Кинематика



бет5/5
Дата03.02.2022
өлшемі1,28 Mb.
#130622
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тексерілген окончат есептер (3)
Абай, венн диаграмма (1), 2 5294359924686458311
Тербелістер

  1. 3с ішінде маятник 6 тербеліс жасайды. Тербеліс периоды (Ж:0,5 с)

  2. Этил спиртіндегі толқынның жиілігі 20 кГц, ал жылдамдығы 1177 м/с болса, оның толқын ұзындығы (Ж:5,9 см.)

  3. Толқын көзі 4 мин уақытта 15 м/с жылдамдықпен 1200 тербеліс жасайды. Толқын ұзындығы (Ж:3 м).

  4. Егер моторлы қайық, ұзындығы 3 м толқынға қарсы қозғалғанда, оның корпусына толқын 1 сек–та 6 рет, ал егер толқынның таралуына бағыттас қозғалса, онда толқын қайық корпусына 4 рет соғылады.Толқынның таралу жылдамдығы

(Ж:3 м/с).

  1. Егер қайық, ұзындығы 4 м толқынға қарсы қозғалғанда, оның корпусына толқын 1 сек–та 3 рет, ал егер толқынның таралуына бағыттас қозғалса, онда толқын қайық корпусына 2 рет соғылады. Қайықтың таралу жылдамдығы (Ж:10 м/с).

  2. Жиілігі 200 Гц дыбыс толқынының ауадағы ұзындығы (ауадағы дыбыс жылдамдығы; ) (Ж:1,7 м).

  3. Ұзындығы 5 м дыбыс толқынының ауадағы жиілігі (ауадағы дыбыс жылдамдығы; ) (Ж:68 Гц).

  4. Дыбыстың ауадан суға өткендегі, дыбыстың толқын ұзындығы (ауадағы дыбыс жылдамдығы; ; судағы дыбыс жылдамдығы ) (Ж:4,36 есе кемиді).

  5. Судың ішіндегі адам, су бетінен 14,72 м биіктікте орналасқан дыбыс көзінен шыққан дыбысты 50 мс өткен соң естиді. Адамның суда орналасқан тереңдігі(ауадағы дыбыс жылдамдығы; ; судағы дыбыс жылдамдығы ) (Ж: 10 м).

  6. Су ішіндегі адам мен су бетінен жоғары орналасқан дыбыс көзінің арақашықтығы 9,35 м. Дыбыс адамға суға қарағанда ауда 5 есе ұзақ жетеді. Дыбыс көзінің орналасқан биіктігі (ауадағы дыбыс жылдамдығы; ; судағы дыбыс жылдамдығы ) (Ж: 5 м).

  7. Су ішіндегі адам мен су бетінен жоғары орналасқан дыбыс көзінің арақашықтығы 7,8 м. Дыбыс адамға суға қарағанда ауда 7 есе ұзақ жетеді. Суда адамның орналасқан тереңдігі (ауадағы дыбыс жылдамдығы; ; судағы дыбыс жылдамдығы ) (Ж: 3 м).

  8. Вакуумде жиілігі 2 МГц электромагнитті толқын, біртекті ортада км/с жылдамдықпен тарайды. Біртекті ортада тарайтын толқын ұзындығы (Ж:120 м).

  9. Біртекті ортада км/с жылдамдықпен тарайтын толқын ұзындығы 40 м. Толқынның вакуумдегі жиілігі (Ж:500 м).

  10. Біртекті ортада км/с жылдамдықпен тарайтын электромагниттік толқын ұзындығы 280 cм. Толқынның вакуумдегі ұзындығы ( м/с) (Ж:400 м.)

  11. Қатаңдығы 250Н/м серіппеге ілінген массасы 400г жүктің тербеліс амплитудасы 15см. Дененің ең үлкен жылдамдығы (Ж:3,75м/с)

  12. Серіппеге ілінген жүктің вертикаль бойынша орын ауыстыруы 30см, тербеліс периоды 1с болса, ең үлкен үдеуінің мәні (Ж:≈12м/с2)

  13. 10Гц жиілікпен тербелетін материалық нүкте тепе-теңдік қалыптан 6,28м/с жылдамдықпен өтеді. Материалық нүктенің ең үлкен үдеуі (Ж: ≈394м/с2)

  14. Қатаңдығы 0,5кН/м серіппеде тербеліп тұрған жүктің тербеліс амплитудасы 6см, ең үлкен жылдамдығы 3м/с-қа тең болса, оның массасы (Ж: 200г)

  15. Серіппеге ілінген массасы 200г дененің тербеліс периоды 0,25с болса, серіппе қатаңдығы (Ж: 126Н/м)

  16. Қатаңдығы 250Н/м серіппеге ілінген жүк 4с-та 5 тербеліс жасаса, жүк массасы (Ж: 4кг)

  17. Автомобиль рессорының қатаңдығы 2кН/м. Осы рессорға құлаған массасы 500кг жүктің тербеліс периоды (Ж: ≈ 3с)

  18. Қатаңдығы k серіппені ортасынан екіге бөлсе, бір бөлігінің қатаңдығы (Ж: 2 есе артады)

  19. Қатаңдығы k серіппені ортасынан екіге бөліп, оларды параллель жалғаса қатаңдығы (Ж: 4 есе артады)

  20. Радиустары бірдей мыс және темір шарларды бірдей серіппелерге ілсе, тербеліс периодтарының қатынасы (ρмыс=8900кг/м3; ρтемір=7900кг/м3) (Ж: )

  21. Массасы 20г материалық нүкте x=0.05sin4πt заңымен тербеледі. Нүктеге әсер ететін ең үлкен күш (Ж: ≈0,16Н)

  22. Серіппеде тербеліп тұрған массасы 100г денеге қосымша жүк ілгенде тербеліс жиілігі 2 есе азайса, қосымша жүктің массасы (Ж: 300г)

  23. Егер серіппенің 3/4 -ін қиып алып, қалған бөлігіне жүкті қайта ілсек, жүктің тербеліс периоды (Ж: 2 есе кемиді)

  24. Қатаңдығы 1Н/м серіппеге ілінген жүктің толық энергиясы 0,1 Дж болса, тербеліс амплитудасы (Ж:0,45м)

  25. Математикалық маятниктің толық механикалық энергиясы 25Дж. Кинетикалық энергиясы 10Дж болған мезетте оның потенциалдық энергиясы ( Ж:15Дж)

  26. Қатаңдығы 300Н/м серіппеге ілінген жүктің амплитудасы 2см. Ал ең үлкен жылдамдығы 2м/с болса, дене массасы (Ж:30г)

  27. Қатаңдығы 400Н/м серіппеге ілінген жүктің массасы 640г дене тепе-теңдік қалыптан 1м/с жылдамдықпен өтсе, тербеліс амплитудасы (Ж:4см)

  28. Серіппеге ілінген массасы 100г жүктің ең үлкен ауытқуы 1см, ал ең үлкен жылдамдығы 0,1м/с болса, серіппе қатаңдығы (Ж: 10Н/м)

  29. Серіппеге 2Н күш әсер етсе серіппе 1см-ге созылады. Осы серіппеге 2г жүк ілсе, жүктің тербеліс периоды (Ж: 0,628с)

  30. Ұзындықтарының айырмасы 32см екі математикалық маятниктің бірдей уақытта біреуі 50 тербеліс, ал екіншісі 30 тербеліс жасаса, маятниктердің ұзындықтары (Ж: 18см; 50см)

  31. Бір мезгілде тербеліс бастаған екі маятниктің біреуі 15 тербеліс жасағанда, екіншісі 10 тербеліс жасаса, маятниктер ұзындықтарының қатынасы (Ж: 4/9)

  32. Таралу жылдамдығы 5000м/с толқын жиілігі 100Гц. Қарама-қарсы фазада тербеліп тұрған ең жақын екі нүктенің арақашықтығы(Ж: 25м)

  33. Таралу жылдамдығы 5000м/с толқын жиілігі 100Гц. Бірдей фазада тербеліп тұрған ең жақын екі нүктенің арақашықтығы(Ж: 50м)

  34. Серпімді ортада толқын 100м/с жылдамдықпен тарайды. Фазалары қарама-қарсы ең жақын екі нүктенің арақашықтығы 1м болса,тербеліс жиілігі(Ж: 50Гц)

  35. Серпімді ортада толқын 100м/с жылдамдықпен тарайды. Фазалары бірдей ең жақын екі нүктенің арақашықтығы 1м болса, тербеліс жиілігі(Ж: 100Гц)

  36. Толқын ұзындығы 1м толқынның екі нүктесінің арақашықтығы 2м болса, осы нүктелердің фаза айырмасы (Ж:4π)

  37. Тербеліс периоды 0,05с, жылдамдығы 50м/с толқынның таралу бағытындағы екі нүктенің арақашықтығы 0,5м болса, осы нүктелердің фаза айырмасы(Ж:0,4π)

  38. Теңіз жағасында тұрған адам көршілес екі толқын жалының арақашықтығы 12м екендігін және 75 секунд ішінде жанынан 16 толқын жалы өткенін санады. Толқынның таралу жылдамдығы(Ж:2,5м)

  39. Судағы дыбыс жылдамдығы 1450м/с, ал жиілігі 725 Гц. Қарама қарсы фазаларда тербелетін ең жақын екі нүктенің арақашықтығы(Ж:1м)

  40. Жиілігі 450Гц, жылдамдығы 360м/с толқынның таралу бағытындығы бір-бірінен 20см-ге қалатын екі нүктесінің фаза айырмасы(Ж:0,5π)

  41. Бақылаушы найзағай жарқылынан 9с өткен соң дауысын естиді. Газ разрядының бақылушыдан қашықтығы (υд=340м/с) (Ж: 3км)

  42. Дыбыс шағылдыратын бөгетке дейінгі қашықтық 102м. Адам құлағына жаңғырық естілетін уақыты. (υд=340м/с) (Ж:0,6с)

  43. Эхолот жауап сигналын 1,6с өткенен кейін қабылдаса, судағы дыбыс жылдамдығы 1,5км/с болғандағы теңіз тереңдігі (Ж:1,2км)

  44. Электромагниттік толқынның вакуумдегі ұзындығы 60 м, ал біртекті ортада - 40 м. Электромагниттік толқынның біртекті ортада тарайтын жылдамдығы

( м/с) (Ж: м/с).

  1. Радиолокатардан жіберілген сигнал 0,0002 с кейін қайтадан оралады. Бақылаушы адамға дейінгі ара қашықтық (с = 3·108 м/с) (Ж:30 км.)

  2. Радиолокатор секундына 4000 импульс жібереді. Локатордың әсер ету қашықтығы (с = 3·108 м/с) (Ж:37,5 км).

  3. Радиолокациялық станциядан жіберілген импульс ұзақтығы 1 мкс. Локатордың нысананы барлау қашықтығы (с = 3·108 м/с) (Ж:150 м).

  4. 1 с уақытта 30 км қашықтықтағы нысанаға дөп түсу үшін радиолокатордың жіберетін импульстер саны (с = 3·108 м/с) (Ж:5000).

  5. Радиолокация станциясынан жіберілген импульс ұзақтығы 0,5 мкс.Импульс қуаты 90 кВт болса, онда бір импульстің энергиясының мәні (Ж:45 мДж).

  6. Үздіксіз режимде жұмыс істейтін гелий-неон газ лазеры қуатын 40 мВт-қа жеткізіп, толқын ұзындығы 630нм монохраматты жарық саулесін береді.Лазер 1 с ішінде шығаратын фотон саны (h = 6,63·10-34 Дж·с; с = 3·108 м/с) (Ж:1,3∙1017).

  7. 1500 кГц жиілікпен жұмыс жасайтын радиостанция генераторы контурының сыйымдылығы 400 пФ. Контур индуктивтілігі (с = 3·108 м/с) (Ж:28 мкГн).

  8. Радиостанция генераторы контурының сыйымдылығы 0,2 нФ, индуктивтілігі 8 мкТл. Станциядан шығарылған толқын ұзындығы (с = 3·108 м/с) (Ж:75,4 м).

  9. Радист ұзындығы 20 м толқынды хабарлама жібереді. Жіберуші құрылғы контурының сыйымдылығы 4 пФ. Контура индуктивтілігі (с = 3·108 м/с) (Ж: Гн).

  10. Радиостанция ұзындығы 40 м болатын толқын шығарады. Станция генературының тербелмелі контурының индуктивтілігі 100 мкГн болса, оның сыйымдылығы (с = 3·108 м/с) (Ж:4,4 пФ.)

  11. Радиоқабылдағыш контуры 1 мс уақытта тогын 400 мА-ге өзгерткенде 0,8 ЭҚК-ін тудыратын катушкадан және сыйымдылығы 2,45 пФ конденсатордан тұрады. Радиоқабылдағыш шығаратын толқын ұзындығы (с = 3·108 м/с) (Ж:131,88 м).

  12. Радиостанция 2 МГц жиілікпен жұмыс жасайды. Станция шығара алатын толқын ұзындығы (с = 3·108 м/с) (Ж:150 м).

  13. Радиостанция ұзындығы 400 м толқын шығарады. Станцияның жұмыс жасау жиілігі (с = 3·108 м/с) (Ж:0,75 МГц.)

  14. Қабылдағыш контурының катушкасындағы энергиясы W, конденсатор кернеуі U. Катушка индуктивтілігі L болса, қабылдағыштың шығаратын толқын ұзындығы анықтайтын формула (Ж: .)

  15. Қабылдағыш контурының конденсатор энергиясы W, катушкасы арқылы өтетін ток I. Конденсатор сыйымдылығы C, болса, онда қабылдағыш жиілігін ( ) анықтайтын формула (Ж: )

  16. Актив кедергісі бар тізбек бөлігі арқылы өтетін зарядтың өзгеру заңдылығы: Актив кедергісі бар тізбек бөлігі арқылы өтетін ток күшінің әсерлік мәні (Ж:0,2 A.)

  17. Тербелмелі контур резонанстық жиілікті конденсатордан және индуктивтілігі L катушкадан тұрады. Резонанс кезіндегі сыйымдылық кедергісі Xc болса. Катушка индуктивтілігін анықтайтын формула (Ж: )

  18. Катушка 2 кГц жиілікте 157 Ом индуктивтілік кедергіге ие болады. Катушка индуктивтілігі (Ж:12,5 мГн).

  19. Контур конденсаторы 0,0785 с периодты тербелісте 2 кОм сыйымдылық кедергіге ие болады. Конденсатор сыйымдылығы (Ж:6,25 мкФ).

  20. Индуктивтілігі 10мГн катушкадан сыйымдылығы 1мкФ конденсатордан тұратын тербелмелі контурдың конденсаторын 200В-қа дейін зарядтағанда контурда пайда болатын ең үлкен ток күші (Ж: 2А)

  21. Тербелмелі контурдағы еркін тербелетін зарядтың ең үлкен мәні 1мкКл, ал ең үлкен ток күші 10А. Контурдағы тербеліс жиілігі (Ж: 1,6МГц)

  22. Конденсатор сыйымдылығы 10пФ тербелмелі контурдағы кернеудің әсерлік мәні 100В болса, тербелмелі контурдың толық энергиясы (Ж: ≈0,1мкДж)

  23. Сыйымдылығы 0,01мкФ конденсатор 0,1 мКл-ға дейін зарядталғаннан кейін тебелмелі контурда өшетін еркін тербелістер болады. Тербеліс тоқтағанда бөлінетін жылу (Ж: 0,5Дж)

  24. Индуктивтілігі L катушкадан сыйымдылығы С конденсатордан тұратын тербелмелі контурдағы кернеудің ең үлкен мәні Um болса, контурдағы ең үлкен ток күші. (Ж: )

  25. Индуктивтілігі 0,2 Гн-ге шарғы орамасы бойымен 50 А ток өтеді. Шарғының магнит өрісінің энергиясы (Ж:250Дж).

  26. Индуктивтілігі 0,2Гн катушкадан және сыйымдылығы 10мкФ кондансатордан тұратын тербелмелі контур конденсатор кернеуі 1В болғанда ток күші 10мА болса, ток күшінің ең үлкен мәні (Ж: 12мА)

  27. Индуктивтілігі 0,2Гн катушкадан және сыйымдылығы 10мкФ кондансатордан тұратын тербелмелі контур конденсаторы 2В-қа дейін зарядталса, электр өрісі және магнит өрісі энергиялары өзара тең болған мезеттегі ток күшінің мәні (Ж: 10мА)

  28. Индуктивтілігі 0,1Гн катушкадан және сыйымдылығы 10мкФ конденсатордан тұратын тербелмелі контур конденсаторындағы кернеу 30В болған мезетте контурдағы ток күші 0,4А. Контурдағы ток күшінің ең үлкен мәні (Ж: 0,5А)

