Салмағы 150Н, ауданы 3м2 кілем еденге қандай қысым түсіреді.
Адам суда 9м тереңдікке дейін жүзіп бара алады. Осы тереңдікте адамға әрекет ететін судың қысымын есепте. (ρ=1000кг/м3)
Биіктігі 0,6м керосин қабаты ыдыс түбіне қандай қысым түсіреді? (ρ=800кг/м3)
Бетке 3000 Н күш түсіріп 2 Па қысым алсақ, ауданы қандай болған?
Массасы 480кг гранит плитасы, ұзындығы 1,2м ені 0,8м болатын жағымен жатыр. Плитаның жерге түсіретін қысымын анықта.
Мрамордан жасалған бағанның көлемі 6 м3, баған табанының ауданы 1,5м2 болса, топыраққа қандай қысым түсіреді?
Гидравликалық престің кіші поршенінің ауданы 15см2, оған 215Н күш әрекет етеді. Үлкен поршенінің ауданы 180см2, үлкен поршеньге қандай күш әсер етеді?
Гидравликалық престің кіші поршенінің ауданы 10см2. Оған әсер ететін күш 200Н үлкен поршеннің ауданы 200см2. Үлкен поршенге қандай күш әсер етеді?
Гидравликалық престің кіші поршені 600 Нкүштің әсерінен 20см төмен түсті. Бұл жағдайда үлкен поршень 6см-ге көтеріледі. Үлкен поршеньге қандай күш әсер етеді?