Кийкпаева Алтын, п.ғ.к.
Құмаржанова К.Ш
ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫНДА БОЛАШАҚ МАМАН ТҰЛҒАСЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к.
6М010300 - Педагогика және психология мамандығының ІІ курс магистранты
Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университеті, Семей қаласы.
altynkijkpaeva@mail.ru
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп,
халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру
жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін
арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін
дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен
ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген.
Білім берудегі тұлғаға - бағдарлаушылық көзқарас маман тұлғасының
шығармашылық дамуы мен тәрбиесін қамтамасыз ететін ең тиімді формаларының,
әдістерінің
және
тәсілдерінің
іздестіру
аспектісінде
орындалатын
оның
субъектілерінің тұлғалық қызметтерін дамыту мен толық көрініс беру үшін жағдайлар
жасаудан тұрады. Педагогты дайындау олармен алдағы педагогикалық жұмыстың субъект
іс-әрекеті барысында қалыптасатын тұлғалық - бағдарлаушылық мән - мағыналардың және
субъект іс-әрекетімен айқындалатын күрделі үрдісі ретінде қарастырылады.[1]
Жоғары оқу орындарында білім мазмұны арқылы болашақ мамандар тұлғасын
қалыптастыру - өзара әрекетте болатын факторлардың әсерін есепке ала тұра өзін - өзі тану
және өзін-өзі дамыту феномендерін анықтауға, сонымен бірге педагогикалық үрдіс
жағдайында олардың іске асудағы механизмдерін анықтауға мүмкіндік береді.
Педагогикалық теория мен тәжірибеде «білім мазмұны» ұғымы педагогтық білім
мен білікті, дағдыларды меңгертеді дегенді білдіретін, яғни, педагог оларды меңгеруге
ұсынатын, ал оқушы оларды есте сақтап, тәжирибеде қолдануға тиісті болатын.
Нәтижесінде адамның біліктілігі ақпараттық құзырлылық пен еңбек іс-әрекетінде
білімдерді пайдалану қабілеттілігі болып танылады. Бірақ білім мазмұны өз мәнінде
инкультурация (адамзат жинақтаған білімдерді меңгеру) мен әлеуметтенуді (қоғаммен
байланысты орнату) және өз бетінше өмір сүру мен еңбек іс-әрекетіне дайындығын
қамтиды. Осыдан адам танымы мен рефлексиясының, рухани өзіндік шығармашылығының,
кәсіби өзін-өзі жетілдірудің, жоғары мәдениетті жасау мен меңгеру тұрғысынан ұзақ
еңбегінде білімді болады.
Жоғары оқу орындарында білім мазмұны арқылы болашақ маман тұлғасын
қалыптастыру үшін, қайта ұғыну кеңістігінен шығу мен үздіксіз өзін-өзі өзгерту, өзіндік
шығармашылықта тұтастай тұлға ретінде өзін-өзі дамыту үшін бұрын меңгергенді
тереңінен ұғыну болып табылады. Осыған орай педагогикалық үрдісте өзбетінше әрекет
ететін, өзін-өзі дамытатын шығармашыл тұлғаны қалыптастыру мәселесі туындайды. В.П.
Зинченко білім берудің рөлін өз оқушыларына жаңа әлемді ашу деп түсіндіреді, сол
әлемдерде бағдарлай алуға үйрету деп айтады, сонымен қатар білім әлемін ашу мен
білімсіздік әлемін ажырату деп түсіндіреді. Осы әлемдерге бірінші қадамдарын жасауға
көмектесуді баланың көзін ашу керек деген пікірмен түсіндіреді ішке бағытталған өзін
ашуға, рухани және тұлғалық өсуге бағытты көрсетеді. Педагогтардың пікірінше, білім беру
парадигмасы жаңаруының дәуірінде тұлғаның өзін-өзі дамуы ішкі факторлармен
анықталуға тиіс. Қазіргі жағдайларда қоғамның маңызды міндеті - жаңа өзіндік сана мен
ойлауды қалыптастыру. Олар тек білімді алу білігін ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен
бірге жұмыс жасауға, өмір сүру білігін және өзгелермен бірге өмір сүруге үйрету болып
табылады. Осы төрт біліктер өз жиынтығында біздің менталитетіміздің өзгеруін
анықтайды: адам өз өмірін өзі құру керек, өз-өзінің авторы болуы тиіс. Педагогикалық
процесс барысындағы субъектілердің өзін-өзі дамытуы білім беру іс-әрекетінің
гуманизациялаудың маңызды факторы, шарты, тәсілі болады. Студенттердің өзін-өзі
дамытуы мен білім берудің гуманизациясының арасындағы өзара байланысты көру және
оны меңгеру үшін тұлғалық өзін-өзі дамуы үрдісінің методологиялық негіздерін қарастыру
маңызды. Өйткені, ол әр түрлі адамтану ғылымдарында түрлі түсіндіріледі.[2]
Осымен біз тұлғаны дамытудың жағдайларын түсіндіруде келесі қорытындыға
келдік: болашақ маман тұлғасының қарым-қатынасқа қабілеттілігін, педагогикалық және
психологиялық үрдісіне қатысушылардың арасындағы субъект-субъектілік қатынастарын
дамыту деп ұйғардық. Түсіністік пен қарым-қатынас мәселелерін педагогтар мен
психологтардың зертеулерінде «мен – концепциясы» шеңберінде зерттеленеді.
К.Роджерстің пікірінше, тұлғаны дамытудың негізгі бағыты - өзіне деген сенімді нығайту
мен өзін-өзі сыйлау қабілетін қалыптастырудың нәтижесінде субъект «идеалды Менге”
ұмтылады. Қазіргі тәжірибеде К. Роджерстің «тұлғалық өсу тобының» әдісі қолданылады.
Ондағы қарым-қатынас барысында адамдың адаммен қатынастарын құру үшін
қатысушылар бір бірінің алдында ашылып, өздерінің сезімдері туралы айтады, мәндік
мағыналарды іздейді, өмірлік таңдаудың еркіндігін алуға ұмтылады және ол үшін жауап
береді. Неғұрлым білікті және қабілетті болу үшін осының барлығы шектеулі рухани
потенциалды ашуға көмектеседі. Бұл өздігінен өз бетінше әрекеттенуді күшейтеді –
ұйымдастырылған байланысты гештальт үнемі қалыптасу барысында болатын және өзіне
деген көзқарасты анықтайды. Тұлғалық жетілуге теріс әсер ететіндер - өзгерістен
қорқыныш, қорғаныс механизмдері, өз ағзасына сенбеушілік, конформизм. Тұлғалық
жетілуді түсіндіруде А.Маслоудың зерттеулеріне сүйенеміз: өсу – яғни потенциалдықтан
қалмау деп түсінеміз. Немесе «тұлғалық өсу» деп А.Маслоудың қол жеткізген негізгі
қажеттіліктері негізінде «жоғары» қажеттіліктерді қанағаттандыруды айтамыз. А.Адлерде
тұлғаның ішкі күштерінің өзін-өзі дамыту процесі әлеуметтену мен тұтастылыққа жету
барысында атқарылады, мақсатқа бағытталған шығармашылық ұмтылысына байланысты.
Сондықтан да, шет елдің қазіргі психологиясының тұжырымдамасында
–
онтопсихологияның – «тұлғалық жетілу мен даму» негізгі ұғымдары болады және адамның
тұлғалық өсуіне кедергі болатындарды анықтаған. Осының негізінде келесі қорытынды
жасаймыз: педагогикалық процеске қатысушы әрбір субъектінің өзін-өзі дамытуы бойынша
өз іс-әрекетін талдауға көмектесетін технологияларды қолдану маңызды. Ол өзінің нағыз
тұлғалық ерекшеліктері мен әрекеттерін шынайы бағалай білуі тиіс және өз алдына мақсат
қоя білу керек. «Дамудың» толық анықтамасын біз В.И.Смирновтан алып, оны сандық және
сапалық ағзадағы, психикадағы, ақыл-ой және рухани адамның жүйесіндегі өзгерістердің
процесі деп түсінеміз. Олар сыртқы және ішкі, басқарылатын және басқарылмайтын
факторлардың тұқымқуалаушылық, орта мен тәрбиенің әсерімен анықталып, адам
дамуының үрдісі мен нәтижелері үш маңызды факторлардың бірлескен әрекеттестігімен
анықталады. Психологтардың зерттеулері адам дамуы барысында өзін-өзі дамыту екі
детерменизмдік мағынасына ие: ішкі және сыртқы, негізінен назар ішкі анықтаушыларға
аударылады – ішкі мүмкіндіктерді анықтау мен потенциалдық жағдайларды ашу. К.А.
Абульханова-Славскаяның пікірінше, адамның дамуы – бұл белсенді өзін-өзі басқаратын,
«ішкі жылжуға» тәуелді үрдісі (спонтанды ерексіз кез келген жүйенің өзгеруінің, оған
сыртқы жағдайлар мен өзгерістегі орта ықпал етеді). Осыдан, «даму» категориясы мен
«өзін-өзі дамыту» категориясы философиялық, психологиялық және педагогикалық
зерттеулерде бір-бірімен байланысты, өйткені жалпы дамудың өзін-өзі дамыту мәселесі
осы салалардағы өзін-өзі жетілдірудің негізінде пайда болван. [3]
Осы ерекшеліктер бірдей мөлшерде жоғары оқу орындарының кәсіби тәрбиесін
сипаттай отырып, оқытушының қабілеттілігі тәрбие қызметтерін іске асыруға осы
тұрғысынан оның сапалы өзін-өзі өзгертуге бағыттаушылығы анықталады, студенттермен
әрекеттестігі барысындағы трансформациялану, оның педагогикалық қолдаудың
позициясының болашақ маман өздігінен қалыптасуына өтеді, әрекеттестіктің бірегей
құндылықтылық - мағыналық кеңістігінің барысында оқытушының өзі іс-әрекеттің
субъектісі болып, студентпен кәсіби әрекеттесуі барысында өзінің кәсіби-педагогикалық
көзқарасын іске асырады, үнемі өзін-өзі дамытуға мүмкіндігін жасайды.
Болашақ маман – жеке дамушы тұлға. Болашақ мамандарға білім беруде олардың тұлғалық
қалыптасуы мен психикалық, танымдық iс-әрекетiнiң дамуын ұйымдастырып отыру қажет.
Себебi, білім беру тұлға қалыптастыруда тиімді нәтижелер беруі үшін оқу iс-
әрекетi белгiлi бiр дәрежеде студенттiң психикалық үрдiстерiнiң жетiлуiн қамтамасыз
ететіндей деңгейде ұйымдастырылуы тиіс.
Сонымен, болашақ мамандардың оқу іс-әрекеті оны жоғары кәсіпкер етуге
дайындаса, оқытушының білім беру әрекеті студенттің маманға айналуына қажетті тиімді
жолдарды іздестіруімен сипатталады. Мұнда студент үшін маңызды болашақ мамандық іс-
әрекетінің пайда болуы мен дамуы оның тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға және
дамуына тікелей байланысты екендігін ұмытпау керек.