  29. Индуктивтілігі 10мГн катушкадан және сыйымдылығы 400пФ кондансатордан тұратын тербелмелі контурдағы ток күшінің ең үлкен мәні 0,1А болса, конденсатордағы ең үлкен кернеу мәні (Ж: 500В)

  30. Электромагниттік толқын ағынының тығыздығының j электромагниттік өріс энергиясының тербеліс жиілігіне ω тәуелділігі (Ж: ω4)

  31. Магнит өрісі энергиясының тығыздығының теңдеуі (Ж: В2/2μ0μ)

  32. Индуктивтілігі 0,25мкГн катушкадан және әрқайсысының сыйымдылығы 50нФ параллель жалғанған екі конденсатордан тұратын тербелмелі контурдың периоды (Ж: 1мкс)

  33. Тербелмелі контурдағы катушканың индуктивтілігін 2есе, конденсатор сыйымдылығын 4есе арттырсақ тербелмелі контур периоды (Ж: есе артады)

  34. Тербелмелі контурдағы конденсаторды тізбектей жалғанған дәл сондай 2 конденсатормен алмастырсақ тербелмелі контур периоды (Ж: кемиді)

  35. Тербелмелі контурдағы ең үлкен заряд шамасы qm, ал ток күшінің ең үлкен шамасы Im болса, тербелмелі контур периоды (Ж: 2πqm/Im)

  36. Конденсаторының сыйымдылығы 2,5мкФ тербелмелі контурдың периоды 1мс болса, катушканың индуктивтілігі (Ж: 10мГн)

  37. Айнымалы ток тізбегінде ток күші мына i=8,5sin(314πt+φ0) заңдылық бойынша өзгереді. Осы тізбекке қосылған амперметр көрсеткіші (Ж: 6А)

  38. Индукциясы ЭҚК-нің лездік мәні e=100sin800πt заңы бойынша өзгереді. Айнымалы ток периоды (Ж: 2,5мс)

  39. Индуктивтілігі 0,2Гн катушка арқылы өтетін жиілігі 100Гц айнымалы ток күшінің әсерлік мәні 1,01А. Индуктивтік катушкадағы кернеудің ең үлкен мәні (Ж: ≈179В)

  40. Трансформация коэффициенті 10 төмендеткіш трансформатордың бірінші орамы 220В желіге қосылған, ал екінші орамының кедергісі 2Ом болғанда ток күші 3А болса, екінші орам ұштардыға кернеу (Ж: 16В)

  41. Тұрақты магнит өрісінде айналатын рамада өндірілетін индукциясы ЭҚК-нің максимум мәні 20В. ЭҚК-нің бастапқы мәні 0 деп алып, периодтың 1/12 бөлігіндегі ЭҚК-нің лездік мәнін анықта (Ж: 10В)

  42. Айнымалы ток тізбегіне кедергісі 4Ом индуктивтік катушка кедергісі 1Ом конденсатор және актив кедергі тізбектей жалғанған. Егер тізбектің толық кедергісі 5Ом болса, тізбек ұштарындағы кернеу мен ток күшінің фаза айырмасы( Ж: arccos 0.8)

  43. Жиілігі 50Гц айнымалы ток тізбегіне кедергісі 2Ом актив кедергі, сыйымдылығы 3мкФ конденсатор және индуктивтік катушка тізбектей жалғанған. Осы тізбекте резонанс болған кездегі индуктивтік кедергі ( Ж: 1000Ом)

  44. Айнымалы ток тізбегіне жалғанған сыйымдылығы 1мкФ конденсатордың кедергісі 16Ом болса, айнымалы ток жиілігі (Ж: 10кГц)

  45. Сыйымдылығы 1мкФ конденсаторды айнымалы ток тізбегіне жалғағанда кедергісі 16Ом болса, айнымалы ток периоды (Ж: 0,1мс)

  46. Сәуленің шағылу бұрышы β=540-қа тең болса, онда жазық айнамен түскен сәуле арасындағы бұрыш (Ж: 360)

  47. Абсолют қара дененің сәуле шығаруының қуаттылығы 17,3Вт-қа тең. Осы дененің бет ауданын 3,05см2-ге тең деп алсақ, онда σ=5,67∙10-8Вт/м2∙К4 кезіндегі температураның мәні (Ж: 1000К)

  48. Ең жақсы көру қашықтығы 25см-ге тең қалыпты көз үшін фокус аралығы 4см-ге тең лупаның беретін үлкейтуі (Ж: 6,25 есе)

  49. Ең жақсы көру қашықтығы 18см-ге тең жақыннан көргіш көз үшін фокус аралығы 3см-ге тең лупаның беретін үлкейтуі (Ж: 6 есе)

  50. Рентген түтікшесі 50кВ кернеумен жұмыс істейді. Сәуле шығарудың минимал толқын ұзындығы (с=3∙108 м/с; h=6,63∙10-34Дж∙с; е=1,6∙10-19 Кл) (Ж: 0,025нм)

  51. Қызыл түсті сәуле толқын ұзындығы 0,7∙10-6м үшін фотон массасы (с=3∙108 м/с; h=6,63∙10-34Дж∙с) (Ж: ≈3,16∙10-36кг)

  52. Катодқа түсіп фотоэффект тұғызатын сәуленің толқын ұзындығы 2 есе кемісе, онда тежеуіш потенциалдар айырмасы (Ж:2есе артады)

  53. Фотоэффект басталатын жиілік 6∙1014Гц. Тежеуіш потенциалдар айырмасы 3В болса, тежелетін электрондарды жұлып шығаратын жарықтың жиілігі (h=6,63∙10-34Дж∙с; е=1,6∙10-19Кл) ( Ж: ≈13,3∙1014 Гц)

  54. Кейбір металл үшін фотоэффектінің қызыл шекарасы 27∙10-7м. Толқын ұзындығы 1,8∙10-7м сәуле шығару арқылы осы металдан ыршып шығатын электронның максимал кинетикалық энергиясы (с=3∙108 м/с; h=6,63∙10-34Дж∙с) (Ж: 10,3∙10-19Дж)

  55. Фотоэффектінің күміс үшін қызыл шекарасы 0,29мкм. Электрондардың күмістен шығу жұмысы (с=3∙108 м/с; h=6,63∙10-34Дж∙с) (Ж: 6,86∙10-19Дж)

  56. Рубинді лазер бір импульс кезінде толқын ұзындығы 6,6∙10-7м болатын 3,5∙1019фотон шығарады.Импульс ұзақтығы 10-3с, лазердің сәуле шығаруының орташа қуаты (с=3∙108 м/с; h=6,63∙10-34Дж∙с) (Ж: 10кВт)

  57. Энергиясы гелий атомының 1000С температурадағы орташа кинетикалық энергиясына тең кванттың толқын ұзындығы (с=3∙108 м/с; h=6,63∙10-34Дж∙с;k=1,38∙10-23Дж/К) (Ж: 2,6∙10-5м)

  58. Толқын ұзындығы 10-10м рентген сәуле шығаруына сәйкес келетін фотон массасы мен энергиясы (Ж:19,89∙10-16 Дж;2,21∙10-32кг)

  59. Егер 5 А-ге тең ток күші кезінде магнит өрісінің энергиясы 1,5 Дж тең болса, онда шарғының индуктивтілігі (Ж:0,12Гн.)

  60. Егер магнит өрісінің энергиясы 6 Дж, ал шарғының индуктивтілігі 0,3 Гн-ге тең болса, онда оның орамасындағы ток күші (Ж:6,3А)

  61. Массасы 1кг суды 50К қыздырғанда оның массасының өзгерісі (с=3∙108 м/с; ссу=4200ДЖ\кг∙С0) (Ж:≈2,3∙10-12кг)

  62. Жиілігі 1015Гц жарық түсіргенде, литийден шыққан электрондардың максимал кинетикалық энергиясы (Ашығу =0,38∙10-18Дж;1эВ=1,6∙10-19Дж; h=6,63∙10-34Дж∙с) (Ж: 1,77эВ)

  63. Егер уран ядросы бөлінгенде 200МэВ энергия шығатын болса, 1кг уранда бар ядролар толық ыдырағанда бөлінетін энергия (М(U)=235∙10-3кг/моль; NА=6,02∙1023моль-1; 1эВ=1,6∙10-19Дж) (Ж:≈8,3∙1013Дж)

  64. Тізбекті реакция бірқалыпты жүру үшін нейтрондардың көбею коэффициентінің шамасы (Ж: к=1)

  65. Антипротонның заряды (Жауабы: -1,6∙10-19Кл ; теріс)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет