерді тиімді пайдалануға, топырақтың қҧнарлылығын арттыруға, сақтауға, ауылшаруашылығы дақылдарынан тҧрақты жоғары ӛнім алуға бағытталған агротехникалық, мелиоративтік және ҧйымдастыру шараларының ӛзара байланысқан кешенін айтамыз». Дақылдарды ӛсіру барысында топырақтың тиімді қҧнарлылығын тӛмендетпеу ҥшін оның қҧрамындағы қарашіріндінің қорын толықтырып отыратын жҥйе қажет, міне бҧл егіншілік жҥйесінің міндеті. Егіншілік жҥйелерінің топтары. Пайдалану деңгейіне қарай егіншілік жҥйесінің тӛрт тобын ажыратады: қарапайым немесе қарадҥрсін немесе шала (латынша primitivus – алғашқы, тҧңғыш), экстенсивті (латынша extensivus- ҧлғайтатын), экстенсивтіліктен қарқындылыққа ӛту және қарқынды (латынша intensiv- кҥшейтілген, қарқынды). Егіншіліктің шала жҥйесі - топырақтың тек табиғи қҧнарлылығы және топырақты ӛңдеуде тек қарапайым қҧралдарды пайдалануға негізделінген егіншіліктің алғашқы кезеңіне тән. Орманды аймақта егіншіліктің отамалы-отты жҥйесі қалыптасты, далалық аймақта – тыңайған және тыңайтылған. Отамалы-отты жҥйеде орман телімдері оталды (кесілді) және ӛртелінді, кҥлі сол телімді қҧнарландырды, ол жерге 2-3 жыл астық дақылдары ӛсірілді. Топырақтың физикалық қасиеттерінің нашарлауы, қҧнарсыздануы, арамшӛп басым болуы салдарынан ӛнім тӛмендеген соң телімді тастап, жаңа жер дайындалатын болған. Егіншіліктің тыңайған жҥйесінде дәнді дақылдар егістік ҥшін дала тыңының телімдері игеріліп отырған. Бҧл телімді 6-10 жыл пайдаланғаннан кейін, айтылған себептерге байланысты қалдырылып, жаңа жерге ауыстырылып отырған. Егіншіліктің экстенсивті жҥйелері. Егіншіліктің шала, қарадҥрсін жҥйесіне кӛшкенде, ол телімнің тыңайтылу (нығайтылу) мерзімі 1-2 жылға дейін қысқартылып, ҥш танапты – сҥрі жер – кҥздіктер егісі -жаздық ауыспалы егістеріне негізделеді. Тҧрақты жҧмсақ аңызды ӛңдеу, тыңды жырту немесе жерді ағаштан тазартумен 57 салыстырғанда аз еңбекті талап етті, жер кӛлемі келе-келе ҧлғайтыла беретін тҧрақты аңызға айналды. Сҥрі жер жҥйесінің қоғам дамуының тарихи жағдайларына байланысты тереңдей тҥскен кемшіліктері де болды. Жыртылатын жерлерді ҧлғайтып және ол жерлерге тек астық дақылдар егістігін орналастыру нәтижесінде малазығындық жерлері азайды және малды азықтандыру жағдайы нашарлады. Ҥш танапты егістікті қолдану арқылы, дақылдар топырақтың тиімді қҧнарлылығын ғана сақтап отырды, себебі сҥрі жерге енгізетін кӛң жеткіліксіз болды. Егіншіліктің жақсартылған сҥрі жер жҥйесі – шаруашылықтың мамандандырылуына байланысты ауыспалы егіске картоп, беде, зығыр егістерін енгізу, жауын-шашыны мол тҥсетін аудандарда қҧнарлылығы тӛмен топырақтарды таза сҥрі жерді сидералдыға ауыстыру. Егіншіліктің шӛп танапты жҥйесі – кӛпжылдық шӛптер қоспасын ауыспалы егіске енгізу. Қоңырбастылар тҧқымдасының шӛптері осал қҧрылым қалыптастырады, бҧршақты дақылдар кальций катионының есебінен оның қҧрылымын беріктендіреді деп тҧжырым жасалынды. Шӛптердің міндеті берік қҧрылым жасау. Ауыспалы егісте шӛптерге мал азықтық емес, агротехникалық маңыз беріледі. Егіншіліктің қарқынды жҥйесі. Егіншіліктің жеміс (тҧқым) алмастыру жҥйесі – сҥрі жер бедемен алмастырылды, кейін отамалы дақылдар танабы қосылды. Ауыспалы егіске сҥрі жер орнына бедені енгізу сол кездегі егіншіліктің ҥлкен жетістігі еді. Мҧндай ауыспалы егістің басты ерекшелігі – әртҥрлі биологиялық топтардың дақылдарының жылда кезектесуі. Д.Н Прянишниковтың есептеуі бойынша органикалық және минералды тыңайтқыш қолданғандағы жеміс алмасу ауыспалы егісі аңыздың ӛнімділігін сегіз есе арттырған екен.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет