«Кинематика негіздері. Механикалық қозғалыс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Дата16.05.2022
өлшемі33,73 Kb.
#143427
Байланысты:
Назым Қалдыбаева
10 сұрақ жауабы, 10 сұрақ жауабы, 10 сұрақ жауабы, 10 сұрақ жауабы, Амангелді Иманов информация, магнит, Қанатова А акушерия, АНКЕТА ИДН колледжи 2 казакша, Лекция 2.1

«Кинематика негіздері. Механикалық қозғалыс»

бөлімі бойынша жиынтық бағалау





Оқу мақсаттары

7.2.1.4 - қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығын есептеу


7.2.1.5 - s -тің t-ға тәуелділік графигін тұрғызуда координата осьтерінде және кестелерде өлшем бірліктерін дұрыс белгілеу
7.2.1.7 - бірқалыпты қозғалған дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен жылдамдығын анықтау













Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Бірқалыпты қозғалыстағы дененің жылдамдығын есептейді.

  • Қозғалыстағы дененің орташа жылдамдығын есептейді.

  • Бірқалыпты түзусызықты қозғалыстың графигін тұрғызады.




Ойлау дағдыларының
деңгейлері

Қолдану






Орындау уақыты

20 минут




Тапсырма.

  1. Велосипедші бірқалыпты қозғалып, 40 минут ішінде 800м жол жүредi. Велосипедшінің жылдамдығын есепте.

  2. Автокөлік алғашқы 1,5 сағ ішінде 25 м/с жылдамдықпен, одан кейiн 20мин. iшiнде 10м/с жылдамдықпен козғалады. Орташа жылдамдықты есепте.

  3. Мына жағдайлар үшін бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графиктерін сызыңдар.

t,c

0

1

2

3

x,м

0

5

10

15


t,c

0

1

2

3

x,м

2

7

12

17







Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Бірқалыпты қозғалыстағы велосипедшінің жылдамдығын есептейді.

1

минутты сағатқа айналдырады

1

метрді километрге айналдырады

1

1

қозғалыстағы дененің жылдамдығын есептейді

1

жылдамдықтың формуласын қолданады

1

Автокөліктің орташа жылдамдығын есептейді



2

жылдамдық өлшем бірлігін ХБЖ-не келтіреді

1

минутты сағатқа айналдырады

1

орташа жылдамдықтың формуласын қолданады

1

Кесте бойынша бірқалыпты түзусызықты қозғалыстың графигін тұрғызады.

3

кестеде берілген сандарға сәйкес нүктелерді белгілейді.

1

сәйкес нүктелерді қосу арқылы график тұрғызады.

1

қорытынды жасайды

1

Жалпы балл

10



«Кинематика негіздері. Механикалық қозғалыс» бөлімі бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика


Білім алушының аты-жөні ___________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігінің деңгейі

Төмен

Орташа

Жоғары

Бірқалыпты қозғалыстағы дененің жылдамдығын есептейді.

Бірқалыпты қозғалыстағы дененің жылдамдығын есептеу қиындық туғызады

Бірқалыпты қозғалыстағы дененің жылдамдығын есептеу кезінде қателіктер жібереді



Бірқалыпты қозғалыстағы дененің жылдамдығын анықтайды

Қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығын есептейді.



Қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығын қиындық туғызады

Жылдамдықтың өлшем бірлігін ХБЖ-не келтіру кезінде қателіктер жібереді



Қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығын анықтайды.



Кесте бойынша бірқалыпты түзусызықты қозғалыстың графигін тұрғызады.

Кесте бойынша бірқалыпты түзусызықты қозғалыстың графигін тұрғызу қиындық туғызады



Кесте бойынша бірқалыпты түзусызықты қозғалыстың графигін тұрғызу қателіктер жібереді

Кесте бойынша бірқалыпты түзусызықты қозғалыстың графигін тұрғыза алады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет