Үкіметі қаулысының жобасына ТҮсіндірме жазба



Дата28.01.2018
өлшемі52,53 Kb.
#35383
«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы мемлекеттердің көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ақпараттық өзара іс-қимыл туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының

Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА


Р/с№

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік

органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

2.

Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдаудың негіздемесі және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемесі

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңы 15-бабының 2) тармақшасына сәйкес

3.

Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Осы жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаражат бөлуді көздемейді


4.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумақтары арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздерінің учаскелерін тиімді пайдалану, көліктік қауіпсіздік және дамыту үшін қолайлы жағдай жасау

5.

Нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімі

Көліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы нормативтік-құқықтық реттеу мен мемлекеттік саясатты әзірлеу тәсілдерін үйлестіру және осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің аумақтары арқылы халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру кезінде көліктік инфрақұрылым бъектілерінде және көлік құралдарында заңсыз араласу актілерін жасау туралы және қауіп тудыру туралы хабарлау

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің көліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ақпараттық өзара іс-қимыл жасауы туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 мамырдағы
№ 536 қаулысы

7.

Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы

Талап етілмейді

8.

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)

Жоқ

9.

Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

Сәйкес


10.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргiзiлген жағдайда, оның нәтижелері

  • «Заңнама институты» ММ-нің 2014 жылғы
    25 сәуірдегі № 18-05/714 қорытындысы

11.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаларды және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі

Рұқсат етіледі

12.

Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)

Жоба Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында 2017 жылғы «___»________ және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2017 жылғы «____»________орналастырылған, жалпы көлемі ___КБ (қазақша), ___КБ (орысша)

13.

Тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулының жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады 

Талап етілмейді

14.

Халықаралық шартты ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат

Ратификациялауға жатпайды



Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек

2017 жылғы «___» ___________

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет