9 санына байланысты: Аллаһ Тағаланың бұйрығын екі етпей орындайтын тоғыз періштелер:1. Жәбірейіл – пайғамбарларға Аллаһ Тағаланың сөзін хабарлаушы. 2. Мекайіл – барлық адамға, мақұлыққа берілетін ырыстың уәкілі. 3. Әзірейіл – барлық адамның, жан-жануарлардың жанын алатын Құдай уәкілі. 4. Ысырайыл – ақырызаманға дейін сұлыны алып жүретін періште. 5. Дардайыл – ай, күн, жұлдыздардың уәкілі. 6. Ысмайыл – жер бетіндегі киелілердің жебеушісі. 7. Зұлқайыл – қиямет күнінде адамдарды алып баратын періште. 8. Ахрайыл – барлық дария, көл, өзен бұлақ сулардың періштесі. 9. Мәлік – жеті тозақтың уәкілі.
Көпшілік қай санның қандай мағынаға ие екендігін осы ежелгі ғылымның болжамдары арқылы анықтап жатады. Мысалы: 1 саны батылдар саны, қашанда тыныш жүріп асықпауға тырысады. 2 саны сенімсіздікті білдіреді, қорқақ болғанымен өз ісіне ұқыпты жандарға тән. 3 саны ашық, көңілді ортаны қалайтындар мен шымырлар саны.
4 саны жұмбақ сан. 5 саны тәуекелге бел буғыш, еркін жүріп-тұруды қалайтын, шытырман оқиғаны ұнататындар саны. 6 саны әйелге тән, өте сәтті сан, жан-жағын бағамдай алатын, мінезі салмақтыларға сәйкес. 7 саны әсершіл, арманшыл адамдарға сәйкес келеді, олармен жолда тіреспеген абзал. 8 саны басшылыққа ұмтылатындар саны.
Бұл санның иелері өзінің бар мүмкіндіктерін көрсетіп, жария еткісі келіп тұратындар. 9 саны қашан да көмекке ұмтылып тұратын, ешқашан жарты жолда тастамайтын, жақсы жолдас бола алатындарға тән сан. Бұл келтірілген сандар мен оларға қатысты болжамдардың барлығы өмірде кездесетін белгілі бір сәйкестіктер, нумерологтар мен жұлдызшылардың есебі нәтижесінде анықталған дүниелер.
Сан құдіретіне қатысты мына жайды да айта кетуге тура келеді. 13 жас бірінші мүшел, 25 жас екінші мүшел, 40 жасы кемел жас, - деп есептеледі. Ертегілерде «Қырық уәзір» айтылады, оның үстіне «Ханда қырық кісінің ақылы бар», «Қырық кісі бір жақ – қыңыр кісі бір жақ», «Қырқында – қыры кеткен» деген аталы сөздер бар.
Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрінген. Қасиетті сандар арқылы тәрбие берген салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалу.