Кеңес үкіметі орнағанға дейінгі қазақ психологиясы- бұл кезең психология
ғылымының ілкі бастауы(15-20ғ.)
Әбу –Насыр әл-Фараби- Ол психология ғылымының әртүрлі мәселелеріне “Ақылой туралы”, “Темперамент туралы”, “Түс көру туралы”, “Жанның мәні туралы”, “Ақыл-ой және ұғым”, “Жас
өспірімнің ақыл ойы туралы кітап”, “Ересектердің ақыл ойы туралы кітап” және т.б. еңбектерін арнады.
Жүсіп Баласағұни- “Тіл адамның даңқын асырады”, “ Адам ол арқылы бақыт табады”, “Тіл адамға жапа шектіреді”, “ Абайламаса, басынан да айырады”, “Жақсы болғың келсе, жаман сөз айтпа” деген мәтелдердің психологиялық мәнін ашып көрсетті.
Мағжан Жұмабаев- Қазақ топырағында алғаш рет 1922жылы “Педагогика” атты оқулық жазған.
В.Я.Струминский- 1923 жылы Орынбор қаласында “Педагогика” оқулығы орыс тілінде жарық көрді. Еңбегінде диалектиканың негізгі мәселелерін бір жүйелі баяндау тәжірибесіне тоқталады.
Жүсіпбек Аймауытов- Қазақ топырағында тұңғыш рет “Педагогика” оқулығын 1926 жылы жазды
Төлеген Тәжібаев- Ол Қазақстанда психология ғылымы саласында тұңғыш рет 1939 жылы Ленинград қаласында “К.Д.Ушинский –
Ресейдегі педагогикалық психологияның негізін салушы”
тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
Үшінші кезең
Егемен, тәуелсіз Қазақстан
жағдайында қалыптасқан ғылыми
психология дамуының жаңа кезеңі (1991-2006)