Кибер қауіпсіздік дегеніміз – ғаламтордан келетін әртүрлі қауіптерден қорғану және сол сияқты мәселелер.
Әлем бойынша көптеген ресурстар кибер шабуылға ұшырайды. Мысалы банк серверлерінен бастап завод, фабрикалардағы автоматтандырылған компьютерлерге дейін.
Қауіпсіздік бар жерде, қауіп қатар жүреді. Ғаламторда 100% қауіпсіздік болмайтынын ескеретін болсақ, кибер шабуылдарға жаңа технологияларды жетілдіру арқылы ғана қарсы тұра аламыз.
Қазақстандағы кибер қауіпсіздікті, халықтың осы саладағы білім деңгейі арттыра алады. Кез-келген тұрғын өз қауіпсіздігін ойлап, қандай жағдайда қауіп төнеді және одан қалай қорғануға болады, осыларды білетін болса, көрсеткіш деңгейіміз арта түсері сөзсіз.
Кибер әлемнен келетін қауіп, біз айтып өткендей тек маңызды нысандарға жасалады деген сөз жоқ, олар қарапайым адамдарға да зиянын тигізіп жатады, мысалы сіздің әлеуметтік желідегі парақшаңызды бұзған сәттер болды ма? Бәлкім бұзуға тырысып көрген шығар.
Мысалы менің Вконтактідегі парақшамды, әртүрлі қулықтарды қолдануға арқылы иемденіп кетуге тырысқандар болды, бір емес бірнеше рет. Бірақ олар ойларын жүзеге асыра алмады.
Мен де болмаса да, басқаларының парақшаларын оңай иемденіп кеткен кездерін байқадым. Бұның бәрінің болу себебі, кибер қауіпсіздік жағынан бастапқы болса да, білімнің жетіспеуі.
Достарыңызбен бөлісу: |