Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының білім беруді ақпараттандыру мәселелері бойынша ресми құжаттары, философтардың, психологтардың, педагогтардың, әдіскерлердің зерттеу мәселесі бойынша жарық көрген еңбектері.
Зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша басылым көрген ғылыми және педагогикалық әдебиеттер мен оқу-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; ғылыми болжам жасау және жобалау, диагностикалық сипаттау; жалпы орта білім беру ұйымдарының тәжірибесін зерделеу; оқушылардың оқу іс-әрекетіне психологиялық-педагогикалық талдау жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
кәсіпке оқытуда электрондық оқыту құралын пайдаланудың теориялық тұрғыдан негізделді;
кәсіпке оқытуда электрондық оқыту құралын пайдаланудың педагогикалық, психологиялық мәселелеріне талдау жасалды;
кәсіпке оқытуда электрондық оқыту құралын пайдаланудың мүмкіндіктері жасалды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Зерттеу нәтижелерін жалпы орта және кәсіптік білім беретін ұйымдарының мұғалімдері мен әдіскерлердің оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру үшін сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда пайдалануға болады.
Зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезеңде (қазан- желтоқсан 2014ж.) – зерттеу мәселесі бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық әдебиеттер мен мерзімді басылымдарға және басшылыққа алатын құжаттарға библиография және талдау жасалып, зерттелу деңгейі қарастырылды. Жинақталған материалдар сұрыпталды.
Екінші кезеңде (қантар - наурыз 2015ж.) – ғылыми зерттеудің жоспары жасалды; «кәсіпке оқыту»,«коммуникативтік технологиялар», «ақпараттық технологиялар» ұғымдарының мәні ашылып, әдіснамалык негіздері анықталды.
Үшінші кезеңде (сәуір - мамыр 2015 ж.) – жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесін бір жүйеге келтіру, жинақтау мен қорытындылау, әдістемелік ұсыныстар жасалынды.
Диплом жұмысының құрылымы:
Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |